Дүние жүзінде коронавирус жұқтырған 11 миллион адамның 6 миллионнан астамы аурудан айығып шыққан. Әр ел науқастарды емдеуде түрлі препарат қолданады. Таяуда Ресей клиникалық сынақтан өткен "Авифавир" дәрісін экспорттай бастады. Ол Қазақстанға да жеткізіледі. Шетелде коронавирусты емдеуде нақты қандай препараттар қолданылады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Дүние жүзінде коронавирус жұқтырған 11 миллион адамның 6 миллионнан астамы аурудан айығып шыққан. Әр ел науқастарды емдеуде түрлі препарат қолданады. Таяуда Ресей клиникалық сынақтан өткен "Авифавир" дәрісін экспорттай бастады. Ол Қазақстанға да жеткізіледі. Шетелде коронавирусты емдеуде нақты қандай препараттар қолданылады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Ресей
Ресей мамырдың аяғында клиникалық сынақтан өтіп, тиімді екені дәлелденген "Авифавир" дәрісін Беларуське экспорттай бастады. Жақын арада препаратты Қазақстанға да экспорттау жоспарланған. Одан бөлек, коронавирусты емдеуге арналған дәріні сатып алуға Латын Америкасы, ТМД және Таяу Шығыс елдері қызығушылық танытқан.
Айта кетейік, биыл мамырдың соңында Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінен "Авифавирге" тіркеу куәлігі беріліп, оның құрамында COVID-19-ға қарсы белсенді әсері бар фавипиравир бар екені дәлелденген. Кейінірек ол коронавирус инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар тізіміне енгізілді. Ресей ұсынған дәрінің дәріханадағы бағасы, ашық дерек көздеріне сүйенсек, 500-700 рубль (шамамен 2800-4000 теңге). Ал медициналық мекемелерге препарат тегін беріледі екен. Дәрінің таблетка түрі коронавирусты жұқтырудың ерте кезеңінде терапияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
© РИА Новости
Қытай
Маусымның басында Қытайдың Шанхай қаласында COVID-19-ға қарсы препарат сынақтан өткізіле бастады. Оған JS016 деген атау берілген. Препарат денсаулығы жақсы адамдарға дәрінің қауіпсіздігін, иимуногендігін және организмге қалай әсер ететінін анықау үшін салынды.
Препарат төрт ерікті адамға салынған. Тәжірибе нәтижесі бір адамға препараттың қанша дозасын салуды анықтауға көмектеседі екен.
"Коронавирустан емдейтін алғашқы дәрі". Ғалымдар адам өлімін азайтатын препарат тапты
Қазақстан
Елімізде 30 маусымда коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілді. Яғни, хаттамаға науқастарды емдеуге қажет препараттар қосылды, олар: "Гидроксихлорохин" және "Лопинавир"/"Ритонавир".
Ал RECOVERY ұлыбританиялық клиникалық зерттеуінің басшылары Лопинавир"/"Ритонавирдің коронавирусты емдеуде түк пайдасы жоғын мәлімдеген. Ғалымдардың сөзінше, екі препараттың қосындысы COVID-19 жұқтырған науқастарға оң әсер етпейтін болып шыққан.
Одан бөлек, елімізде науқастар стационар дегейінде ем алып жатса COVID-19-ға қарсы Жапония мен Ресейде кеңінен қолданылатын "Фавипиравир" препаратын ала алады. Егер пневмонияның ауыр түрі болса "Дексаметазон" беріледі.
Еуропа елдері
"Ремдесивир" - 25 маусымнан бастап Еуроодақ елдерінде коронавирус инфекциясына қарсы 12 жастан асқан балалар мен ересектерге қолдануға рұқсат берілген алғашқы препарат.
Ал таяуда АҚШ Gilead Sciences калифорниялық биофармацевтикалық компаниясынан вирусқа қарсы әрі COVID-19-ды емдеуде қолданылатын "Ремдесивир" препаратының үш айлық мөлшерін сатып алғаны белгілі болды. Осылайша, РИА Новости мәліметі бойынша, Ұлыбритания мен Еуропа елдері аталған препаратқа қол жеткізе алмай отыр екен.
Препараттың алғашқы 140 мың дозасы дүние жүзінің елдеріне сатылған. Ал маусымның соңында АҚШ 500 мың доза, яғни, препараттың 90 пайызын сатып алған.
"Олар (АҚШ - автор.) дәріні көп мөлшермен сатып алғандықтан Еуропа елдеріне ештеңе қалмады", - дейді Ливерпуль университетінің ғылыми қызметкері Эндрю Хилл.
Препаратты жасап шыққан компания оның бір флаконы 390 доллардан (160 мың теңгедей) сатылатынын хабарлаған.
Компанияның төрағасы және бас атқарушы директоры Даниэль О'Дей бір науқасты емдеу үшін бес күндік курс қажет екен, ол шамамен 2340 доллар болатынын айтады. Ал жеке компаниялар үшін препараттың бір флаконы 520 доллар болғандықтан, бес күндік курс үшін 3120 доллар төлеуі қажет екен.
Жалпы "Ремдесивир" АҚШ-та 1 мамырда COVID-19-ға қарсы препарат ретінде мақұлданған. Кезінде бұл препарат Эболаны емдеуге жасап шығарылған. Алайда ол кезде емдеуде өз әсерін дәлелдей алмаған. Артынша ол SARS және MERS вирустарын емдеуде тиімді екені дәлелденген.
DW мәліметінше, бұл препаратты қолдануға Израиль, Жапония мен Оңтүстік Корея да мақұлданған.
Еске салайық, worldometers мәліметінше, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 11 миллионнанасты. Оның ішінде, 6 167 320 адам аурудан айықса, жарты миллион адам қайтыс болған.
Қазақстанда 44 075 адамнан COVID-19 анықталған. Жалпы 188 адам қайтыс болса, аурудан 14 861 адам айығып шыққан.