ПОДЕЛИТЬСЯ
14 октября 2020 | 17:36
Қарабақ атауы не білдіреді?
Қыркүйектің соңында Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасында қақтығыс басталған. Қазір екі ел арасындағы қақтығыс саябырсыды. "Қарабақ" сөзі не білдіреді? Оған Арцахтың қандай қатысы бар? Tengrinews.kz тілшісі соңғы уақытта дүние жүзінде талқыланған өңірдің атауы туралы баяндайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қыркүйектің соңында Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасында қақтығыс басталған. Қазір екі ел арасындағы қақтығыс саябырсыды. "Қарабақ" сөзі не білдіреді? Оған Арцахтың қандай қатысы бар? Tengrinews.kz тілшісі соңғы уақытта дүние жүзінде талқыланған өңірдің атауы туралы баяндайды.
Қарабақ тарихы
Қарабақтың атауын зерделемес бұрын оның тарихына көз жүгртейік. Жалпы, Қарабақ екіге бөлінеді - Таулы Қарабақ және Жазық Қарабақ.
Таулы Қарабақ - Армения таулы үстіртінің шығыс бөлігіндегі аймақ. Ол Кіші Кавказдың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аймақтарды алып жатыр.
Бұл өңір әкімшілік тұрғыда Әзербайжанға қарайды. Бірақ Таулы Қарабақтың басым бөлігін мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы бақылайды.
Бұң аймақ туралы алғаш жазғандардың бірі грек географы Страбон болды. Ол "География" кітабында Таулы Қарабақтың қазіргі аймағында Армения провинциясы болғанын жазған.
Қарақбақтың картадағы орны
Кейін екінші мыңжылдықтың басында бұл аймаққа көшпелі түрік халқы қоныстана бастаған. Сол кезде жер атауы өзгертіп, бүгінде бәріміз білетін Қарабақ атауы қолданысқа енген.
Ал XIX ғасырда Қарабақ хандығы Ресей билігінің қол астына өткен. Ал Кеңес одағы құрылған кезде Арменияның қарсылығына қарамастан, Таулы Қарабақ Әзербайжан құрамына енген. Сол кезде Қарабақ халқының басым бөлігі армяндар болатын.
Кеңес одағы ыдыраған кезде 1991 жылы референдумда Таулы Қарабақ халқы тәуелсіз Таулы Қарабақ Республикасын құрған. Бірақ ол мойындалмай, өңірдің басым бөлігі Әзербайжан құрамында қалып қойды. Содан бері Армения әскерінің көмектесуімен Таулы Қарабақ пен Әзербайжан бірнеше рет әскери қақтығысқа барған.
"Қарабақ" атауы не білдіреді?
Қарабақтың қысқаша тарихы осындай. Енді Қарабақ атауының нені білдіретініне тоқталайық. Ол әзербайжанның "гара" (қара) және "баг" (бақ) сөздерінен шыққан. "Қарабақ" сөзі бастапқы деректерде VII ғасырдан бастап айтылған екен.
Қарабақ. © РИА Новости
Әзербайжан тілінде басқа да түркі тілдері секілді "қара" сөзінің мағынасы көп: кей жерде ол "тығыз", "үлкен" немесе "күңгірт" деген мағыналарда қолданылады. Сондықтан, Қарабақ атауы "үлкен бақ", "күңгірт бақ" мағынасында да қойылуы мүмкін.
Тарихты зерттеуші Владимир Минорскийдің пікірінше, бұрын жойылып кеткен қарабақ деген тайпа болуы мүмкін. Ол бұл атау сол тайпадан қалды деген болжам айтқан.
Қарабақтың екінші атауы бар
Бұл өңір бұрыннан Қарабақ деп танылған. Бірақ армяндар мойындалмаған елді Арцах деп атайды. Соңғы уақытта бұл атау белсенді түрде қолданыла бастаған.
Осы тұста "Арцах" сөзінің де мағынасын айтып өтейік. Армяндар бұл сөзді көп мағынада қолданады. Бірақ ол тарихи өлке ретінде кеңінен танылған. Армян тілінен аударғанда "Арцах" "шуақты орман" дегенді білдіреді. Бұрын Қарабақ атауы қолданысқа енбес бұрын бұл өлкеде Арменияның Арцах деген провинциясы болған.
Фото: esquire.ru
Таулы Қарабақ аумағына екі елдің үлесі болғандықтан, өңірдегі қалалардың да екі атауы бар. Мысалы, Таулы Қарабақ Республикасының астанасы саналатын "Степанакерт" қаласының атауын армяндар қойған. Ал бұл қаланы әзербайжандар Ханкенди деп атаған. Бірақ қала Степанакерт ретінде танылған.
Сол сияқты мұндағы елді мекеннің бәрінде екі атау бар, бірақ біреуі халық арасында кең қолданылады.
Армян атауы - Әзербайжан атауы
Арцах - Таулы Қарабақ (Қарабақ, ТҚР)
Степанакерт - Ханкенди
Шуши - Шуша
Акна - Агдам
Мардакерт - Агдере
Мартуни - Ходжавенд
Бердзор - Лачин
Карвачар - Кельбаджар
Майраберд - Аскеран
Показать комментарии
Читайте также