24 июля 2020 | 16:23

"Үшінші және төртіншісі болады" - ғалымдар коронавирус толқыны туралы

© РИА Новости

Таяуда әлеуметтік желіде, мессенджерлерде Қазақстанда коронавирустың үшінші толқыны болатыны, ол балалар арасында қатты тарайтыны туралы ақпарат шықты. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа бірден түсініктеме беріп, желіде тараған мәлімет шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Алайда бүгінде көптеген елде коронавирустың екінші толқыны болып жатқаны белгілі. Желіде әлі үшінші толқын болуы мүмкін деген ақпар бар. Ғалымдар COVID-19-дың үшінші толқыны туралы не ойлайды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда әлеуметтік желіде, мессенджерлерде Қазақстанда коронавирустың үшінші толқыны болатыны, ол балалар арасында қатты тарайтыны туралы ақпарат шықты. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа бірден түсініктеме беріп, желіде тараған мәлімет шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Алайда бүгінде көптеген елде коронавирустың екінші толқыны болып жатқаны белгілі. Желіде әлі үшінші толқын болуы мүмкін деген ақпар бар. Ғалымдар COVID-19-дың үшінші толқыны туралы не ойлайды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Қазақстандағы үшінші толқын

Реклама
Реклама

4 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус пандемиясының екінші толқыны мамырда басталып кеткенін айтты. Ал кеше белгісіз әйел тамызда коронавирустың үшінші толқыны басталатынын, ол балаларға қауіпті екенін айтып, әлеуметтік желіде халық дүрлікті.

"Алматы және Алматы облысында балалар арасында өкпе ауруының дерегі көбейіп кетті. Дәрігерлер мұны коронавирустың үшінші толқынымен байланыстырып отыр. Сондықтан барлық жас анаға ескерткім келеді, балаларыңызды қорғаңыздар. Оларға балмұздақ және суық су бермеңіздер. Суық жерге бармаңыздар. Мен сіздерге ескертемін!

Балалардың өкпесі ауырады, іші өтеді. Оңтүстікте көптеген бала өліп жатыр. Вирус ауада жүр. Сондықтан ауылдастар, іштің ауырғанын басатын дәрі мен антибиотик сатып алыңыздар", - деді аудиожазбадағы әйел.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді. Ведомство мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Енді мәліметті кім таратқанын анықтау үшін ақпарат Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, ішкі істер органына жіберіледі. Жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы бойынша жауапқа тартылады.

© РИА Новости

"Жаңа толқын келе жатыр"

Ал америкалық дәрігер Чад Крилич коронавирус инфекциясының жаңа толқыны келе жатқанын айтады. Маман егер билік пен адамдар қажет шараны сақтамаса, науқастардың саны көбеймесе, азаймайды деген ойда. Оның айтуынша, АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандардың саны елде мамырдан бастап шектеу шарасы жеңілдей бастағаннан кейін көбейе бастаған. Дәрігер адамдарды қажет дәрімен, тест-жүйесі мен қорғаныш заттарымен қамту керегін айтады.

Чад Крилич коронавирус инфекциясының үшінші толқынының басталуына тек маусымдық тұмау емес, сондай-ақ адамдардың әрекеті де әсер етеді.

"Бұл бір үш актілі пьеса секілді болады. Қазір біз екінші актіндеміз. Алда әлі үшінші акт бар", - деді дәрігер Deutsche Welle-ге. 

© Reuters

"Үшінші, төртінші толқын болады"

Ал ресейлік маман Александр Мясников Вести.Ru порталына жануардан адамға жұққан коронавирус қауіпті екенін, бірақ вирус адамға тараған сайын әлсірей бастайтынын айтқан. Себебі, дәрігердің айтуынша, маусымда тараған инфекция қаңтарда тараған вирусқа қарағанда әлдеқайда әлсіреген. Алайда жыл соңына дейін COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны миллионға жетуі мүмкін. Айта кетейік, бүгінде дүние жүзінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың саны 636 мыңнан асқан.

Дәрігер ерте ме, кеш пе адамдар коронавирус жұқтырады деген ойда. Маманның сөзінше, инфекция қажет мөлшерде тарап болмайынша тоқтамайды. Одан бөлек, вирустың үшінші толқынымен қатар төртінші толқыны да болады. Бірақ одан адамдар жеңіл өтеді. Дәрігер коронавирс жіті еспираторлық ауруға айналып, одан адам өлімі аз болады деген үмітте екенін жеткізген. 

Ал Германиядағы Роберт Кох атындағы институт сәуірде коронавирус пандемиясының бірден үш толқыны болатынын ескерткен.

"Көптеген ғалым вирустың екінші, тіпті үшінші толқыны болатынын айтады. Енді біреулері бұл сәт күз мезгіліне сай келетінін айтады. Вирус біздің елімізде әлі бірнеше ай болатыны белгілі. Біз алдағы бірнеше ай бойы "жаңа жағдайда" өмір сүру керек боламыз", - деді ғалым.

РИА Новости мәліметінше, Вилер наурызда "пандемия бірнеше толқынға бөлінетінін" ескерткен екен.

Еске салайық, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 15,6 миллионнан асты. Оның ішінде 9,5 миллион адам аурудан айықса, жалпы 636 мыңнан аса адам қайтыс болған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram