РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 июня 2021 | 14:15

"Карантин жеңілдеп жатыр". Еуропада коронавирусқа байланысты жағдай қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Еуропа елдері біртіндеп қалыпты өмірге келе бастағандай. Бірнеше ел карантин шарасын жеңілдете бастады, оның ішінде, коронавирус эпидемиясын жеңген ел де бар. Бірақ қауіпсіздік шарасы әлі де сақталып тұр. Tengrinews.kz тілшісі Еуропа елдеріндегі жағдайға шолу жасады.  


Еуропа елдері біртіндеп қалыпты өмірге келе бастағандай. Бірнеше ел карантин шарасын жеңілдете бастады, оның ішінде, коронавирус эпидемиясын жеңген ел де бар. Бірақ қауіпсіздік шарасы әлі де сақталып тұр. Tengrinews.kz тілшісі Еуропа елдеріндегі жағдайға шолу жасады.  

Словения коронавирус эпидемиясын жеңгенін мәлімдеді

Кеше, 15 маусымда Словения коронавирус эпидемиясын жеңгенін мәлімдеді. Яғни былтыр наурызда енгізілген эпидемия режимі биыл 16 маусымнан бастап алынды. Бұл туралы ел үкіметінің хабарламасында жазылған.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы шаралар 17 маусымға дейін сақталатынын, артынша ол қайта қарастырылатынын мәлімдеді. Елде эпидемия аяқталғанымен коронавирусқа қарсы күрес шаралары қалады: яғни жабық нысандарда маска тағу режимі мен дезинфекциялық құралдарды қолдануды ешкім алып тастаған жоқ.

Бүгінде Словения коронавирус жұқтырғандар саны бойынша дүние жүзінде 70-орында. Worldometers мәліметінше, елде пандемия басталғалы 256 581 адам коронавирус жұқтырса, оның 249 642-сі аурудан айыққан.

Елде вакцинация да қарқынды жүріп жатыр. РИА Новости мәліметінше, екі миллионнан аса халқы бар Словенияда вакцинаның бірінші дозасын 769 248 адам салдырған. 551 906 адам екпенің екі дозасын да салдырған. Бүгінде елдегі ауруханаларда 122 адам ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, Словения былтыр мамырда да елде коронавирус эпидемиясының аяқталғанын мәлімдеген болатын. 

Фото: Reuters

Германияда вакцина салдырғандарға жеңілдік бар 

Германияда биыл 9 мамырдан бастап коронавирустан толық айығып, вакцина салдырғандар енді жақындарымен кездесе алады. Сондай-ақ вакцина салдырғандардан, коронавирустың жаңа штамдары анықталған елдерден келген кезді есептемегенде, карантинде жату міндеті алынды. Толығымен вакцина салдырғандар дүкен мен шаштаразға барған кезде коронавирусты анықтайтын тесттің нәтижесі теріс екенін көрсету міндетінен де босатылды. Бірақ екпе салдырғандар да әлі де маска тағып жүруі керек.

Айта кетейік, бүгінде Германияда коронавирус жұқтырған 3,7 миллион адамның 3,5 миллионы аурудан айыққан.

Түркияда той жасауға рұқсат берілді

Түркия билігі 1 маусымнан бастап карантин шараларын жеңілдетті: коменданттық сағат қысқарып, кафе мен мейрамханалар клиенттерді қабылдай бастады.

Енді маусым бойы коменданттық сағат жұмыс күндері және сенбі күні сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін болады. Жексенбіде тәулік бойы коменданттық сағат енгізіледі. Бұл туралы ел президенті Режеп Ердоған мәлімдеді.

Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап ашық және жабық жерлерде қауіпсіздік шарасын сақтай отырып үйлену тойын жасауға рұқсат етілді.


Фото: Reuters

Италия мен Францияда да карантин жеңілдеді

Францияда 28 сәуірден бастап балабақшалар мен бастауыш мектеп ашыла бастады. 3 мамырдан бастап ел билігі жоғары сынып оқушыларына күндіз оқуға рұқсат беріп, мамырдың ортасынан бастап азық-түлік емес дүкендер мен мейрамханалар ашылды.

Италияда да карантин жеңілдеді: 13 өңір "қызыл" аймақтан "сарыға" көшті. Соның нәтижесінде Рим мен Миландағы қоғамдық көліктерде таңертеңгі уақытта адам толы болған. Оларға маска тағып, бір метр арақашықтықты сақтау ұсынылды.

Польшада карантин жеңілдеуінің кезекті кезеңі

4 мамырдан бастап елде музей, өнер галереясы, жиһаз және құрылыс дүкендері мен сауда орталықтары ашылды. 1-3 сынып оқушылары күндізгі оқу форматына көшті. Алайда жоғары сынып оқушылары әлі қашықтан оқып жатыр.

25 маусымға дейін 150 адамға дейінгі шараларды, оның ішінде, үйлену тойы, еске алу, отбасылық шараларды жасауға рұқсат берілді. Сонымен қатар, 25 маусымнан бастап түнгі клубтар мен дискотекалар ашылады, лимит - 150 адам.

Чехияда дүкендер мен базарлар жұмыс істей бастады

Чехия да біртіндеп қалыпты өмірге келе бастады. 3 мамырда елде базарлар жұмыс істей бастады.  

DW мәліметінше, Чехия пандемиядан қатты зардап шеккен елдердің бірі: бірнеше ай бұрын коронавирустан болған өлім деңгейі Еуропа елдерімен салыстырғанда біршама жоғары болған. Алайда кейінгі апталарда жағдай жақсара бастаған: енді Чехия қауіпсіз ел болып саналады. Елдегі 10,65 миллион адамның 18 пайызы вакцина салдырған.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети