РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 апреля 2020 | 16:41

Коронавирус сөзін қолдануға тыйым салынған елдің қазіргі жағдайы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Түрікменстандағы жергілікті БАҚ хабарлауынша, елде коронавирусқа байланысты мектептер мен басқа да мекемелер жабылмаған. Бірақ олар хлормен дезинфекцияланып тұрады. Сондай-ақ, Ашхабадта тойлар, спорттық іс-шаралардың бәрі кейінге шегерілген. Спортзал, бассейндер жабылған. Бір қызығы Түрікменстанда коронавирус сөзін қолдануға тыйым салынған. Сондай-ақ, ел президенті вирусты адыраспанмен емдеуді ұсынған. Түрікменстанда коронавирусқа қатысты қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Түрікменстандағы жергілікті БАҚ хабарлауынша, елде коронавирусқа байланысты мектептер мен басқа да мекемелер жабылмаған. Бірақ олар хлормен дезинфекцияланып тұрады. Сондай-ақ, Ашхабадта тойлар, спорттық іс-шаралардың бәрі кейінге шегерілген. Спортзал, бассейндер жабылған. Бір қызығы Түрікменстанда коронавирус сөзін қолдануға тыйым салынған. Сондай-ақ, ел президенті вирусты адыраспанмен емдеуді ұсынған. Түрікменстанда коронавирусқа қатысты қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Түрікменстандағы қазіргі жағдай қандай?

Түрікменстанда ресми түрде коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген. Бұл мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Тәжікстандағы ресми өкілі Галина Перфильева "Таджикистан" телеарнасына берген сұхбатында растаған. 

Бірақ "Хроники Туркменистана" мәліметінше, елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам анықталған. Науқастарға H1N1 шошқа тұмауына қарсы вакцина салынған көрінеді. Сондай-ақ емдеуде оттегі жастықшалары қолданылады екен.

Жергілікті тұрғыны аноним түрде The Люди YouTube-арнасына коронавирусқа қатысты жағдайды айтып берген. Оның айтуынша, елде маска тағуға тыйым салынған.

"Бізде маска тағуға тыйым салынған. Егер сенің маска тағып жүргеніңді көрсе жазалайды. Сұрақтың астына алады. Полиция бөлімшесіне алып кетеді. "Дүрбелең тудырудың не қажеті бар, бізде ештеңе жоқ" деп айтады", - дейді қала тұрғыны.

Еске салайық, 24 ақпанда Ашхабад тұрғынын медициналық маска кигені үшін полицейлер ұстаған болатын. "Хроники Туркменистана" мәліметінше, әйел адамды үйінен қайтып бара жатқан жерінен полицейлер тоқтатқан. Тұрғылықты мекенжайы бойынша мәселе болмаған, алайда командирге әйел адамның маскамен жүргені ұнамаған. Ұсталған тұрғын ол тек дәрігерлердің нұсқауын орындағанын айтқан. Бірақ оны полиция бөлімшесіне жеткізіп, 249 манат (шамамен 26 800 теңге) айыппұл салған.

Аноним түрде сұхбат берген қала тұрғынының айтуынша, жергілікті тұрғындарда қорқыныш бар.

"Азық-түлік жетіспейді. Дүкенде барының бағасы қымбат. Ал билік қалай әрекет етіп жатыр? Билік "бізде бәрі жақсы" деп ештеңені көрмеген сыңай танытады", - деді тұрғын.

Елде "коронавирус" сөзін қолдануға тыйым салынғаны рас па?

"Хроники Туркменистана" басылымының мәліметінше, Түрікменстанда коронавирус сөзін қолдануға тыйым салынған. Ақпанда "Азатлык Радиосы" елдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус туралы және оның қаупі туралы брошюралар таратқаны туралы жазған. Буклеттер мектеп, аурухана мен кәсіпорындарға таратылған.

Алайда "Хроники Туркменистана" тілшілері жаңа буклеттерде коронавирус сөзі жоқ болып кеткенін жазған. Себебі, енді коронавирус сөзі, жіті респираторлық вирустық инфекциялар сөзіне ауыстырылған көрінеді.

Сондай-ақ, Ашхабадтағы "Азатлык Радиосының" мәліметінше, көшеде коронавирус туралы әңгімелескен адамдар тұтқындалуы мүмкін. Одан бөлек, құқық қорғау органдарының өкілдері өзге азаматтармен кезекте тұрып, не туралы сөйлесіп тұрғанын аңдитын көрінеді.

Адыраспанмен емделу

Түрікменстан президенті үкімет отырысында азаматтарға коронавирустан қалай қорғанған дұрыс екенін айтқан. Гурбангулы Бердымухамедов вирустан қорғанудың ең тиімді жолы - адыраспанмен аластау деген.

Жалпы түрікмендер адыраспанды түрлі аурудан қорғану үшін қолданатын көрінеді.

"Біздің ата-бабаларымыз дәстүрге берік болған: маңызды шара кезінде, жаңа үйге көшкенде, үйленгенде, тіпті белгілі бір уақытта инфекциялық ауру пайда болғанда адыраспанды қолданған", - деді Бердымухамедов.

Одан бөлек, түрікменстандықтар коронавирустан қорғану үшін қойдың басы мен сирағынан сорпа жасап іше бастаған. Бұл өнімге сұраныс артқанын байқаған сатушылар оның бағасын да қымбаттатып жіберген. 

Айта кетейік, ресми мәліметтерге сүйенсек коронавирус инфекциясы әлі Азияның төрт еліне: Тәжікстан, Түрікменстан, Солтүстік Корея мен Йеменге жетпеген. Сондай-ақ, COVID-19 Африканың екі елінде: Комор аралдары, Лесотода жоқ.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети