РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 мая 2021 | 14:39

Қазақстан бірінші. ТМД елдерінде ардагерлерге Жеңіс күніне қаншадан бөлінді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Биыл Ұлы Жеңістің 76-жылдығына Қазақстанның бірнеше қаласында соғыс ардагерлеріне бір миллион теңгеден беріледі. Көптеген БАҚ мәліметінше, Қазақстан ардагерлерге сыйақы беруден бірінші орынға шыққан. Бір қызығы, мерекеге орай ардагерлерге ақшалай сыйақы бермейтін елдер де бар екен. Жалпы ТМД елдерінде майдан ардагерлеріне қанша сомадан беріледі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.      


Биыл Ұлы Жеңістің 76-жылдығына Қазақстанның бірнеше қаласында соғыс ардагерлеріне бір миллион теңгеден беріледі. Көптеген БАҚ мәліметінше, Қазақстан ардагерлерге сыйақы беруден бірінші орынға шыққан. Бір қызығы, мерекеге орай ардагерлерге ақшалай сыйақы бермейтін елдер де бар екен. Жалпы ТМД елдерінде майдан ардагерлеріне қанша сомадан беріледі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.      

Өзбекстан

Былтырғы мәлімет бойынша, Өзбекстанда 800-дей соғыс ардагері қалған. Өзбек елінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 12 миллион сум көлемінде ақшалай сый беріледі. Бұл қазіргі курс бойынша, шамамен 487 681 теңге. Ол соғысқа қатысқандар мен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мүгедек атанып қалғандарға да беріледі. Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиеёвтің 20 сәуір күнгі қаулысында айтылған. Сыйақы республика бюджетінің есебінен қарастырылады.

Айта кетейік, "Известия" мәліметінше, былтыр өзбекстандық ардагерлерге 10 миллион сумнан берілген.

Қазақстан

Елімізде жыл сайын ардагер саны азайып бара жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 665 соғыс ардагері қалған. Ал былтыр 5 мамырдағы жағдай бойынша, 1025 соғыс ардагері болған. Биыл Алматыда 129, Нұр-Сұлтанда 25, Өскеменде 29, Семейде 17 ардагер қалған екен.

Қазақстан ТМД елдері арасында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне сыйақы беруден бірінші орында. Биыл бірнеше қалада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі. Оның ішінде, ШҚО, Қарағанды облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бар.

Қырғызстан

Қырғызстанда Жеңіс күніне орай ардагерлерге 70 мың сомнан беріледі. Бұл шамамен 352 260 теңге. Ардагерлерге ақшалай сыйақы туралы қаулыны ел президенті Садыр Жапаров 28 сәуірде қабылдаған.

Елдің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, республикада 146 соғыс ардагері бар. Қырғыз елінде де жыл сайын елдегі ардагерлер саны азайып келе жатыр. Мысалы былтыр 1 сәуірдегі жағдай бойынша, елде 241 ардагер болған.

Сонымен қатар, қырғызстандық ардагерлер ай сайын 7 мың сом, жыл сайын 9 мамырға қарай 20 мың сомнан алып тұрған.

Ресей Федерациясы

Биыл ресейлік ардагерлерге берілетін сыйақы мөлшері қазақстандық және өзбекстандық ардагерлермен салыстырғанда аз. "Независимая газета" басылымының мәліметінше, таяуда ел президенті Владимир Путин биыл елдегі ардагерлерге 10 мың рубльден (шамамен 56 964 теңге) беруге шешім шығарған. Ал өзбекстандықтарға 85 мың рубльден берілсе, қазақстандық ардагерлерге шамамен 174 мың рубльден беріледі.

Ресей билігі ардагерлерге Жеңіс күніне орай бұған дейін де сыйақыны аз мөлшерде берген екен. Портал журналисінің болжамы бойынша, оған елдегі ардагерлер санының көптігі себеп болуы мүмкін: Ресейде 33 мыңға жуық ардагер мен мүгедек бар екен.

Тәжікстан

Тәжікстанда биыл ардагерлерге қанша сыйақы берілетіні әзірге белгісіз. Ал былтыр Жеңістің 75-жылдығында ел президенті Эмомали Рахмонның қоры ардагерлерге сыйақы ретінде 1 миллион сомониден бөлген. 

Осылайша былтыр елдегі 168 ардагерге 6 мың сомониден немесе шамамен 225 468 теңгеден бөлген.

Түрікменстан

Түрікменстанда соғыс және майдан ардагерлерін осымен екі жыл қатарынан Жеңіс күніне орай сыйлыққа ақша жинауды талап еткен. Бұл туралы "Радио Азатлык" материалында айтылған. Портал мәліметінше, Фараб және Лепаб уәлаятаттарының ардагерлері ақша жинаған. Олардың туыстарының сөзінше, билік ақша жинау туралы ешқандай түсінік бермеген.

"Былтыр лепабтық ардагерлерден 1000 манаттан (шамамен 121 758 теңге) жинап әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қажет құжатты толтыруды талап еткен. 2020 жылы ардагерлерге Жеңістің 75-жылдығына орай медаль берілген. Оның ішінде, ондаған жергілікті ардагерден төсбелгіге де ақша жиналған", - деп жазды басылым.

Аноним дереккөздердің мәліметінше, ардагерлерге берілген сыйлықтар жиналған ақшаны ақтамайды екен. Себебі билік жиналған ақшаның жартысын басқа нәрселерге жұмсайтын көрінеді. Елде ардагерлерге берілетін ақшалай және заттай сыйлықтың көлемі туралы ақпарат жоқ. Алайда оның алдынғы жылдары ардагерлерге 9 мамырға орай 200 манаттан берілген (6 мамырдағы жағдай бойынша, шамамен 24 351 теңге).

Беларусь

Беларусьте биыл Жеңіс күніне орай ардагерлерге қосымша сыйақы қарастырылмаған. Финансы.tut.by мәліметінше, сыйақы беру туралы шешім президенттің үкімімен мейрамға дейін шығарылады. Алайда 4 мамырдағы жағдай бойынша, мұндай шешім әлі қабылданбаған.  

Мысалы былтыр Жеңістің 75-жылдығына арналған қосымша сыйақы туралы шешім 2019 жылдың соңында шығарылып, 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында берілген. Айта кетейік, 2018 жылы да белорусь ардагерлеріне ешқандай сыйақы берілмеген екен.  

Әзербайжан

Ал әзербайжандық ардагерлер биылдыққа 1500 манаттан алады. Бұл қазіргі курс бойынша шамамен 376 280 теңге. Дәл осы сома майдан ардагерлеріне, орден, төлбелгі алған ардагерлерге, соғыс жылдары әскер мен флот қызметкерлеріне көмектескендерге де беріледі.

Бұл мақсатта Әзербайжан президентінің қорынан 4,8 миллион манат бөлінген. Ақша алдымен Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрлігінің арнайы шотына, сосын ардагерлердің шотына түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети