03 августа 2021 | 09:55

Төрт күндік жұмыс аптасына өткен елдер пайдаға кенелді ме?

© Reuters

Шілденің басында Исландия аптасына төрт күндік жұмыс режиміне ауысты. Биыл Испанияда да компанияларға аптасына төрт күн жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Кейінгі кезде көп елде бұл бастама жиі талқыланып жүр. Tengrinews.kz тілшісі төрт күндік жұмыс режимі туралы туралы баяндайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шілденің басында Исландия аптасына төрт күндік жұмыс режиміне ауысты. Биыл Испанияда да компанияларға аптасына төрт күн жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Кейінгі кезде көп елде бұл бастама жиі талқыланып жүр. Tengrinews.kz тілшісі төрт күндік жұмыс режимі туралы туралы баяндайды. 

Өткен ғасырда пайда болған бастама

Төрт күндік жұмыс режимі өткен ғасырда пайда болған. Англиялық Roundpay Metal Finishers компаниясы 1965 жылы аптасына төрт күндік жұмыс режимін енгізген. 

Реклама
Реклама

Аптадағы жұмыс күнін қысқарту арқылы компания басшылығы әлеуметтік және коммуналдық шығынды азайтпақ болыпты. Бірақ аптасына 40 сағат жұмыс сақталған, яғни жұмадағы уақыт қалған күндерге бөлінген. 

Компания сол кездегі есебінде бұл тәжірибе сәтті болғанын жазған. Кейін мұндай бастаманы кей компания да қолданып көрген.

Жұмысшылардың бос уақыты 50 пайыз болған

Кейінгі он жылдықта төрт күн жұмыс істеуге ауысқандар не ауысуға тырысқандар көп болды. Мысалы, 2008 жылы америкалық ЮТА штатында дүйсенбіден бейсенбіге дейін күніне он сағат жұмыс істей бастаған. Мұнда да мақсат - электр, жылу, жанармайды үнемдеу. Бірақ, Governing мәліметінше, 2011 жылы халықтың шағымынан кейін штат бұл бастамасынан бас тартты. 


Фото: Reuters

Ал 2013 жылы Гамбия президенті Яйя Джамме ел төрт күндік жұмыс аптасына ауысқанын хабарлаған. Жұмыс таңғы 8-ден басталып, 18:00-де бітеді. Жұма демалуға, дұға оқуға, ауыл шаруашылығымен айналысуға арналды. Алайда, BBC ақпаратына сүйенсек, 2017 жылы жаңа президент Адама Бэррон бес күндік жұмысты қайта бекітті. 

2016 жылы Румыниядағы IT-компаниялардың бірі де төрт күн жұмыс істеуге көшкен. Бірақ демалыс - жұма емес, дүйсенбі. Сол кезде компания жұма жемісті күнге айналғанын, ал жұмысшылардың бос уақыты 50 пайызға артқанын хабарлаған. 

Жұмыс аз болса, пайда көп

Nzherald.co.nz мәліметінше, 2018 жылы Жаңа Зеландиядағы Perpetual Guardian компаниясы да эксперимент жасап көрген. Компанияның 240 қызметкері аптасына төрт күн 30 сағат жұмыс істеуге көшкен. 

Нәтижесінде жұмыс уақыты азайған қызметкерлер пайда көп түсіре бастаған. Яғни, жұмысшылар белсенді бола түскен. Жұмыс барысындағы кездесулер де азайған, себебі қызметкер барлық міндетін орындау үшін уақытты үнемдеуге көшкен.  


Фото:elements.envato.com

Сонымен қатар, қызметкерлердің күйзеліске түсуі 45-тен 38 пайызға азайған. Ал жұмыс пен жеке өмір арасындағы үйлесім 54-тен 78 пайызға артқан.

Осы тәжірибені бағалағаннан кейін компания толығымен төрт күндік жұмыс аптасына ауысқан. Бірақ барлық қызметкердің жалақысы сақталған. Өндіріс деңгейі көтеріліп, табыс қысқармаған, есесіне компания энергия, коммуналдық шығынын азайтыпты. Жаңа Зеландияның еңбек министрі Йен Лис-Гэлоуи бұл бастамаға жоғары баға берген. 

Исландия жұмыс күнін азайтты

РИА Новости мәліметінше, шілденің басында Исландияда төрт күндік жұмыс аптасы бекітілді. Бұл ел 2015 және 2017 жылдары тәжірибе өткізіп, оның жемісті болғанын көрген. Сол кезде 2,5 мыңға жуық жұмысшы аптасына 35-36 сағат жұмыс істеген.  

Ал биыл бүкіл елде жұмыс уақыты төрт күнге қысқартылды. Себебі жұмыс уақыты азайса да, қызметкерлер жұмысы нашарламаған. Күйзеліс деңгейі төмендеген, ал денсаулық және психологиялық тұрғыдан жақсарған. 

"Тексерілген жұмыс орындарының көбінде өнімділік бұрынғы күйінде қалды немесе керісінше өсті", - делінген Alda қауымдастығының есебінде.   

Қауымдастық мәліметінше, Исландияда еңбекке жарамды халықтың 86 пайызы жаңа кесте бойынша жұмыс істеп жатыр. 


Фото: Reuters

Бүгінде басқа елдер де осы тәжірибеге көшуді ойластырып отыр. Мысалы, LADBible мәліметінше, биыл наурызда Испания да компанияларға аптасына төрт сағат жұмыс істеуге рұқсат берген. Бұл елдегі кәсіподақ конгресінің зерттеуі бойынша, тәжірибе кезінде қызметкерлер жұмысы өнімдірек болған. Тек жұмыс күні 8 емес, 10 сағатқа созылады. 

Жаңа Зеландия мен Ұлыбритания да жұмыс күнін қысқартуды ойластырып отыр. Жапония билігі компаниялар төрт күндік жұмыс аптасына ауысуы үшін бірнеше бағдарлама ойлап тапқан. 

Ғалымдар не дейді?

Вена университетінің әлеуметтанушысы Томас Рештің айтуынша, аптада жұмыс күні көп болса, өнімділік те сондай жоғары болады дегенді білдірмейді. 

"Төрт күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлердің күш-жігері мен еңбек өнімі артады - жұрт шабыттанып, жемісті жұмыс істейді. Сондай-ақ, адам 40 сағаттық режимдегі өнімділікті сақтап қалуға тырысады. Сондықтан олар жұмысқа көбірек ден беріп, уақытты босқа өткізбеуге ұмтылады", - деді ол BBC-ге


Фото: Reuters

Ұлыбританиялық Autonomy зерттеу орталығының өкілі Уилл Стронж Исландиядағы төрт сағаттық жұмыс аптасын зерттегеннен кейін оның нәтижесін бөліскен. 

"Зерттеу қатысушылары белсенді жұмыс істеп, одан ләззат ала бастады. Исландия мемлекеттік секторы аптадағы жұмыс күнін қысқартуда пионер болып, басқа үкіметтер оны үлгі қылуы мүмкін", - деп келтірді Стронж сөзін CBC радиосы. 

Дегенмен бұл бастаманы қолдамайтындар да бар. Мысалы, тайм-менеджмент сарапшысы Лора Вандеркамның ойынша, бұл бастама жұмысқа кері әсерін тигізеді. 

"Төрт сағаттық жұмыс аптасы карьералық мүмкіндіктер саны азаюына әкелуі мүмкін. Жұмыс уақыты қысқарған соң адамдар карьерасына маңызды нетворкинг пен кәсіби өсуге жұмсалатын сағаттардан айырылады. Сондықтан, олардың карьералық өсуі баяулауы ықтимал", - деді Вандеркам Businessinsider порталына. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram