РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 января 2020 | 13:16

"Танымал модельер 625 доллар үшін өлтірілген". Ташкентті дүр сілкіндірген қылмыс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нариман Григорян. © Facebook Нариман Григорян. © Facebook

Өткен аптада Ташкентте белгілі дизайнер, модельер Нариман Алимжановтың (Григорян - лақап аты) пәтерде өлі табылғаны хабарланды. Оның денесінде зорлық белгілері болған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, модельерді 625 доллар үшін өлтіріп кеткен. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Tengrinews.kz тілшісі өзбекстандық дизайнердің өліміне қатысты істің мән-жайына шолу жасады.

"625 доллар үшін өлтірген"


Өткен аптада Ташкентте белгілі дизайнер, модельер Нариман Алимжановтың (Григорян - лақап аты) пәтерде өлі табылғаны хабарланды. Оның денесінде зорлық белгілері болған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, модельерді 625 доллар үшін өлтіріп кеткен. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Tengrinews.kz тілшісі өзбекстандық дизайнердің өліміне қатысты істің мән-жайына шолу жасады.

"625 доллар үшін өлтірген"

"Новости Узбекистана" мәліметінше, ер адамның денесінде зорлық белгілері болған. Оның уақытша шарт жасасып, пәтер жалдап тұрғаны белгілі болды. Қайғылы оқиға туралы 14 қаңтарда сағат 11-50-де хабарланған. Ал жерлеу рәсімі 16 қаңтарда өткен еді.

Ташкент прокуратурасының өкілдері Григорян табылған пәтерден не телефон, не планшет жоғалғанын хабарлаған. Ал 17 қаңтарда ведомство дизайнерді өлтірді деген күдіктіні ұстаған болатын. Ол Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 97-бабының 1-бөлігі бойынша ("Қасақана өлтіру") айыпталды. Алайда күдіктінің аты-жөні аталмай отыр. 

Kun.uz прокуратураға сүйене отырып, күдіктінің модельермен әлеуметтік желіде танысқанын айтады. Ведомство мәліметінше, қаскөй модельерді тонап кеткісі келген. Ол модельердің үйінде қомақты ақша бар деп ойлаған. Ойын жүзеге асыру үшін қасқой дизайнерге бірнеше рет пышақ салғаны анықталды.


© instagram/nariman_grigoryan_official 

Тергеу мәліметінше, күдікті дизайнердің пәтерінен 625 доллар, телефондары мен iPhone құлаққабын, электрон темекілер мен Chevrolet Captivа көлігінің кілтін алып кеткен. Ұсталған күдіктіден 400 доллар мен 1 миллион сомнан аса ақша табылған. 

Күдікті бензин құйып кеткен

Fergana.news мәліметінше, тергеушілер модельер тұрған жалдамалы пәтердің кіреберісінен ноутбук тапқан. Содан өлі табылған дизайнердің мессенджеріндегі таныстарының барлығынан жауап алынған. Осылайша, құқық қорғау органдарының өкілдері 20-дан аса адамнан жауап алған екен.

Прокуратура мәліметінше, күдікті модельердің үйіне пышақ пен бензин алып барған. Пәтерге кіргенде Григорянға бірден пышақ сұққан. Артынша қылмысын жасыру мақсатында үй өртенді деп пәтерге өрт қоймақ болған. Қасқой бүкіл бөлмеге бензин құйып, есікті құлыптап кеткен. Алайда пәтерден өрт шықпаған.

"Нариман Григорян гомосексуал болған"

Өзбек дизайнердің достарының бірі Fergana.news басылымына берген сұхбатында досының гомосексуал болғанын айтады. Сондай-ақ, дизайнердің достарының көбі тергеушілер жауап алу кезінде бұл қылмыстың қызғаныштан жасалған болуы мүмкін екенін айтқан екен.

"Нариман гомосексуал болатын. Ол ешкімге де құпия емес еді. Гомосексуал таныстары да көп болатын", - дейді достарының бірі

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, белгілі дизайнер аса бай болмаған және киім-кешектің көбін бөліп төлеп сатып алып жүрген.


Ташкенттегі прокуратура. ©  Sputnik Узбекистан

Прокуратура не дейді?

 

Uznews.uz мәліметінше, ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол қамауда. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының мәліметінше, айыпталушы модельермен бір ай бұрын танысқан. Енді ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін дейді.

  
© Instagram.com/nariman_grigoryan_official

Нариман Григорян - өзбектің танымал дизайнері әрі хореограф. 1985 жылы 8 тамызда  дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Өзбекстанның хореография академиясында білім алған. Nariman Grigoryan брендінің негізін қалаған. Ташкентте Nariman Grigoryan брендті дүкендері болған. Ашық дереккөздерге сенсек, өзбек дизайнері көбіне қалыңдық көйлектерін тігумен айналысқан.

Ал 2018 жылы модельер Ташкентте сән үйін ашқан болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нариман Григорян (@nariman_grigoryan_official)

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети