РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
28 сентября 2020 | 15:00

Таулы Қарабақта не болып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости / Асатур Есаянц © РИА Новости / Асатур Есаянц

Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал қайтадан өршіді. Бұл жолы мойындалмаған Таулы Қарабақ аймағында екі ел арасында қақтығыс басталды. Таулы Қарабақ Республикасы Қарабақтағы бейбіт ауылдар, соның ішінде астанасы Степанакерт артиллериялық атысқа ұшырады деп хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар бар. Екі ел арасындағы Таулы Қарабақтағы жанжал туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал қайтадан өршіді. Бұл жолы мойындалмаған Таулы Қарабақ аймағында екі ел арасында қақтығыс басталды. Таулы Қарабақ Республикасы Қарабақтағы бейбіт ауылдар, соның ішінде астанасы Степанакерт артиллериялық атысқа ұшырады деп хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар бар. Екі ел арасындағы Таулы Қарабақтағы жанжал туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Қақтығыс туралы алғашқы хабарлар

Жексенбі, 27 қыркүйекте Армения әскери күші Таулы Қарабақта екі тікұшақ пен Әзербайжанның үш ұшқышсыз ұшу аппаратына шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Арменияның қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанянның сөзінше, Таулы Қарабаққа әуе және зымыран шабуылдары жасалған.

© Reuters

Артынша Степанян әзербайжандық әскерилердің ішінде құрбандар барын және үш танкке шабуыл жасалғанын хабарлады. Алайда бұл ақпараттың барлығын Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды. Бірақ артынша Арменияның Қорғаныс министрлігі әзербайжандық танктерге оқ атылған видеосын жариялады. 

Көп ұзамай Армения премьер-министрі Никол Пашинян да екі ел арасындағы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады. Ол жағдайдың ушығуы аймақтың шегінен шығып, халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін екенін жоққа шығармады. Пашинянның айтуынша, қазір Қарабақ қорғаныс әскері табанды ұрыстар жүргізіп, алдына қойылған міндеттерді абыроймен орындап жатыр.

"Армян халқы соғысқа дайын, себебі ол әрқашан Әзербайжандағы армян фобиясы, дұшпандық пен жеккөрушілік басқа нәтижеге әкеле алмайтынын түсінді. (...) Армения Арцахтың қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің кепілі. Армения өз халқының және мемлекеттік жүйенің әлеуетімен отанымыздың шекарасын қорғауға бар күшін салады", - деді премьер-министр.

Никол Пашинян ©РИА Новости 

Ол Ереван жауды бейбітшілікке мәжбүрлеу үшін дипломатиялық, әскери және саяси күш салатынын айтты.

"Біз соғыс қимылдары Армения аумағына таралуы, жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін екенін түсінеміз, сондықтан соғыс жағдайы мен жұмылдыру туралы жарияладық (...) Біздің ісіміз әділетті және бұл қылмыстық қолсұғушылыққа лайық қарсы шабуыл болады", - деді Пашинян.

© Reuters

Екі елде соғыс жағдайы енгізілді

Әзербайжан парламенті Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты бірнеше қала мен ауданда соғыс жағдайын енгізу туралы шешім шығарды. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев республиканың бірнеше қаласы мен ауданында соғыс жағдайын енгізуді бекітті, елде бүгін, 28 қыркүйектен бастап комендант сағаты енгізіледі. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты соғыс жағдайы мен жалпы мобилизация жариялады.

Trend агенттігінің мәліметінше, Әзербайжан 550 армян әскері қаза тауып, жараланғанын мәлімдеген.

"Операция өткізілген күннің соңында алынған барлау мәліметі бойынша6 армян әскерінің 22 танкісі мен басқа да брондалған техникасы, 15 "ОСА" зенит-зымыран кешені, 18 ұшқышсыз ұшу аппараты (БПЛА), 8 артиллериялық қондырғысы жойылған. Сондай-ақ, армян әскерінің әртүрлі бағыттағы 3 оқ-дәрі қоймасы жойылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Әзербайжан Арменияның десанттық-шабуыл батальонының командирі, подполковник Лерник Бабаянның қайтыс болғанын мәлімдеді. Ол басқарған әскери бөлімнің жеке құрамы шығынға ұшыраған. Армения тарапы бұл мәліметті растамады.

"Жаңалық қате, қақтығыс емес". Танымал тұлғалар Таулы Қарабақтағы жағдай туралы не дейді? 

Бұл 2020 жылдағы екі ел арасындағы алғашқы қақтығыс емес

Армения-Әзербайжан шекарасында биыл 12 шілдеде басталған қақтығыс бірнеше күн бойы жалғасқан болатын. Ресми мәлімет бойынша, қақтығыс салдарынан 12 адам қайтыс болған. Әзербайжанның Товуз ауданы мен Арменияның Тавуш облысымен шекаралас жерде болған. Қақтығыс Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі дүйсенбіде түнгі уақытта армян әскерилерінің шекарада ауылға оқ атқанын хабарлаған еді.

13 шілдеде Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Армениямен шекарада минометпен атыс болғанын мәлімдеді. Бакудің ақпараты бойынша, Әзербайжанның үш жауынгері қаза тауып, армян әскерилері зардап шеккен. Ал ВВС-дің 14 шілдедегі мәліметі бойынша, қақтығыс салдыран 11 әскери мен 1 бейбіт тұрғын қайтыс болған. Ал Арменияның Қорғаныс министрлігі әзербайжандық әскерилердің оларды басып алмақ болғанын мәлімдеген.

@ Әскери оқу-жаттығулар. Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі

Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысқа не себеп?

Айта кетейік, Қарабақтағы жанжал 1988 жылдың ақпанында Таулы Қарабақ автономдық облысы Әзербайжан ССР-нің құрамынан шығатынын мәлімдеген кезде басталған. 1992-1994 жылдар арасындағы қақтығыс кезінде Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылау күшінен айырылған. 1992 жылдан бастап жанжалды бейбіт шешу мақсатында үш төраға - Ресей, АҚШ және Франция бастаған ЕҚЫҰ-ның Минск тобы аясында келіссөздер жүргізіліп келе жатыр. Әзербайжан өзінің аумақтық тұтастығын сақтауды талап етсе, Армения мойындалмаған республиканың мүдделерін қорғайды, себебі Таулы Қарабақ Республикасы келіссөздер тарапына жатпайды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети