РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
24 января 2020 | 17:03

"Мессенджер арқылы қоңырау шалуға салық салынған" - Ливандағы тәртіпсіздік неден басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ливандағы тәртіпсіздік © REUTERS Ливандағы тәртіпсіздік © REUTERS

Ливанда үкіметке қарсы наразылық шаралары жалғасып жатыр. Былтыр қазанда Саад Хариридің отставкасынан кейін ел үкімет басшысыз қалды. Наразылық шарасына шыққан халық бұл лауазымды уақытша иеленген Хасан Диабадан жаңа министрлер кабинетін құрып, ел экономикасының оңалуына әрекет жасауды талап еткен. Tengrinews.kz тілшісі Ливандағы митингінің қалай өрбігеніне шолу жасады.


Ливанда үкіметке қарсы наразылық шаралары жалғасып жатыр. Былтыр қазанда Саад Хариридің отставкасынан кейін ел үкімет басшысыз қалды. Наразылық шарасына шыққан халық бұл лауазымды уақытша иеленген Хасан Диабадан жаңа министрлер кабинетін құрып, ел экономикасының оңалуына әрекет жасауды талап еткен. Tengrinews.kz тілшісі Ливандағы митингінің қалай өрбігеніне шолу жасады.

Халық не үшін наразы?

Ливан астанасы Бейруттағы наразылық шаралары әлі күнге дейін басылар емес. Тәртіп сақшылары наразы халықты тарқату үшін көз жасаурататын газ бен су тапаншаларын қолданған. Осымен төрт айға созылған наразылық шаралары былтыр 17 қазанда үкіметтің WhatsApp және басқа да мессенджерлер арқылы қоңырау шалуға салық салуынан басталған.

Яғни, 17 қазанда Ливанның министрлер кабинеті мессенджерлер арқылы қоңырау шалуға айына 6 доллар төлеуі тиіс деген шешім қабылдады. Сонымен қатар, ливандық министрлер темекі өнімдері, тауарға қосылған құнға салынатын салықты да 15 пайызға ұлғайтпақ болған. Алайда жергілікті тұрғындар бұл шешіммен келіспей, бірден көтеріліске шыққандықтан Ливан үкіметі салықтың бұл түрінен бас тартты. 


Ливандағы тәртіпсіздік © REUTERS

Одан бөлек, митингіге шыққандар экономикалық реформа жасап, жемқорлық әрекеттеріне қатысы бар шенеуніктерді соттауды талап еткен. Ал елдің премьер-министрі Саад Харири республикадағы халық наразылығы салдарынан отставкаға кеткен. 

"Хабар 24" телеарнасының мәліметінше, үкіметке қарсы ереуілге шыққан мыңдаған адам жол қозғалысын тоқтатып, резеңке мен қоқыс бөшкелерін өртеген. Наразы халық биліктің отсавкаға кетуін талап еткен. Себебі ереуілшілердің сөзінше, қазіргі үкімет халықты қанап, жемқорлықтың жайлауына жол берген.


Ливандағы тәртіпсіздік © REUTERS

Көтеріліс соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып, салдарынан 200 адам зардап шекті. Олардың 60-тан астамы - полиция қызметкері. Ливанның премьер-министрінің пікірінше, елдегі ереуіл биліктің емес, саяси қарсыластардың ұйымдастыруынан болып отыр. 

"Біз шаршадық. Ереуілге де сол үшін шығып отырмыз. Қазіргі билік отставкаға кетсін. Себебі елдегі экономикалық дағдарыстан қарапайым тұрғындар қажып бітті. Сайлауды шет елдіктер бақылап, 100 пайыздық әділ басшы тағайындасын", - дейді ереуілші Белаль Әл-Джамаль.

Елдегі экономикалық ахуал нашар

18-19 қарашада Бейрутта ірі қақтығыс болды: жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларымен қақтығысып қалды. Ливандағы Қызыл Крест ұйымының мәліметінше, қақтығыс салдарынан жүздеген адам зардап шеккен. 

РИА Новости мәліметінше, Ливандағы экономикалық ахуал әлі де мәз емес. Президент Мишель Аун былтыр қазанда мемлекет қаржы блокадасы мен санкциялардан зардап шегіп келе жатқанын мәлімдеген. Одан бөлек елде банк секторында валюта жетіспеушілігі байқалған. Шетелдік есепке ақша аударымдары тоқтатылып, аптасына 1000 доллар ғана беріліп, қолма қол ақша алу үшін комиссия да көтерілген. 


Ливандағы тәртіпсіздік © REUTERS

Сонымен қатар, ливандық фунт курсы долларға шаққанда екі айдың өзінде біршама әлсіреген. Бұл 30 жылда алғаш болып тұрған жайт: 1 доллар - 2,5 мың ливандық фунт.

21 қаңтарда президент сарайында үкіметтің жаңа мүшелері таныстырылды. Оның қатарында жаңа премьер-министр Хасан Дияб басқаратын 20 министр-технократ өз жұмысына кірісе бастады. Алайда Ливандағы тәртіпсіздіктер басыла қоймаған: жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларына тас атып, метал қоршауды бұзып, парламент қабырғасына басып кірмек болған. 

Үкіметке қарсы наразылық шарасына қатысушылар Бейруттағы бірнеше жолды және бірнеше маңызы бар көлік магистралін бұғаттап тастаған. Триполи қаласында да дәл осындай жағдай белең алған.


Ливандағы тәртіпсіздік © REUTERS

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети