РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 ноября 2021 | 16:54

Пандемия кедей елдерге соққы болды. ДДСҰ мәлімдемелеріне шолу

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Androniki Christodoulou © REUTERS/Androniki Christodoulou

Коронавируспен дүниежүзі күресіп жатыр. Күн сайын оған қарсы әлемде вакцинация мәселесі көтеріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да ескерту, сын, кеңесін айтып, ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесін бөлісіп жүр. Tengrinews.kz тілшісі пандемияның аяқталуы, ревакцинация мен оның проблемаларына қатысты айтылған мәлімдемелерге шолу жасады. 


Коронавируспен дүниежүзі күресіп жатыр. Күн сайын оған қарсы әлемде вакцинация мәселесі көтеріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да ескерту, сын, кеңесін айтып, ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесін бөлісіп жүр. Tengrinews.kz тілшісі пандемияның аяқталуы, ревакцинация мен оның проблемаларына қатысты айтылған мәлімдемелерге шолу жасады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарро коронавирус кедей елдер үшін нағыз пандемияға айналғанын айтты. Бұл туралы The Guardian жазды. Арнайы өкілдің сөзінше, ревакцинация үшін жаппай вакцина сатып алу - жаһандық проблемаларға әкеледі. Мысалы, Ұлыбританияда 12 жастан асқан тұрғындарының 22 пайыздан астамы ревакцинация жасаған, жалпы халықтың 68,6 пайызы кем дегенде екі дозаны алған. Ал Африка құрлығында адамдардың тек 6 пайызы толығымен вакциналанған, кейбір Африка елінде бұл көрсеткіш одан да төмен (Нигерияда 2,8 пайыз ғана).

Осы ретте қарашаның басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 таралу қарқыны бойынша Еуропа мен Орталық Азияның кез келген елінде рекорд орнауы мүмкін екенін ескертті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 25-31 қазан аралығында Еуропа мен Орталық Азияда 1,8 миллион жаңа дерек тіркелген, 24 мың адам қайтыс болған. Өткен аптамен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің өсуі сәйкесінше 6 және 12 пайызға жеткен. Сонымен қатар, Еуропа мен Орталық Азия әлемдегі барлық жағдайдың 59 пайызын және барлық өлім-жітімнің 48 пайызы болып отыр.

ДДСҰ Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюгенің айтуынша, инфекцияның қазіргі таралу қарқыны сақталса, ақпанға қарай Еуропа мен Орталық Азияның 43 елінің Денсаулық сақтау жүйесі науқастардың көбейгеніне төтеп бере алмауы мүмкін. Сондай-ақ, оның айтуынша, аурудың өсуі екі факторға байланысты - вакцинациямен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмау және карантиннің әлсіреуі.

ДДСҰ пандемия қашан аяқталатынын айтты

Ханс Клюге коронавирус пандемиясының аяқталуы әлемнің инфекциямен "өмір сүруді" қаншалықты тез үйренетініне байланысты екенін айтты.

"Ауруханалар толып кетпей, COVID-19-дан өлім мен емханаға түсу азайғанда, сонымен қатар басқа медициналық қызметтер бұрынғыдай толық көлемде беріле бастаған жағдайда пандемия эндемияға айналуы мүмкін", - деді ол. Клюгенің сөзін La Vanguardia жазды. 

Ол бүгінде кей елдегі нашар вакцинация қарқыны, сондай-ақ, аурудың алдын-алу шараларының негізсіз әлсіреуі басты кедергілердің бірі екенін атап өтті.

"Бәрі не болғанын ұмытып жатқан сияқты. (...) Бір жыл бұрын бүкіл әлемде экономика тоқтап қалды", - деді ол.

Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі де әлем коронавируспен эндемиялық ауру ретінде көп жылдар бойы өмір сүретінін айтып отыр. Бұл туралы Daily Mail жазды. 

Құжатта SARS-CoV-2 таралу қарқыны тұмау мен басқа да тыныс жолдарының инфекциясы сияқты суық мезгілде өсетіні жазылған. Ғалымдар вакцинаның арқасында COVID-19 мәселесі тұрақтанады деп үміттенеді.

"Вирустың бүкіл әлемде таралу ауқымын ескере отырып, біз қазір қоғамның вирусты бір уақытта қалай басып, онымен бірге өмір сүріп, эндемиялық күйге жеткізу керегін ойлануымыз керек", - деліген газетте.

Коронавирусқа қарсы антиденелердің лезде көбеюіне не көмектеседі? 

Алғашқы екпеден немесе аурудан алты ай өткен соң ревакцинация жасаған адамда коронавирусқа қарсы антиденелер лезде артады. Бұл туралы ресейлік аллерголог-иммунолог Владимир Болибок мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бірінші рет вакцина салдырғанда иммундық жүйе антиденелердің жоғары деңгейін шығарады, бірақ олар тез төмендеп кетебі, себебі иммунитет солай жұмыс істейді", - деді дәрігер.

Дәрігер ағза инфекциямен бетпе-бет келмесе, антиденелер жоғалатынын түсіндірді, өйткені оларды сақтау үшін энергия мен ақуыз жұмсау керек.

"Ревакцинация кезінде қайта инфекция жұқтыру немесе вируспен байланыс болса, жасушалардың жады іске қосылады", - дейді маман.

Ол жасушалық иммунитет ұзақ мерзімді екенін және бес айдан астам уақытқа сақталатынын айтты.

"Антидене деңгейі өте үлкен болады. Менің тәжірибемде бір миллилитрге екі мыңнан 5600 баллға дейінгі жағдайлар болған", - деп толықтырды иммунолог.

Дәрігер ревакцинация ғана вирусқа қарсы мықты қорғаныс беретінін және бұл инфекциямен күресте иммундық жүйені қолдаудың ең қауіпсіз әдісі екенін атап өтті.

Ғалымдар вакцинациядан қорқатын адамдарға не болатынын айтты

Жақында Psychotherapy and Psychosomatics журналында вакцинаның адамға әсеріне қатысты жүргізілген зерттеудің нәтижесі жарияланды. Сарапшылар вакцина алғаннан кейінгі жанама әсерлер көбіне жаман ойлағандарда пайда болатынын айтып отыр.

Еңбек авторлары адам үрей сезінсе және екпенің теріс салдарын алдын-ала күтсе, жанама әсердің пайда болу қаупі арта түсетініне көз жеткізді. Зерттеу сауалнама арқылы жүргізілді, адамдардан вакцина алғаннан кейін не күтетіні сұралды, кейін олардың сөзі мен эмоциясы шынымен "жанама әсерлермен" салыстырылды. 

"Біз жанама әсерлер адамның жасына, жынысына және вакцинаның түріне байланысты екенін білеміз. Бірақ қазір біз адамдардың ойы жанама әсерлердің пайда болуына ықпал ететінін көріп отырмыз", - деді Орхус университетінің профессоры Лена Васе.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети