Биыл 31 мамырда Қырғызстандағы "Сапат" халықаралық білім мекемесінің басшысы, Түркияның тумасы Орхан Инанды із-түссіз жоғалып кетті. Инандыны іздестіруге қырғыз Ішкі істер министрлігінен мыңға жуық адам бөлінді. Ал 5 шілдеде Түркия басшысы "Сапат" басшысы ұсталғанын ресми түрде мәлімдеді. Осыған байланысты қырғыз елі Түркияға наразылық нотасын жіберген болатын. Екі елді әуреге салып қойған Орхан Инанды деген кім және оның басы неге дауға қалды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Биыл 31 мамырда Қырғызстандағы "Сапат" халықаралық білім мекемесінің басшысы, Түркияның тумасы Орхан Инанды із-түссіз жоғалып кетті. Инандыны іздестіруге қырғыз Ішкі істер министрлігінен мыңға жуық адам бөлінді. Ал 5 шілдеде Түркия басшысы "Сапат" басшысы ұсталғанын ресми түрде мәлімдеді. Осыған байланысты қырғыз елі Түркияға наразылық нотасын жіберген болатын. Екі елді әуреге салып қойған Орхан Инанды деген кім және оның басы неге дауға қалды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Орхан Инанды деген кім?
Орхан Инанды - Түркияның тумасы, кейінгі 25 жылда Қырғызстанда жұмыс істеген. 2001 жылдан бері Қырғызстандағы "Сапат" халықаралық білім мекемесінің басшысы. Қырғыз Республикасының азаматы. Ал Түркия биілігінің мәліметінше, ол әлі де түрік азаматы.
Ал "Сапат" Қырғызстанда 1992 жылы ашылған: 16 лицейдің, "Ала-Тоо" халықаралық университетінің, UWIS халықаралық мектебінің және 4 толық емес жалпы білім беретін мектептің құрылтайшысы. Бүгінде бұл мектептерде 10 мыңнан аса оқушы білім алып жатыр. Лицейлерде Қырғызстан, Түркия және тағы 52 елдің мұғалімі білім береді.
Анкараның мәліметінше, оның негізін қалаушы - уағызшы және FETO қозғалысының негізін қалаушы Фетхуллах Гүлен болуы мүмкін. Гүлен 1999 жылдан бері АҚШ-та тұрады, оған саяси баспана берілген болатын. Түркия билігі бірнеше рет оны елге қайтаруға тырысқан. Алайда АҚШ оны қайтарудан бас тартып отыр.
Гүленнің қозғалысы дүние жүзіндегі ондаған мектепті, оның ішінде, Кавказ бен Орталық Азия елдеріндегі мектепті қаржыландырып отыр. Түркия сол елдегі мектеп мұғалімдерін билікке қарсы әрекет етіп отыр деген айып тақты. Осы айыптауларға байланысты көптеген мұғалім сотталды.
Түркия тарапының мәліметінше, "Сапат" басшысы FETO террористік ұйымының қаржысын басқарып, оның басшыларымен тығыз байланыста болып, оның мүшелеріне жалған құжат берумен айналысқан. Бұл туралы 24.kg TRT Haber-ге сілтеме жасап мәлімдеген болатын. Басылым мәліметінше, Инанды 1985-1995 жылдар аралығында FETO құпия ұйымына қатысып, "қарулы террористік ұйым құру немесе оған басшылық ету" бойынша сотталған.
FETO - түрік тілінен аударғанда "Фетхуллах террористік ұйымы" деген мағына береді (Fethullahçı Terör Örgütü). 2016 жылы Түркия билігі Фетхулла Гүлленнің діни ұйымы мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етті деп айыптап, олар құрған ұйымды террористік деп таныған. Сонымен қатар, Түркияның мемарнасы Орхан Инанды ByLock қосымшасының қолданушысы екенін анықтаған. ByLock - жеке шифрланған байланыс арқылы сөйлесуге мүмкіндік беретін, смартфондарға арналған қосымша. Түркия билігінің мәліметінше, бұл қосымшаны қолдану Фетхуллах Гүленмен байланыс жасаудың дәлелі-мыс.
"Одан бөлек, Орхан Инанды Түркияның қарулы күштеріндегі қашқын Адил Оксюз Анкарада болған кезінде кездескен. Түркияның арнайы қызметтері ол 2001 жылдан бері Қырғызстандағы FETO-ға жауапты адам ретінде жұмыс істеп келеді деп санайды. 2017 жылы Фетхуллах Гүленнің тапсырмасымен Орхан Инанды өңірдің бас директоры болып тағайындалған. Телеарна мәліметінше, осылайша, ол FETO-ның Орталық Азиядағы қаржысына жауапты болған. Одан бөлек, Түркияның арнайы қызмет өкілдері Инанды Пенсильванияда тұрып жатқан FETO-ның басшысымен жиі кездесіп тұрған деп мәлімдеген", - делінген материалда.
Бір айдан аса уақыт бұрын, 31 мамырда "Сапат" басшысы Орхан Инанды із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Инанды кездесуге кеткен, артынша оның үйінен бірнеше шақырым жерде ашық күйде тұрған көлігі табылған. Өзі жоғалып кеткен.
Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Орхан Инандыны іздеу жұмыстарына құқық қорғау органдарының мыңға жуық өкілі тартылған. Инанды Қырғызстан бойынша барлық ауданнан, өзен арналарынан, егістіктерде және ауыл шаруашылығы алқаптарынан, қоқыс үйінділерінен және полигондардан іздестіріліпті.
Орхан Инанды ұсталды: екі елдің реакциясы қандай болды?
5 шілдеде Түркия президенті Режеп Ердоған қырғыз-түрік лицейлерінің басшысы Орхан Инанды ұсталғанын мәлімдеді. Ердоған өз сөзінде Ұлттық барлау ұйымы (Milli Istihbarat Teşkilatı) шетелдегі кезекті арнайы операцияны сәтті аяқтағанын айтты.
#SONDAKİKA
— TRT Haber Canlı (@trthabercanli) July 5, 2021
Cumhurbaşkanı Erdoğan: Milli İstihbarat Teşkilatımız son olarak FETÖ’nün Orta Asya genel sorumlusu Orhan İnandı’yı ülkemize getirerek adalete teslim etmiştir.https://t.co/ufUTkYZmG0 pic.twitter.com/kvnWygIVkb
Көп ұзамай Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Инандының ұсталуына қатысты пікір білдірді. Жапаров 24.kg порталына берген эксклюзив сұхбатында Орхан Инандының жоғалғаны туралы ақпарат шыға сала құқық қорғау органдарының басшыларымен жиналыс өткізгенін айтады.
"Мен оларға қолдан келгеннің бәрін жасап, мүмкіндігінше тез табуды тапсырдым. Артынша 2016 жылдан бері Орхан Инандыны ұстауға байланысты үш рет әрекет жасалғанын білдім. Үшінші әрекет қыста болған, оны Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қызметкерлері құтқарып қалды. Орхан Инанды мен оның отбасы бұл туралы білетін. Камчыбек Кыдыршаевич (ҰҚМК төрағасы - еск.) Инандыға жалғыз жүрмеу керегін, қасына оққағар алып жүру керегін айтқан, бірақ оған құлақ асқан ешкім жоқ", - деді Жапаров.
Артынша Қырғызстан президенті Түркияға наразылық нотасын жібергенін, бірақ ресми жауап әлі келмегенін айтты. Олар қырғыз тарапына Орхан Инанды әлі де Түркия азаматы екенін, түрік азаматтығынан шықпағанын ауызша ғана мәлімдеп жауап қатқан. Алайда Қырғызстан тарапы ресми жауапты күтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!