Таяуда сайтымызда АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс туралы мақала шыққан. Онда АҚШ жіберген зымырандар мен ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімі туралы жазылған еді. Бүгін Иран америкалық базаларға зымыранмен соққы жасап, өздері уәде бергендей кек қайтарды. Tengrinews.kz тілшісі АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың қалай өрбіп жатқанына шолу жасады.
Таяуда сайтымызда АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс туралы мақала шыққан. Онда АҚШ жіберген зымырандар мен ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімі туралы жазылған еді. Бүгін Иран америкалық базаларға зымыранмен соққы жасап, өздері уәде бергендей кек қайтарды. Tengrinews.kz тілшісі АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың қалай өрбіп жатқанына шолу жасады.
Иран генералдың өлімі үшін кек алды
Бүгін Ирактың батысындағы америкалық Эйн-әл-Асад әскери базасына зымыранмен соққы жасалды. Соққы үшін жауапкершілікті Иран Ислам революциясы күзетіндегі корпусы (ИРКК) өз мойнына алды. Press TV Twitter-аккаунты соққы сәті түсірілген бейнежазба жариялады. "ИРКК Ирактағы Эйн-әл-Асад америкалық әуебазасы бойынша он зымыран соққысы жасалғанын растайды", - делінген хабарламада. Телеарна мәліметтері бойынша, соққы - америкалықтардың Иран генералы Касем Сулейманидің өлтіруіне жауабы.
"Кегіміз қорқынышты болады". Иран неге АҚШ-қа тіс қайрап отыр?
© Reuters
Көп ұзамай Иран Ирактағы америкалық Эйн-әл-Асад әскери базасына екінші соққы толқынын жасады. Ислам революциясы күзет корпусы АҚШ-ты құрбандар санын арттырмау үшін Таяу Шығыстан әскерін шығаруға шақырды.
Fox News телеарнасының мәліметі бойынша, Иран америкалық әскерилер орналасқан Ирактағы базаларға 15 баллистикалық зымыран жіберген, оның 11-і нысанаға дәл тиген. 10 зымыран Анбар провинциясындағы Эйн-әл-Асад базасына, біреуі Эрбилдегі базаға құлаған. Екі соққының арасы бір сағаттай болған.
? ?? JUST IN ?? ?
— Press TV (@PressTV) January 7, 2020
PRESS TV EXCLUSIVE
First #IRGC footage emerges showing #Iran missiles targeting #AinAlAssad airbase in #Iraq in response to General #Soleimani's assassination.#GeneralSoleimani #DecisiveResponse #SoleimaniAssassination pic.twitter.com/vpXA0HvLXG
Ал Press TV телеарнасы басқаша мәлімет таратты. Иран Ирактағы америкалық базаларға 22 зымыран жіберген. Оның екеуі жарылмай, 15-і Эйн-әл-Асад базасына, бесеуі Эрбил аумағына құлаған.
Иран соғыс үшін емес, қорғану үшін соққы жасаған
Иран америкалық базаларға зымыранмен шабуылдағаннан кейін ресми мәлімдеме жасады. Ирандықтар соғысуға мүдделі емес екенін, ал АҚШ базаларына зымыран соққысын өзін өзі қорғау мақсатында жасағанын мәлімдеді.
"Иран БҰҰ-ның 51-жарғысына байланысты өзін-өзі қорғау мақсатында біздің азаматтарымыз бен жоғары лауазымды адамдарға қарсы қарулы шабуыл жасалғандықтан базаға соққы жасады. Біз соғыс ашуға мүдделі емеспіз, алайда өзімізді кез келген агрессия алдында қорғаймыз", - деді Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф Twitter желісіндегі парақшасында.
Iran took & concluded proportionate measures in self-defense under Article 51 of UN Charter targeting base from which cowardly armed attack against our citizens & senior officials were launched.
— Javad Zarif (@JZarif) January 8, 2020
We do not seek escalation or war, but will defend ourselves against any aggression.
Иран соққысынан кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ирак Күрдістаны премьері Масрур Барзанимен келіссөз жүргізген. Себебі Иран жіберген зымындардың бір бөлігі Күрдістандағы Эрбиле базасына да түскен болатын. Қазір екі тарап тығыз байланыста.
АҚШ президенті үнсіз
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әуеден шабуылына нақты жауап берген жоқ. Ол жауабын сәрсенбінің таңында бергелі отыр. Ал Вашингтонда қазір түн.
"Бәрі жақсы! Зымырандар Ираннан екі әскери база бойынша атылды. Қазір келтірілген залалды бағалау жүріп жатыр. Барлығы жақсы жүріп жатыр! Қазіргі таңда біздің әскерилер әлем бойынша мықты жасақталған әрі ең мықты әскерилер! Мәлімдемені ертең таңертең жасаймын", - деді АҚШ президенті.
All is well! Missiles launched from Iran at two military bases located in Iraq. Assessment of casualties & damages taking place now. So far, so good! We have the most powerful and well equipped military anywhere in the world, by far! I will be making a statement tomorrow morning.
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) January 8, 2020
Ирандық Press TV телеарнасының хабарлауынша, соққы салдарынан 80 адам қаза тапқан. Бірақ Ирак әскерінің баспасөз қызметі америкалық базаларға зымыран түсуіне қатысты мәлімдеме жасады. Соққы салдарынан Ирак әскерилері зардап шекпеген. Fox News телеарнасының мәліметінше, соққыдан америкалықтарда да адам шығыны болмаған.
CNN телеарнасының деректері бойынша, Иран соққыларынан кейін қазір АҚШ пен Ирак билігі кеңесіп жатыр.
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахт-Раванчи ұйымның бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдады. Хатта Иранның өз халқын, тәуелсіздігі мен аумағын, ұлттық мүдделерін қорғай беретіні жазылған. Сонымен қатар, олар өздерін қорғай отырып, төнген әр қауіпке шара қолданатынын жеткізді.
Әуе компаниялары Ирак пен Иран үстінен ұшпайды
Таяу Шығыстағы қақтығыс басқа елдерді де алаңдатып отыр. Мысалы, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ 11 қаңтарда Таяу Шығысқа іссапармен барғалы отырған. Бірақ Иран мен АҚШ арасындағы әскери қақтығысқа байланысты жоспарын кейінге шегерген, - деп жазады Киодо агенттігі.
Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас Иранның бұл әрекетін сынға алып, қақтығысты ұлғайтпауға шақырды. Еуроодақ мүшелері де бұл жағдайға алаңдаулы. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен қару қолдануды доғарып, диалогқа орын беруге шақырды. Қытай да мәселені диалог жүзінде шешуге кеңес берді.
Air France пен Air Astanа әуе компаниялары Ирак пен Иранның үстінен ұшпайтындарын хабарлады.
Иран қақтығысты тоқтатуға дайын
© AP Photo
Енді бүкіл әлем АҚШ-тың қалай жауап беретінін күтіп отыр. Бұған дейін Трамп Иран қандай да бір қарсы әрекет жасаса, елдің 52 нысанына зымыран жіберемін деп уәде берген еді. Бірақ әзірше америкалық тарап ресми мәлімдеме не әрекет жасаған жоқ.
NBC News телеарнасының мәлімдеуінше, Иран АҚШ нысандарына енді соққы жасамауға дайын. Ол үшін өз талаптары бар.
"Америка құрама штаттары шабуылдың екі толқынына жауап бермесе, Иран да соққыларын доғарады. Бірақ АҚШ жауап берсе, Иран аймақтағы барлық америкалық базаға шабуыл жасайды", - деді телеарна журналисі.
Иранның тағы да соққы жасауға дайын екенін CNN телеарнасы да мәлімдеді. Егер бүгінгі шабуылдарға АҚШ жауап берсе, Иран америкалықтардың өзіне соққы жасауды көздеп отыр екен. Одан бөлек, Иран АҚШ-тың одақтастары - БАӘ мен Израильге де бомба тастауға дайын екенін жария етті.