РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 июля 2020 | 16:50

Канье Уэст деген кім және ол неге АҚШ-тың президенті болғысы келеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ-та 2020 жылғы президент сайлауы 3 қарашаға жоспарланған. Биылғы сайлауда негізгі екі үміткер бар. Бірақ таяуда америкалық рэп орындаушы Канье Уэст өзін президенттікке ұсынатынын мәлімдеді. Бірақ көптеген басылым бұл тек PR екенін жазған. Оған себеп әншінің бұған дейін де президент болудан үмітті екенін мәлімдеуі себеп шығар. Өнер адамы Американың жаңа басшысы болуы мүмкін бе? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.


АҚШ-та 2020 жылғы президент сайлауы 3 қарашаға жоспарланған. Биылғы сайлауда негізгі екі үміткер бар. Бірақ таяуда америкалық рэп орындаушы Канье Уэст өзін президенттікке ұсынатынын мәлімдеді. Бірақ көптеген басылым бұл тек PR екенін жазған. Оған себеп әншінің бұған дейін де президент болудан үмітті екенін мәлімдеуі себеп шығар. Өнер адамы Американың жаңа басшысы болуы мүмкін бе? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Оқиға неден басталды?

Бәрі әншінің Twitter желісіндегі парақшасында жазған мәлімдемесінен  басталған. Ол 5 шілдеде парақшасында былай деп жазған:

"Енді біз Құдайға сеніп, көзқарасымызды біріктіріп, болашағымызды қалыптастырып, Американың әлеуетін дамытуымыз керек. Мен өзімді Құрама Штаттардың президенттігіне ұсынамын! #2020VISION", - деді Уэст.

Илон Маск пен Канье Уэст © twitter.com/kanyewest

Әншінің бұл жазбасына 1,2 миллион адам лайк басып, 530 мыңнан аса ретвит пен пікір жазылған. Оны қолдайтындардың қатарында америкалық кәсіпкер, миллиардер Илон Маск та бар. Ол Уэсттің жазбасында: "Мен сені толығымен қолдаймын" деп пікір қалдырған.

Бұл Уэстттің президент атанғысы келетіні туралы алғаш сөз қозғауы емес. Былтыр қазанда әнші жаңа альбомы шыққаннан кейін 2024 жылы президент сайлауына қатысатынын айтқан.

Канье Уэст расында президент атануы мүмкін бе?

АҚШ-тағы президент сайлауы шамамен 3 қарашада өтеді. Биылғы сайлауда негізгі екі үміткер бар - республикалықтардың атынан қазіргі президент Дональд Трамп және демократтардың атынан Джо Байден. ВВС мәліметі бойынша, 43 жастағы рэп орындаушысы есімін штаттың сайлау бюллетеніне енгізу үшін Федералдық сайлау комиссиясына әлі құжат өткізбеген. Алайда біраз штатта құжат өткізудің мерзімі бітпегендіктен Уэст тәуелсіз кандидат ретінде тіркелуі мүмкін. Оның өзінде әнші шілдеден бастап президенттік кампанияны құруы керек болған.

Көптеген БАҚ Канье Уэсттің бұл әрекетін жай ғана PR болуы мүмкін екенін жазған. Оның үстіне әнші қазіргі президент Дональд Трамптың жақтастарының бірі әрі бұған дейін ол АҚШ лидері туралы тек жақсы пікірде болған.

Дональд Трамп пен Канье Уэст © Reuters

2018 жылдың қазанында Канье әйелі Ким Кардашьянмен Ақ үйге Трамппен түрме реформасын талқылауға барған. Нәтижесінде кездесу барысында екі тарап бір-біріне мақтау сөздерін айтып, тек жақсы пікірде қалған.

Канье Уэст бұл кездесуге Трамптың "Американы қайтадан ұлы етеміз" деген ұраны жазылған қызыл бейсболкамен барған. Сол кезде Трампқа "Канье келесі президент болуы мүмкін бе?" деген сұрақ қойылған кезде, ол: "Әбден мүмкін" деп жауап берген.

© Reuters

Ал таяуда Уэсттің АҚШ басшысы туралы ойын өзгерткені белгілі болды. Сондай-ақ әнші қызыл бейсболканы басынан шешкенін мәлімдеген.

"Болып жатқан оқиғаның барлығы бейберекетсіздік секілді көрінеді. Маған, әсіресе оның (Трамптың - автор.) бункерде тығылып қалғаны ұнамады", - деді Уэст.

Ал Трамп, ВВС мәліметінше, әншінің жоспарлары "қызық" екенін айтып, оған сәттілік тілеген.

"Ол (Уэсттің сайлауалды кампаниясы) тек бірнеше штатпен шектеліп қалатыны сөзсіз, себебі дедлайн өтіп кетті. Егер ол сайлауға қатысса, төрт жылдан кейін болатын нәрсенің (2024 жылғы сайлаудың - автор.) дайындығы ғана болуы мүмкін", - деді Трамп.

Сарапшылар не дейді?

АҚШ институтының бас ғылыми қызметкері Владимир Васильевтің сөзінше, әнші Канье Уэст Демократиялық партияның атынан шығуы мүмкін. Бұл туралы ғалым "Говорит Москва" басылымына айтқан. Бірақ Уэст Ақ үйдің басшысы бола алмайды. Себебі, Васильевтің айтуынша, АҚШ тарихында мұндай адамдар Ақ үйді басқармаған және ел басшысы атанбаған. Жоғарыда айтып өткеніміздей демократтардың атынан Джо Байден шықпақ. Бірақ оның денсаулығына байланысты мәселе туса, оның орнына басқа үміткер іздеу керек болады.

Болжамдаушы Рейчел Битекофер Уэсттің сайлауға қатысуы Джо Байденнің рейтингіне әсер етуі мүмкін екенін айтады.  

"Әнші бұған шын мәнінде кірісіп, кампаниясына уақытын, күш-жігерін, ақшасын жұмсады делік. Бұл жағдайда Байден дауыстарынан айырылып қалуы мүмкін. Егер бұл жай ғана ойын болса, әрине, ол ешқандай әсер етпейді", - дейді Битекофер.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети