РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 июля 2020 | 11:19

Шетел басылымдары Қазақстандағы коронавирус туралы қалай ақпарат таратып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда пандемия басталғалы COVID-19 жұқтырған 66 мыңнан аса адам анықталған. Оның жартысынан көбі, яғни, 40 256-сы аурудан айыққан, 375 адам қайтыс болған. Шетел басылымдары Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы қалай ақпарат таратып жатыр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 


Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда пандемия басталғалы COVID-19 жұқтырған 66 мыңнан аса адам анықталған. Оның жартысынан көбі, яғни, 40 256-сы аурудан айыққан, 375 адам қайтыс болған. Шетел басылымдары Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы қалай ақпарат таратып жатыр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Ұлыбританиялық ВВС Қазақстандағы коронавирус, оның ішінде, ауруханадағы жағдай мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі туралы ақпарат берген. Басылым елде COVID-19 жұқтырғандар саны күрт ұлғайғанын жазған.

Сонымен қатар, ВВС-ге Гуля есімді (өтініші бойынша өзгертілген) медицина қызметкері коронавирусты анықтайтын тест нәтижесі теріс болғанын, алайда одан пневмония анықталғанын айтады. Ол мемлекет коронавирус жұқтырғандардың статистикасын азайту үшін оларды әртүрлі санатқа бөлгенін айтқан.

Қазақстанда шын мәнінде дәрі жетіспеушілігі байқалады. Осыған байланысты Алматыдағы жағдайды қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев 4 шілдеде онлайн-брифингте айтқан болатын. Оның сөзінше, қаладағы дәріханаларда дәрінің жетіспеуіне ажиотаж себеп болған. 

"Басты себеп: көптеген адам мұндай жағдай болатынын және коронавирустың тарауы көбейіп кететінін күтпеді. Сәйкесінше, ажиотаж болып, адамдар көптеп дәрі сатып ала бастады. Әдетте жылына 100 мың дене қызуын тексеретін құрылғы сататынбыз, ал енді үш күнде 50 мыңын саттық", - деген еді Тұяқбаев. 

Елімізде соңғы айда пневмониямен ауырып жатқандар көбейді. Одан адам өлімі де жиі тіркеліп жатыр. Қытайда Қазақстандағы "белгісіз пневмония" туралы ақпарат тараған. Америкалық CNN қытайлық үкіметтің елде коронавирустан да қауіпті "белгісіз пневмонияның" тарағаны туралы ақпаратты Қазақстан жоққа шығарғанын жазған. Басылым Қытайдың Қазақстандағы елшілігі бейсенбі, 9 шілдеде ортаазиляқтарға елде пневмониядан 1700 адам қайтыс болғанын ескерткенін жазған.

Сондай-ақ CNN Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі "белгісіз этиологиядағы пневмония вирусының" барын, алайда ол жаңа және белгісіз емес екенін мәлімдегені туралы ақпарат келтірген.

Ұлыбританиялық тағы бір басылым The Sun да Қазақстандағы "белгісіз пневмонияға" назар аударған. Басылым "Коронавирустан да қауіпті "жұмбақ пневмония", Қытай ауруханаларда 28 мыңдай науқас барын айтады" деген тақырыпта ауқымды мақала дайындаған. Материалда денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың елде расында коронавирус расталмаған, алайда пневмония диагнозы қойылған 28 мың адам анықталғаны туралы сөзін келтірген. 

Қазақстандағы Қытай елшілігінің өз азаматтарын елде "белгісіз пневмония" тарағаны туралы ақпарат таратқан газеттің бірі - қытайлық Global Times. Олар "Қытайдың Қазақстандағы елшілігі "белгісіз пневмония" туралы ақпарат шыққаннан кейін сақ болуға шақырды" деген тақырыппен жағдайды баяндаған.

Қазақстан билігі де елдегі "белгісіз пневмонияға" қатысты пікір білдірді. 15 шілдеде Қытай елшілігі Қазақстандағы "белгісіз пневмонияға" қатысты ақпаратқа елдің денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен сөйлескеннен соң өзгеріс енгізді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев хабарлаған еді.   

"Біз серіктестерімізбен, оның ішінде, Қазақстандағы Қытай елшілігімен жұмыс істейміз. Бұл жаңалық шыққаннан кейін жаңа денсаулық сақтау министрі (Алексей Цой) телефон арқылы әңгімелесті. Әңгіме барысында мәселе шешілді. Бұл статистиканың қалай жүргізілетіні жөнінде қажетті түсініктемелер берілді. Қытай елшілігі азаматтары арасында таратқан ақпаратқа өзгеріс енгізетіні шешілді", - деді Ашықбаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, нәтижесінде екі тарап та - Қазақстан да, Қытай да эпидемияға қарсы қызметті объектив ақпарат берудің маңызын және "Қазақстандағы пневмония туралы ақпаратты еркін интерпретациялауға жол бермеу" керегін атап өтті. 

Ресейлік РИА Новости порталы Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы көптеген ақпарат берген. Оның ішінде, Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 жұқтырған науқастар саны, пневмония және коронавирустан қайтыс болғандар туралы мәлімет таратқан.

Deutsche Welle неміс толқыны Қазақстандағы 13 шілде Ұлттық аза тұту күні туралы жазған. Сайтта Қазақстан халқы 13 шілдені коронавирус құрбандарын аза тұту күні деп жариялағанын сынға алғанын, қарапайым халық әзірге ондай шара өткізуге ерте екенін айтқаны жазылған. 600 сөзден тұратын мақалада халықтың реакциясы, Қазақстандағы пандемия статистикасы және карантин режимінің созылуы туралы айтылған.  

Қытайлық тағы бір басылым - Синьхуа ақпарат агенттігі денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабековаға сілтеме жасап, Қазақстан жыл соңына дейін Тәжікстанға жасанды тыныс алдыру портатив аппараттарын жіберетінін жазған.

Людмила Бюрабекова бұл ақпаратты ОКҚ баспасөз мәслихатында растаған болатын. Вице-министрдің айтуынша, бұл аппарат стационарда емес, жедел жәрдем бригадасында науқастарды тасымалдағанда пайдаланылады және аппарат Ақмола облысында жасалады.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 66 815-ке жетті. Оның ішінде, 40 мыңнан аса адам аурудан айықса, жалпы 375 адам қайтыс болған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети