РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 апреля 2020 | 16:46

Коронавирус "испан тұмауын" қайталауы мүмкін бе? Мамандардың болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Дүние жүзі бойынша ғалымдар коронавирус пандемиясының нақты қашан аяқталатынына түрлі болжам жасап жатыр. Нақты карантин режимінің қашан аяқталатыны да белгісіз. COVID-19-дан құрбан болатын адам санына да қатысты жантүршігерлік болжамдар айтылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус пандемиясына байланысты айтылған болжамдарға шолу жасады.


Дүние жүзі бойынша ғалымдар коронавирус пандемиясының нақты қашан аяқталатынына түрлі болжам жасап жатыр. Нақты карантин режимінің қашан аяқталатыны да белгісіз. COVID-19-дан құрбан болатын адам санына да қатысты жантүршігерлік болжамдар айтылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус пандемиясына байланысты айтылған болжамдарға шолу жасады.

АҚШ-та орта есеппен 60-65 мың адам қайтыс болуы мүмкін

Америка құрама штатында қазірдің өзінде коронавирус инфекциясынан 45 мыңнан аса адам қайтыс болған. Ал АҚШ-та Дональд Трамп коронавирус инфекциясынан 60-65 мың адам қайтыс болуы мүмкін деп болжады. Бұл туралы ол 17 сәуірдегі Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында айтқан.

"Орташа 100 мыңға жетпейді деп ойлаймын. Қазір 60-65 мыңға жылжып келе жатқан секілдіміз", - деді Трамп.

Сондай-ақ, Трамп егер билік дер кезінде әрекет етпеген болса 2,2 миллион адам көз жұмған болуы мүмкін екенін айтқан. АҚШ басшысының сөзінше, мұндай жағдайда орташа есеппен 1,6 миллион адам қайтыс болуы мүмкін екен.

Америкалық сарапшылар коронавирустың шамамен қашан аяқталатынын болжады

Америкалық сарапшылар коронавирус өршіп тұрған бірнеше елге болжам жасаған. Дүниежүзінің көптеген елінде карантин шамамен маусым-шілде айларында аяқталуы мүмкін. Сарапшылар жүргізген зерттеу бойынша, кей елде эпидемияның нақты қашан аяқталатыны әлі белгісіз. Олардың айтуынша, Еуропа және америка континентінің елдерінде ауырғандар саны ең көп болатын кезең сәуірдің екінші жартысы мен мамырға сәйкес келетін көрінеді. Сәйкесінше ол елдерде карантин шілденің басында аяқталуы мүмкін екен. 

Boston Consulting Group болжамы бойынша, Ресейде ауырғандар саны ең көп болатын кезең мамырдың басында тіркелуі мүмкін. Сарапшылар карантиннің аяқталуы шілденің соңына, маусымның бас кезіне сай келеді деп отыр.

Коронавирусқа қарсы иммунитет 80 пайыз адамда қалыптасады

Трансплантолог Михаил Каабак COVID-19-ға қатысты позитив болжам жасады. Оның айтуынша, адамзаттың 80 пайызында коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады.

"Менің ойымша, тест дайын болғанша 80 пайыз адамда коронавирусқа қарсы жақсы иммунитет қалыптасады және сол адамдар вирус жұғады деп қорықпауына болады. Сол кезде адамдар қалыпты өмір сүре бастайды", - деді дәрігер.

Михаил Каабактың айтуынша, пандемия өздігінен басылады.

"Біз, адамзат патогендерге жататын коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптастыра аламыз. Сондықтан эпидемия өздігінен басылады", - деп түсіндірді маман.

"Коронавирустан 15 миллион адам көз жұмады"

Мұндай болжамды Аустралия ұлттық университетінің ғалымдары жасаған. Business Insider хабарлауынша, COVID-19-дың дамуы бойынша бірнеше сценариі болуы мүмкін.

Алғашқы нұсқа бойынша, эпидемия Қытайда сақталады.

"Сараптама нәтижелері қорқынышты. Ең жақсы деген болжамның өзінде COVID-19-дан 15 миллион адам қайтыс болып, әлемдік жалпы ішкі өнім 2,4 триллион доллар шығынға батады", - делінген болжамда. 

Бұл болжам 1986-1969 жылдары болған, 1 миллонға жуық адамның өмірін қиған "гонконг тұмауының" салдарына сүйеніп жасалған екен.

Тағы бір болжам бойынша, коронавирус 1918-1920 жылдары болған "испан тұмауының" сценариін қайталауы мүмкін. Ондай жағдайда коронавирустан қайтыс болатындардың саны айтарлықтай көп болады: 68 миллион адам көз жұмып, дүние жүзінің экономикасына 9 триллион доллар көлемінде залал келуі мүмкін.

Коронавирус маусым сайын қайталанып отыратын ауру түріне айналса, жыл сайын 15 миллион адам қайтыс болуы мүмкін екен.

Еске салайық, дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 2,5 миллионнан асып, 179 мыңға жуық адам қайтыс болды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети