ПОДЕЛИТЬСЯ
17 августа 2020 | 14:59
"Сегіз күнде 2 адам өлі табылды". Беларусьтегі жаппай тәртіпсіздік
Беларусьтегі президент сайлауынан кейінгі жағдай әлем назарында. 9 тамызда ел тарихында алтыншы рет өткен президент сайлау нәтижесіне қарсы шыққан жергілікті халық наразылық шарасын ұйымдастырған. Беларусьтің түкпір-түкпірінде халық жиналып, орталық көшелерге шықты. Елдегі қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Беларусьтегі президент сайлауынан кейінгі жағдай әлем назарында. 9 тамызда ел тарихында алтыншы рет өткен президент сайлау нәтижесіне қарсы шыққан жергілікті халық наразылық шарасын ұйымдастырған. Беларусьтің түкпір-түкпірінде халық жиналып, орталық көшелерге шықты. Елдегі қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Минскідегі наразылық шарасының қалай басталғаны, алғашқы күндердегі жағдай туралы бұған дейінгі материалымызда баяндағанбыз. Sputnik Беларусь хабарына қарағанда, төртінші күні рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін 700 адам ұсталған.
Сағат 18:00-де орталық метро бекеттерінің жұмысы тоқтатылып, мекемелер мен дүкендер әдеттегіден ерте жабылған. Куәгерлердің сөзінше, тәртіп сақшылары көбіне адам көп жиналған жерлерде жүрген, екінші және үшінші күндегідей адамдарды жаппай ұстау болмаған. Алайда ерекше жағдайдағы милиция жасағы (ОМОН) күш қолданған кездер де болған. Мысалы, "Уручье" метро бекетінің жанында арнайы жасақ халықты ығыстыру үшін помпалық мылтық қолданған.
Бұл күні Гомель қаласынан қайғылы хабар жетті. 10 тамыз наразылық кезінде ұсталған 25 жастағы Александр Вихор өлі табылған. Анасының айтуынша, ол митингіге қатыспаған, тек сүйіктісіне кетіп бара жатқан. Александрдың жүрегі нашар болған екен. Оның жағдайы тергеу изоляторына апаратын көлікте отырған кезде нашарлай бастаған.
Артынша шеру кезінде тағы бір адамның көз жұмғаны белгілі болды. 10 тамыз шамамен 23:00-де Минскідегі жаппай тәртіпсіздік кезінде Притыцкого даңғылында адамдар қозғалысты бөгеу үшін баррикада құрған. Арнайы жасақ жабылып қалған алаңды ашуға келгенде наразылық білдіруші, 34 жастағы Александр Тарайковский тәртіп сақшыларына белгісіз жарылғыш құрал лақтырып жіберген. Ол ер адамның қолында жарылып, жарақат алып, салдарынан қайтыс болған.
12 тамызда желіде бұрынғы және қазіргі арнайы жасақ өкілдері елдегі жағдайға байланысты әскери формалары мен төлқұжаттарын қоқысқа лақтырып, қызметтен кетіп, халықпен жақтасатынын айтқан видеолар пайда болды. Жаппай тәртіпсіздікке байланысты жергілікті журналистер де өз еркімен жұмыстан шыға бастаған.
Наразылық шарасының бесінші күні
Бесінші күнгі шеру бейбіт митинг ретінде өткен. 13 тамыз таңертең республика бойынша тұрғындар ынтымақтастық тізбегін жасаған. Олардың алғашқысы таңғы 08:00-де Минскіде ұйымдастырылған.
Ел астанасындағы шеруде тұрғындар қала орталығына дейін барған, тізбекте тұрғандардың көбі - үстінде ақ киім, қолына қызыл гүл ұстаған әйелдер. Бұл - Беларусьтегі наразылық шарасының символы. Артынша тізбекке "Біздің даусымыз ұрланды" деген үнқағазбен дәрігерлер мен мемлекеттік филармония қызметкерлері қосылған.
Біраз уақыттан кейін Минскіде тұтқындалған адамдардың босатыла бастағаны туралы хабар жетті. РИА Новости хабарына қарағанда, ұсталғандардың кейбірін Минскідегі уақытша тергеу изоляторынан жедел жәрдем көлігімен алып кеткен. Бостандыққа шыққан кейбір адамдар тәртіп сақшылары оларды ұрып-соғып, зәбір көрсеткенін айтқан.
«ОМОНовцы, 10 штук, меня били, дубинами били, оскорбляли, угрожали смертью, сказали по кругу пустят». Девушка рассказывает, как с ней обращались белорусские силовики после задержания pic.twitter.com/UGpTEa1XWA
— МБХ Медиа (@MBKhMedia) August 13, 2020
14 тамызда Лукашенконың басты қарсыласы - Светлана Тихановская үндеу жасады. Видеоүндеуде Тихановская Беларусь халқы қазіргі билікпен бірге өмір сүргісі келмейтінін алға тартты.
"Оның (Лукашенко - авт.) жеңісіне көбі сенбейді. Біз өз таңдауымызды заң аясында ғана қорғауымыз керек. Ал адамдардың бейбіт түрде көшеге шығуын билік қанды қақтығысқа айналдырды", - деді ол.
Шерудің алтыншы күні бейбіт митинг жалғасын тапты. Тұрғындар орталық көшелерге шығып "Уходи!" деп ұрандатқан. Үкімет үйінің алдында тұрған арнайы жасақ өкілдері қалқандарын түсірген кезде жергілікті тұрғындар оларды құшақтап, гүл сыйлап, алғыстарын айтты.
Арнайы жасақ өкілдері Үкімет үйінің алдында 14 тамыздан бері тұрған. Наразы тұрғындар жақындай түскенде тәртіп сақшылары қалқандарын түсірген.
Шерудің жетінші күні
Бұл күні шамамен 12:00-де тұрғындар шеру кезінде қайтыс болған Александр Тарайковскиймен қоштасу залына 500-ге жуық адам келген. Олардың саны біртіндеп өсе бастаған. Марқұмның туыстары Александрмен қайғылы оқиға болған жерде қоштасуға шақырған. Біраз уақыттан кейін "Пушкинская" метро бекетінде мыңнан аса адам жиналған.
Шерудің сегізінші күні екі түрлі митинг өтті. бірінде Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенконың жақтастары жиналса, екіншісінде оппозиция жиналған Біріншісінде, елдің ІІМ мәліметінше, 65 мыңға жуық адам қатысқан. Ал екіншісіне, түрлі болжам бойынша, қатысушылар саны 100 мың мен 200 мың аралығында болған. Қақтығыстар мен жаппай ұстау туралы ақпарат түспеген.
Лукашенконың жақтастарының митингі Үкімет үйінде болған. Ол жерде президенттің өзі 30 минут сөз сөйлеген. Ол сайлау өткенін және 80 пайыз дауыс жалған болуы мүмкін емес екенін айтқан.
Үкіметтік акция аяқталғаннан кейін "Минск - город-герой" стелласының маңында оппозиция тарапының митингі басталды. Оған, ОСК мәліметі бойынша, өткен сайлауда екінші орын алған Светлана Тихановскаяның жақтасы Мария Колесникова да қатысқан. Ол беларусьтердің таңдауы ұрланғанын, алайда "оларды алдап соғу мүмкін емес екенін" айтқан.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30-да (Нұр-Сұлтан бойынша 20:30-да) адамдар орталыққа бет алған.
Мыңдаған адам Жеңіс даңғылымен және Свислочь өзенінің жағалауымен жүріп өткен, полиция өкілдері оларға тиіспеген.
Артынша жергілікті халық Тәуелсіздік алаңына жиналған. Адамдар қолына түрлі лозунг ұстап шыққан.
Еске салайық, 9 тамызда Беларусь тарихында алтыншы рет президент сайлауы өтті. Бұл жолғы сайлауда негізгі бес үміткер болды. Елде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Жергілікті халық сайлаудың алдын ала нәтижесіне наразы болған.
Показать комментарии
Читайте также