Елімізде Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында болған жарылыс барша халықты дүр сілкіндірді. Соңғы деректер бойынша, қалада шамамен 50 жарылыс болып, салдарынан 3 адам қаза тапты, 160-қа жуық адам зардап шеккен. Бұл оқиғаға ұқсас жағдайлар әр жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде де болған. Tengrinews.kz тілшісі 2000 жылдардан бері адам өмірін көп жалмаған жарылыстарға шолу жасады.
Елімізде Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында болған жарылыс барша халықты дүр сілкіндірді. Соңғы деректер бойынша, қалада шамамен 50 жарылыс болып, салдарынан 3 адам қаза тапты, 160-қа жуық адам зардап шеккен. Бұл оқиғаға ұқсас жағдайлар әр жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде де болған. Tengrinews.kz тілшісі 2000 жылдардан бері адам өмірін көп жалмаған жарылыстарға шолу жасады.
Мексика
Биыл қыста қаңтардың 18 жұлдызында мексикалық Идальго штатында қайғылы оқиға болған. Туспан - Тула құбыры жарылып, кей деректер бойынша әдейі тесілген, жүздеген адам кешке қарай ағып жатқан бензинді құйып алып жатқан кезде күшті жарылыс болды. Ол ары өртке ұласты. Салдарынан 115 адам қаза тапқан, 80-нен аса адам жараланған. Оқиға болған жерде кемінде 350 адам болған.
2013 жылдың 31 қаңтарында Pemex мексикалық мұнай компаниясының биік ғимаратында жарылыс болды. Қаза болғандардың саны 37 адамға жетті, 100-ден астам адам зардап шекті. Жарылыс жертөледе газдың ауауға тарап, жиналуының нәтижесінде болды.
© REUTERS / Henry Romero
© REUTERS / Alejandro Dias
© REUTERS / Alejandro Dias
© REUTERS / Bernardo Montoya
© REUTERS / Bernardo Montoya
Ресей
Былтыр 31 желтоқсанда Магнитогорск қаласында тұрмыстық газдың жарылысы салдарынан он қабатты тұрғын үйдің кіреберісінің бірі опырылып түсті. Құтқару операциясы төрт тәулік бойы жүргізіліп, үйінділерден 39 адамның мәйіті шығарылған.
© РИА Новости / РФ ТЖК
2013 жылы 9 мамырға қараған түні Кемерово облысындағы "Распадская" көмір шахтасында екі жарылыс болды. Олардың арасы 4 сағат болған. Апат салдарынан 91 адам мерт болып, 99 адам медицина көмегіне жүгінген.
© РИА Новости / Александр Кряжев
2007 жылдың 19 наурызында Кемерово облысындағы "Ульяновская" шахтасында метан жарылған. Апат кезінде жер астында 203 адам болған. Олардың 108-і қаза тапты.
Үндістан
Былтыр 16 ақпанда Үндістан қаласы Беаварда той болып жатқан үйде газ баллоны жарылды. Нәтижесінде ғимараттың тас-талқаны шығып, опырылып қалды. 18 адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды.
Ал 2016 жылдың 31 мамырында Үндістандағы Махараштра штатындағы оқ-дәрілер сақталған қоймада жарылыс болып, ірі өрт шықты. Әр түрлі мәліметтер бойынша, 17 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алған.
Maharashtra: Defence Minister Manohar Parrikar meets people injured in #Pulgaon Central ammunition depot fire pic.twitter.com/sClwDoe2iK
— ANI (@ANI) May 31, 2016
Қытай
2015 жылдың 12 тамызында Қытайдаң Тяньцзинь қаласындағы Биньхай жаңа ауданында теңіз портында өрт шықты. Жергілікті уақыт бойынша сағат 22:50-де қауіпті химиялық заттарды тасымалдаумен айналысатын "Жуйхай" фирмасының қоймаларында өрт шықты. Кейін тергеушілер жалын ыстық күнде құрғақ нитроцеллюлоза қызып кеткеннен пайда болғанын анықтады. Кейін ол басқа контейнерге ұласып, аммоний нитраты және басқа да химикаттары бар көршілес контейнерлер жарылған. Құрбандарының жалпы саны 173 адам, қаза болғандардың ішінде 92 өрт сөндіруші бар. 224-ден астам адам ауруханаға түскен.
Кейін 15 тамызда ауаға натрий цианиді таралып кеткені анықталып, жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталған.
2016 жылы 31 қазанда Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин муниципалитіндегі көмір шахтасында жарылыс болып, 33 кенші қаза тапты. Жұмыс барысындағы немқұрайлылық осындай қайғылы оқиғаға себепкер болған. Шахтада ескірген, жарамсыз, жөндеуге келмейтін жабдықтар пайдаланылған, ауа дұрыс алмаспаған.
© desmogblog.com
Сол жылы 5 ақпанда Воркутада "Северная" шахтасында екі жарылыс болды. 748 метр тереңдікте болған жарылыстың саны келесі күндері тағы бесеуге көбейген. Апат кезінде шахтада 110 адам болған, оның 80-і сыртқа шығарылып, аман қалды. 36 адам, оның ішінде бес тау-кен құтқарушысы қаза тапты. Қайғылы оқиға нақты қандай себептерге байланысты болғаны белгісіз. Бір нұсқа бойынша апат табиғи катаклизмнан болған, бірі жұмысшылардың салғырттығы дейді, тағы бірі шахтерлерді қауіпті жағдайға қарамастан жұмыс істеуге мәжбүр етті деген нұсқа айтады.
© РИА Новости / Владимир Юрлов
Украина
2015 жылдың 4 наурызында Донецк халық республикасындағы Засядько атындағы шахта аумағында жарылыс болып, 33 кенші қаза тауып, 16 адам зардап шеккен.
© REUTERS / Baz Ratner
Тайвань
2014 жылдың 31 шілдесінде Тайванның оңтүстік-батысында орналасқан Гаосюн қаласындағы газ құбырында пропилен жанғыш газы ауаға тарап кеткен. Қалада кем дегенде бес жарылыс болды, одан жолдағы асфальт бүлінген. Жер асты жарылыстары 24 адамның өмірін қиды, 270-ке жуық адам зардап шекті.
© REUTERS / Stringer
© REUTERS / Toby Chang
Конго
Ал 2014 жылдың 26 қаңтарында Конго Демократиялық Республикасындағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыс салдарынан 20 адам қаза тауып, тағы 50 адам жараланды. Мбужи-Майи қаласындағы қойма аумағына найзағай түсіп, өрт шыққан, содан кейін жарылыс болды.
Ұлыбритания
2005 жылдың 11 желтоқсанында Ұлыбританияда Хартфордширдегі мұнай сақтайтын қоймада ірі өрт болды. Бұл терминал корольдіктегі мұнай өнімдерін сақтайтын көлемі жағынан бесінші орында тұрған, сыйымдылығы шамамен 273 миллион литр болатын қойма. Оны сөндіруге 25 техника, 180 өртсөндіруші жұмылған. Ақпараттар бойынша, 43 адам зардап шеккен.
Франция
2001 жылдың 21 қыркүйегінде Францияның Тулуза қаласында AZF зауытында қайғылы оқиға болды. Онда белгісіз себептермен 300 тонна аммоний нитраты сақталған ангар жарылды, салдарынан 30 адам қаза тауып, мыңдаған адам зардап шегіп, қаладағы ғимараттардың тас-талқаны шыққан.