РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
28 апреля 2020 | 12:34

"Қазір өліп кететіндей жөтелдім". Коронавирусты жеңгендердің әңгімесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, дүние жүзінде 878 мыңнан аса адам коронавирустан айыққан. Олардың кейбірі коронавирусты қалай жеңгенін айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусты жеңген адамдардың әңгімесі туралы баяндайды.


Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, дүние жүзінде 878 мыңнан аса адам коронавирустан айыққан. Олардың кейбірі коронавирусты қалай жеңгенін айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусты жеңген адамдардың әңгімесі туралы баяндайды.

"Ішім ауырып, тамағым аши бастады"

Атыраулық Айкөркем Күсесова - студент, Канадада білім алады. Коронавирус пандемия деп жарияланғаннан кейін университет онлайн оқуға көшкен. Барлық студентті үйіне жіберген. Атырауға жеткен кезде Кусесова мен басқа да адамдарда карантинге жатқызған.

"Бастапқыда менде ешқандай белгілер болмады, өзімді жақсы сезіндім. Дене қызуым жоқ болғандықтан жақында үйге қайтамын деп қуанып жүрдім. Бірақ дәрігерлер менде вирус расталғанын айтты. Қатты жыладым, болашағым бұлыңғыр болып көрініп кетті", - дейді Айкөркем "Мой Город" порталына берген сұхбатында.

Айкөркем 8 сәуірде Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Бірінші күн қорқынышты өткен екен. Айкөркем жақындарына қайта-қайта қоңырау шалып, "Не істеуім керек?" деп сұрай берген.

"Мені ауруханаға түскен соң екі дәрімен емдеді. Ол дүние жүзінде қолданылатын препараттар. Бастапқыда ішім ауырып, тамағым аши бастады. Бірақ дәрігерлер бұл менің жағдайымда қалыпты жайт екенін айтты. Бір палатада үш адам жаттық. Біреуінде құрғақ жөтел, екіншісінің дәм сезу қабілеті нашарлаған. Дәрігерлер күні бойы бізге қамқорлық танытып жүрді. Таңертең дәрі ішеміз, артынша дене қызуымызды тексеріп, сосын дәрігер қарап шығады. Бізге тек дәрілер емес, сонымен қатар, дәрігерлердің қолдау сөздері көмектесті", - дейді Айкөркем.

Қазір коронавирустан толығымен жазылып шықққан Айкөркем екі апталық үй карантинінде жатыр.

"Қатты қорықтым" - коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың оқиғасы

"Маған арнайы тыныс алу техникасы көмектесті"

Ұлыританиялық танымал жазушы Джоан Роулинг коронавирустан үйінде емделген. Twitter-парақшасында жазуынша, ол коронавирусқа тест тапсырмаған.

54 жастағы жазушы дәрігерлерге көрінбеген, коронавирус белгілерімен өз бетімен емделген екен. Ал қазір ол өзін жақсы сезінетінін, COVID-19-дан толық жазылғанын айтады.

"Соңғы екі апта бойы менде COVID-19-дың барлық белгісі болды, бірақ оларды тексермедім. Қазір толығымен қалпыма келдім. Маған арнайы тыныс алу техникасы көмектесті", - деді "Гарри Поттер" авторы.

Роулингтің мәлімдеуінше, оның жары - дәрігер. Жазушы жарының кеңесі бойынша қандай тыныс алу техникасын қолданғанын атап өтті. Оның сөзінше, мұндай гимнастиканың теріс әсері жоқ және ол қатты жөтел кезінде көмектеседі екен.

"Коронавирустан өлейін деп жатқанда..."

Түркия футболының аңызы Рюшту Речбер де - коронавирусты жеңгендердің бірі. Экс-футболшыда вирус симптомдары қатты білініп, жағдайы ауыр болған еді. Ал бүгінде ол өміріндегі ең басты жекпе-жекте жеңіске жеткенін айтады.

Речбердің сөзінше, ол емнің ұзақ және ауыр курсынан өткен. Экс-футболшы коронавирустан жазылуына түркиялық дәрігерлер қолданған емдеу методикасы көмектескенін айтады.

Сондай-ақ, ол футбол әлемінен қолдау көргенін мәлімдеді, әсіресе, испаниялық "Барселонаға" алғысын айтты.

"Мұндай сәттерде кішкентай бөлшектер де маңызды. Коронавирустан өлейін деп жатқанда, "Барселонаның" маған істегенін ұмытпаймын. Бұл маған күш берді", - деді экс-қақпашы.

"Жаным қиналып жатыр". Дәрігерлер коронавирусқа сенбейтіндерге үндеу жасады

"Қазір өліп кететіндей жөтелдім"

Вирус бірінші қытайлық Уханда тарай бастаған соң, бұл қаланың тұрғындары COVID-19 қаупін бірінші болып сезінді. Солардың бірі коронавирусты жеңген соң Bloomberg басылымына сұхбат берген. Есімін айтпаған ол "Тайгер Е" деп атауын сұраған.

Қытайлық тұрғын 21 қаңтарда өзін нашар сезінген. Ол кезде коронавирус туралы аз мәлімет болған соң, ауруханаға үшінші рет барғанда COVID-19 анықталған. Вирус табылмас бұрын төрт күн бойы қатты жөтелген: "Қазір өліп кететіндей жөтелдім". Түні бойы ауырған оның бауыры мен әжесінен вирус табылған. Ал қытайлықтың жағдайы нашарлай түскен.

"Тозақтың есігін қағып тұрғандай болдым", - дейді Е.

Тайгерден COVID-19 29 қаңтарда табылған. Ол кезде дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген. Дәрігер бескүндік курс тағайындап, "Алувиа" антибиотигін берген.

7  сәуірде қытайлық азамат тест тапсырып, коронавирустан жазылғанын білген. Тайгердің айтуынша, ол коронавируспен жалпы алғанда үш апта бойы күрескен.

"Бір нәрсе кеудемнен басып жатқандай сезіндім"

Америкалық жұп 61 жастағы Фара мен 70 жастағы Мохаммед Тутунчиандар коронавирус енді тарап жатқанда Diamond Princess лайнерінде болған. Көп ұзамай Мохаммед лайнерде өзін жайсыз сезінгендердің алғашқысы болды. Оның айтуынша, аяғы, сүйектері аура бастаған. "Кейін бір нәрсе кеудемнен басып жатқандай сезіндім",-  дейді ол.

Сондықтан 11 сәуірде Мохаммедті жапониялық дәрігерлер ауруханаға алып кеткен. Артынша Фара да өзін жайсыз сезініп, ол төрт күннен соң жарының қасына, ауруханаға жеткізілген.

Фара ауруханада есінен жиі талып қалған. Ал Мохаммед екі жақты пневмониямен күресіп жатты. Екі апта бойы қызуы түспеген. Терлегені сонша, күніне 6-7 рет төсегін ауыстырып отырған.

Отбасының айтуынша, дәрігерлердің арқасында олардың беті бері қараған. Наурызда олардың коронавирусқа сынамасы теріс нәтиже көрсетіп, 17 наурызда АҚШ-қа ұшып кеткен.

Бүгінде америкалықтар "вируспен үйде отырып күресуге" шақырды. Сондай-ақ, олар дүрбелең туғызбауды ескертті: "дүрбелең кезінде қате шешім қабылдайсыздар".

"Өкпем "сынық әйнекке" айналғандай" - коронавирус жұқтырған науқастардың үндеуі

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети