РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
19 ноября 2019 | 16:57

"Мемлекеттік төңкеріс пе, сатқындық па?" Грузиядағы наразылық шаралары неден басталды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузиядағы наразылық шаралары © РИА Новости Грузиядағы наразылық шаралары © РИА Новости

Грузиядағы наразылық шарасының жалғасып келе жатқанына осымен бес айдың жүзі болды. Ресми мәлімет бойынша басты себеп - Ресей делегациясының Грузия парламентінің мәжіліс залында өткен парламентаралық православие ассамблеясының пленарлық отырысына қатысуы. Наразылық білдірушілердің сөзінше, ресейлік мемдуманың депутаты Сергей Гаврилов парламент төрағасының орнына отырып, мәжілісті орыс тілінде өткізген. Депутаттың бұл әрекеті жергілікті тұрғындар мен оппозициялық партиялардың қытығына тиіп, ақыры наразылық шараларына ұласқан. Tengrinews.kz тілшісі Тбилисидегі наразылық шараларының қалай өрбігенін баяндайды. 


Грузиядағы наразылық шарасының жалғасып келе жатқанына осымен бес айдың жүзі болды. Ресми мәлімет бойынша басты себеп - Ресей делегациясының Грузия парламентінің мәжіліс залында өткен парламентаралық православие ассамблеясының пленарлық отырысына қатысуы. Наразылық білдірушілердің сөзінше, ресейлік мемдуманың депутаты Сергей Гаврилов парламент төрағасының орнына отырып, мәжілісті орыс тілінде өткізген. Депутаттың бұл әрекеті жергілікті тұрғындар мен оппозициялық партиялардың қытығына тиіп, ақыры наразылық шараларына ұласқан. Tengrinews.kz тілшісі Тбилисидегі наразылық шараларының қалай өрбігенін баяндайды. 

Ресей депутатының парламент төрағасының орнына отырып алып, жиналысты орыс тілінде өткізуін жергілікті тұрғындар биліктің қорлауы және ұлттық мүддеге сатқындық деп бағалаған. Оппозиция өкілдері жиналысты тоқтатып, 20 маусымда наразылық акциясын ұйымдастырып, парламентке шабуыл жасаған. Елдегі тәртіпсіздік салдарынан, ресми мәлімет бойынша, 240 адам зардап шегіп, 300-ге жуық адам тұтқындалған. 

Митингіге келгендерді тарату барысында арнайы жасақтың әрекеті де қоғамның сынына ұшыраған болатын. Тұрғындар "полицейлердің аса қатыгездік танытып, резеңке оқты заңсыз пайдаланып, салдарынан бірнеше адам көру қабілетінен айырылғаны" үшін сөккен. 

20 маусымда кешке 5-7 мыңға жуық адам жиналған. Наразы тұрғындардың басты талабы - парламент төрағасы Ираклий Кобахидзе, мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы Вахтанг Гомелаури мен ішкі істер министрі Георгий Гахарияның отставкаға кетуі. Жиналған адамдар "Сакартвело" (Грузия), "Ресей - басқыншы" деп ұрандатып, тіпті Ресей туын өртеп жіберген. Ал Грузияның Бас прокуратурасы бұл наразылық шараларының басты мақсаты - мемлекеттік төңкеріс екенін алға тартқан. 


Георгий Гахария / Вахтанг Гомелаури / Ираклий Кобахидзе

Алғашында парламент ғимаратын қоршауға алған тәртіп сақшылары наразы тұрғындарға аса назар аудармаған. Алайда, БАҚ мәліметінше, тұрғындардың ашуы өршіп бара жатқанын аңғарған полицейлер оларға қарсы көзден жас ағызатын газ, сигнал ракеталары мен резеңке оқтар атқан. Наразылық білдірушілердің бір бөлігі қашып кеткенімен қайтып оралған. 

"Рустави-2" оппозициялық арнасының мәліметінше, наразылық кезінде шамамен үш адам көз жанарынан айырылған. 

Полиция өкілдері наразылық шараларын тек 21 маусымда таңертең тоқтата алған. "Еуропалық Грузия" партиясының басшысы Гига Бокерия "Грузия арманы" партиясына оппозицияның бірлескен ультиматум талаптарын қойды.

Наразылыққа шыққандар билік өкілдерін неліктен кінәлап отыр?

Оппозиционерлердің сөзінше, парламент төрағасы Ираклий Кобахидзе елде болған дағдарысқа кінәлі. Себебі ол парламентаралық православие ассамблеясының мәжілісін өткізуге рұқсат берген. 

Айта кетейік, парламентаралық православие ассемблеясы - 1993 жылы грек парламентінің бастамасымен құрылған парламентаралық ұйым. Грекиямен қатар ассамблеяда көшбасшы - Ресей. Штаб-пәтері Афинада орналасқан. Бүгінде ассамблеяға 25 мемлекеттің делегациясы мүше. Оның ішінде Қазақстан да бар. 

Оппозиционерлер ішкі істер министрі Георгий Гахарияны наразылық шараларына қатысқандарға қарсы қару-жарақ қолдануға рұқсат берді деп айыптаған. Оппозиция мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы Вахтанг Гомелауриді ресейлік депутат Сергей Гавриловқа Грузияға кіруге рұқсат бергені үшін отставкаға кетуін талап еткен. Наразы тұрғындардың сөзінше, Гаврилов 1993 жылы Грузияға қарсы абхаз әскерінің жағында болып, ұрыстарға қатысқан-мыс. 

Ал Грузия президенті Саломе Зурабишвили Ресей олардың қас жауы екенін айтып, елдегі ішкі қақтығыстарға орыс саясатын жүргізуге ықпал етіп жатқан адамдар екенін мәлімдеген. 

"Ресей - біздің жауымыз және басқыншы ел. Ресей басқаратын бесінші колонна, бәлкім, бүгінгі ашық агрессияға қарағанда да қауіпті болуы мүмкін. Қоғамның екіге бөлінуі мен ішкі наразылықтың Ресейден басқа ешкімге пайдасы жоқ. Және де бұл - ең тиімді қару", - деп мәлімдеді Грузия президенті. 


Грузия президенті Саломе Зурабишвили © ru.wikipedia.org

21 маусымда парламент төрағасы Ираклий Кобахидзе отставкаға кетті. Қоғамдағы шиеленіс аздап саябырсығанымен, наразылық шаралары тоқтамады. 

Елдегі жағдайға байланысты Грузияда антиресейлік шаралар жиілеген. Мәселен ресейлік туристер үшін мейрамханадағы баға 20 пайызға қымбаттап, кинотеатрларда фильмдерді орыс тілдегі субтитрсіз көрсеткен. 

2 қыркүйекте Грузия премьер-министрі Мамука Бахтадзе отставкаға кетіп, 3 қыркүйекте экс-премьер министрдің орнына "Грузия арманы" билеуші партиясы ІІМ басшысы Георгий Гахарииді ұсынды. 


Грузиядағы наразылық шаралары © РИА Новости

Ал 17 қарашада грузин парламентінің алдына мыңдаған адам жиналып "Біріккен оппозиция" мен Михаил Саакашвили басқаратын "Біртұтас ұлттық қозғалыс" оппозициялық партияларының қатысуымен митинг басталды. Олар парламент ғимаратын қоршауға алатынын айтқан. Грузия ІІМ наразылық акцияларына қатысатын адамдарға қарсы күш қолдануға мәжбүр болатынын мәлімдеген. Бүгінде оппозицияның талабы сол қалпы - Георгий Гахарияның отставкасы, уақытша үкімет құру, 2-3 айдан кейін кезектен тыс парламент сайлауын өткізу және 20-21 маусымда наразылық шараларына қатысқан саяси тұтқындарды босату. 

Наразылық шараларының салдары

Коммерсантъ мәліметінше, Тбилисиде болған оқиғалар Ресей-Грузия ара қатынасын біршама нашарлатып тастады. Мәселен 21 маусымда Владимир Путин ресейлік әуекомпанияларға 8 шілдеден бастап Ресейден Грузияға жолаушыларды тасымалдауға тыйым салатын жарлыққа қол қойған. Бұл жарлық ресейлік туристер Грузияда жүріп-тұру қауіпсіз болған кезде ғана күшін жояды. Оған қоса, ресейлік әуежайлар грузин әуекомпаниялары үшін жабық. Ал туроператорлар мен турагенттіктерге жарлық күшін жоймайынша Ресейге жолдама сатуды тоқтату керегі айтылған. 

Грузин сарапшылары ресейлік компаниялар әуе жоладарын тоқтатумен қатар ауыл шарушылығы өнімдері, шарап және минерал су тасымалын тоқтатуы мүмкін деп болжаған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы 24 маусымда Грузияға жасалған шектеулер елдегі "русофобия" тоқтаған кезде алып тасталуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети