РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 февраля 2022 | 12:38

Украинада не болып жатыр? 2-бөлім

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Reuters Сурет: Reuters

Украинада төтенше жағдай режимі енгізілді. Бүгін президент Владимир Зеленский Ресей таңғы сағат 4-те зымыран шабуылын қайта бастағанын мәлімдеді. Ол Ресей тарапынан агрессияның жалғасуы санкциялар жеткіліксіз деңгейде енгізілгенін көрсетіп отырғанын айтты. Tengrinews.kz тілшісі кейінгі тәуліктегі Украина мен Ресей арасындағы жағдайға шолу жасады. 


Украинада төтенше жағдай режимі енгізілді. Бүгін президент Владимир Зеленский Ресей таңғы сағат 4-те зымыран шабуылын қайта бастағанын мәлімдеді. Ол Ресей тарапынан агрессияның жалғасуы санкциялар жеткіліксіз деңгейде енгізілгенін көрсетіп отырғанын айтты. Tengrinews.kz тілшісі кейінгі тәуліктегі Украина мен Ресей арасындағы жағдайға шолу жасады. 

24 ақпанда Байден Зеленскиймен сөйлесті

Ақ үй басшысы Джо Байден Twitter-дегі ресми парақшасында Украина президенті Владимир Зеленский әлем көшбасшыларын "президент Путиннің ашық агрессиясына қарсы ашық сөйлеуге және Украина халқын қолдауға" шақыруды сұрағанын айтты.

"Мен ресейлік әскерилердің бұл негізсіз шабуылын айыптаймын және оған халықаралық реакцияны тудыру үшін жасалып жатқан қадамдар, соның ішінде бүгін кешке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өтетінін айттым", - деді Байден.

Сондай-ақ, ол 25 ақпанда АҚШ, G7 көшбасшыларымен кездесіп, Ресейге қарсы қатаң санкциялар салатынын айтты. Байден АҚШ Украина мен украин халқына қолдау мен көмек көрсетуді жалғастыратынын баса айтты.

Қытай Украинадағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Чжан Цзюнь Қытай жағдайды мұқият қадағалап, Украинадағы қиын жағдайды бейбіт жолмен шешіледі деп үміттенетінін айтты.

"Қазіргі жағдайда барлық мүдделі тарап ұстамдылық танытып, мәселенің одан ары шиеленісуіне жол бермеуі керек. Өйткені Украина мәселесін бейбіт жолмен шешуге есік толық жабылған жоқ және жабылмауы керек деп санаймыз", - деді қытайлық дипломат.

Чжан Цзюнь келіссөз қажеттігін айта келе, Украина мәселесінде күрделі тарихи контекст бар екенін және қазіргі жағдай әртүрлі фактордың өзара әрекеттесуі нәтижесі екенін айтты. Ол Қытай бейбіт келіссөздер жүргізуді жалғастыратынын қосты.

Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді

Украина президенті Владимир Зеленский ел халқына кезекті үндеуін жолдады.

"Біз Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үздік. Біз қару-жарақ таратып жатырмыз және жерімізді қорғау үшін барлығын жасаймыз", - деді Зеленский брифингте.

Лукашенко қажет болған жағдайда Украинаға әскер жіберуге уәде берді

Беларусь әскерлері Ресейдің Украинадағы операциясына қатыспайды, бірақ қажет болған жағдайда келуі мүмкін. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко әскерилермен өткен жедел кеңесте айтты.

Александр Лукашенко Украина қақтығысты өзі қалайтынын, себебі оны алдын алу үшін ештеңе жасамағанын да айтты. Ол Украина жеңілген тарап ретінде Ресейдің талаптарын орындау керек деген пікір білдірді.

Украина бейбітшілік жолына оралуды ұсынады - Зеленский

Владимир Зеленский тағы бір видеоүндеу жариялады. Украина президенті ұлтқа үндеуінде "Украина соғыс жолын таңдаған жоқ, бірақ Украина бейбітшілік жолына оралуды ұсынады", - деді.

"Біз тек зымырандар мен авиацияның жарылыстарын естіп жатқан жоқпыз. Бұл Ресейді өркениетті әлемнен алыстататын жаңа темір перденің дыбысы. Біздің міндетіміз - бұл перденің біздің аумағымыздан өтпеуі", - деді Зеленский.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Володимир Зеленський (@zelenskiy_official)

Зеленский Украинада 90 күн бойы жаппай жұмылдыру жүргізілетіні туралы қаулы шығарды

Бейсенбіде украиналық УНИАН ақпараттық агенттігі Telegram-да Зеленский Украина Жоғарғы Радасына жалпы жұмылдыру туралы заң жобасын ұсынғанын хабарлады.

Қаулыға сәйкес, Винница, Волынь, Днепропетровск, Донецк, Житомир, Закарпатье, Запорожье, Ивано-Франковск, Киев, Кировоград, Луганск, Львов, Николаев, Одесса, Полтава, Ровна, Сумы, Тернополь, Харьков, Херсон, Хмельницкий, Черкассы, Черновцы, Чернигов облыстары, Киев қаласы аумақтарында 90 күн ішінде жаппай жұмылдыру жұмыстары жүргізіледі.

Зеленский Киевте қалатынын мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский 25 ақпанға қараған түні отбасы елден кетпегенін мәлімдеді, сонымен қатар Ресей Федерациясымен Украинаның бейтарап мәртебесі туралы сөйлесуге ниет білдірді.

"Астанада, халқыммен бірге боламын. Үкімет кварталында орталық биліктің жұмысына қажет барлық адаммен бірге боламын", - деді Украина басшысы үндеуде. Сонымен қатар, ол жау үшін "бірінші нысан" екенін айтты. "Отбасым - екінші нысан. Олар мемлекет басшысын жойып, Украинаны саяси тұрғыдан жойғысы келеді".

25 ақпанда түнде:

Киевте 9-қабатты үйлердің біріне ресейлік ұшу аппараты немесе оның бір бөлшегі құлап, өрт болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам жарақат алған, олардың біреуінің жағдайы ауыр.

Сурет: reuters

25 ақпанда сағат 4:25-те Ресей Запорожье облысындағы "Приморск Посад" шекара бөлімшесіне зымыранмен соққы жасады. Бұл туралы Украина Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Шабуыл салдарынан шекарашылар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар", - делінген хабарламада.

ЛХР-ге украина әскері 33 рет оқ жаудырды

Луганск халық республикасының он елді мекеніне Мәскеу уақытымен 3.00-де Украина әскері 33 рет оқ жаудырғаны хабарланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ресей әскери күштері Чернобыльді бақылауға алды

Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгаль Ресей әскери күштері Чернобыль аймағы мен Чернобыль атом электр станциясының нысандарын бақылауға алғанын айтты. Кейінірек Ақ үй өкілі Джен Псаки кейбір мәліметтер бойынша, ресейлік сарбаздар украиналық ядролық нысан қызметкерлерін кепілге алғанын айтты.

Украиналық БАҚ-тар Киевте жарылыс естілгенін хабарлады

Жарылыс даусы жұма таңертең Киевте естіледі. "24" телеарна мәліметінше, жарылыстар Жуляна, Троещин, Осокорка аудандарының маңында, сондай-ақ Позняков пен Отрадный аумағында естілген. УНИАН агенттігі де Киевтің Печерск және Голосеев аудандарында жарылыстардың дыбысы естілгенін хабарлады.

Макрон Украинаға 1,2 миллиард еуро көлемінде көмек пен әскери техника беруге уәде етті

Франция президенті Эммануэль Макрон Киевке 1,2 миллиард еуро көлемінде қаржылық көмек және әскери техника беруге уәде етті. Бұл туралы ол Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында ЕО-ның Украина бойынша кезектен тыс Саммитінен кейін хабарлады. Сонымен қатар, ол Украинадан келген босқындарға көмектесуге ниетті екенін айтты.

АҚШ пен Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп жатыр

Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың айтуынша, ресейліктер капиталы бұғатталып, Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салынады. Ал Вашингтон Мәскеудің доллар, фунт және йенмен бизнес жүргізу мүмкіндігін шектемек. Сондай-ақ, Байден штаттар ВТБ-мен қоса алғанда төрт ірі банкке тосқауыл қоятынын айтты.

Украина әскері Горловкада атыс бастады

"РИА Новости" Украина әскері бүгін таңертең Донецк халық республикасында Горловкада атыс бастағанын хабарлады. Қазіргі уақытта Зайцево мен Гагарин шахтасының маңында атыс болып жатыр. Бұл туралы қала әкімшілігінің басшысы Иван Приходько мәлімдеген.

Еске салайық, 21 ақпанда Путин ДХР және ЛХР тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қойды. Келесі күні Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесі республикалармен достық және ынтымақтастық туралы шарттарды ратификациялады. Алайда 23 ақпанда жағдай шиеленісе түсті. Украина мен Ресей арасындағы жағдайға қатысты оқиғалар хронологиясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети