РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 октября 2020 | 12:51

"Қорқынышты түс сияқты". Грузияда тұрғындарды кепілге алған адам әлі ұсталмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sputnik © Sputnik

21 қазанда Грузияның Зугдиди қаласында пулеметпен және гранатамен қаруланған қаскөй банк филиалының ғимаратына басып кіріп, 500 мың доллар талап еткен. Ол 43 адамды кепілге алған. Кепілдегі адамдарды босатуға қатысты арнайы операция бірнеше сағатқа созылған. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтады.


21 қазанда Грузияның Зугдиди қаласында пулеметпен және гранатамен қаруланған қаскөй банк филиалының ғимаратына басып кіріп, 500 мың доллар талап еткен. Ол 43 адамды кепілге алған. Кепілдегі адамдарды босатуға қатысты арнайы операция бірнеше сағатқа созылған. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтады.

Сәрсенбі күндізгі уақытта басқыншы Грузия Банкінің бөлімшесіне басып кіріп, сондағы адамдарды кепілге алған. Sputnik Грузия мәліметінше, ол жарты миллион доллардан бөлек тікұшақ талап еткен. Қылмыскер егер тәртіп сақшылары шабуыл жасаса қолындағы гранатаны жарып жіберетінін айтып қорқытқан.

РИА Новости мәліметінше, грузин телекомпаниялары оқиға кезінде бірнеше адам өрт кезінде шығатын баспалдақ пен шатыр арқылы қашып үлгерсе, егде жастағы адамдар мен аяғы ауыр әйелдерді қылмыскердің өзі шығарып жібергенін хабарлаған.

"Бұл қорқынышты түс немесе қорқынышты фильм секілді. Мұндай жағдай біздің қаламызда болғанына сене алар емеспін. Мені Құдай сақтап қалды, бәрі аман қалсе екен", - деген екен кепілден босатылып шыққан әйел.

21 қазан кешкі уақытта телекомпаниялар арнайы операцияның аяқталғанын және кепілге алынғандардың бәрі босатылғанын хабарлады.

Елдің Ішкі істер министрлігі арнайы операция қазір қандай кезеңде екенін және өзге де мән-жайын нақтыламаған.

"Оқиға орнында арнайы жедел және тергеу іс-шаралары аяқталған жоқ және белсенді жүргізіліп жатыр. Операцияны жүзеге асыруға кедергі келтіруі мүмкін расталмаған ақпаратты таратудан тағы да бас тартуға шақырамыз. Оқиға орнында тергеу шаралары жалғасып жатыр", - делінген ІІМ хабарламасында.

© Sputnik

БАҚ мәліметтері бойынша, қылмыскер ғимараттан кепілдегі адамдардың артынан, қолына граната ұстап тығылып шыққан. Басқыншы үш адамды қалқан ретінде пайдаланып, олардың қолын байлап тастаған. Төртінші адам, болжам бойынша, ақшаны алып келген полицей сөмке ұстап, қылмыскердің артында келе жатқан.

"Үш адамнан басқамызды босатты. Полиция өкілі ақша алып келді...", - деп жазды Ираклий Кварацхелия есімді кепілдегі адамдардың бірі Facebook желісіндегі парақшасында.

Бейбіт тұрғындарды кепілге алған адамның ұсталғаны немесе ұсталмағаны туралы әлі белгісіз. Sputnik Беларусь мәліметінше, қылмыскер кепілге алынған адамдармен полицейлердің көлігімен кетіп қалса, РИА Новости тәртіп сақшылары басқыншыны ұстап, ғимараттан шығарғанын хабарлаған. Грузияның Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты әлі ресми мәлімдеге жасамаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети