РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 февраля 2022 | 09:16

"Қабылдауға келмейді". Ресейдің мәлімдемесіне дүние жүзі елдері қандай реакция білдірді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Кеше, 21 ақпанда Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үн қатып, Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойды. Ресейдің бұл мәлімдемесіне дүние жүзі елдері қандай реакция білдірді? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 


Кеше, 21 ақпанда Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үн қатып, Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойды. Ресейдің бұл мәлімдемесіне дүние жүзі елдері қандай реакция білдірді? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Жарлықтарға қол қойылғаннан кейін Путин мен ДХР басшысы Денис Пушилин Ресей мен Донецк Халық Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қойды. Содан кейін Путин мен ЛХР басшысы Леонид Пасечник Ресей мен Луганск Халық Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қойды.

Өз кезегінде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ДХР мен ЛХР-ны тану "халықаралық құқықтың бұзылуы" деп атады.

Джонсон Донецк және Луганск республикаларын тану - халықаралық құқықтың айқын бұзылуы, бұл егемендік пен аумақтық тұтастықты бұзу және Минск келісімдерінен бас тарту екенін айтты.

"Менің ойымша, бұл жамандық белгісі. Бұл жағдай дұрыс емес бағытта дамып келе жатқанының тағы бір белгісі. Ұлыбритания украин халқына қолдау көрсету үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды", - деді Джонсон.

"Мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін". Украиналық тұрғын елдегі ахуалды айтты

Көп ұзамай Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үн қатты. Ол үндеуінде елдің халықаралық деңгейде танылған шекарасы қалатынын мәлімдеді. 

"Украина өзінің халықаралық танылған шекараларында және Ресей Федерациясының қандай да бір мәлімдемелері мен әрекеттеріне қарамастан солай қала бермек", - деді Зеленский халыққа үндеуінде.  

Түркия Сыртқы істер министрлігі Путиннің шешімін айыптады. Министрлік Мәскеудің әрекетін "қабылдауға келмейтінін" айтты. 

"Ресей Федерациясының Донецк және Луганск деп аталатын республикаларды тану туралы шешімі Минск келісімдеріне қайшы келеді, сонымен қатар, Украинаның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын айқын бұзу. Ресей Федерациясының шешімі қабылдауға келмейді және біз оны қабылдамаймыз", - делінген Түркия Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, министрлік тараптарды халықаралық құқықты қорғауға шақырды. 

"Шыда, менің сұлуым". Ресей мен Украина арасындағы жағдайға шолу

Путиннің шешіміне байланысты АҚШ президенті Джо Байден, Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Олаф Шольц үшжақты келіссөз жасады. Оның нәтижесінде үш ел Ресейдің ДХР мен ЛХР-ны тануына қатысты жауап беретінін мәлімдеді. Германия, Франция және АҚШ басшылары Ресей президентінің шешімін айыптаған. Одан бөлек, үш ел Ресейдің бұл біржақты әрекеті анық Минск келісімдерін бұзу екеніне келісті.

Сондай-ақ келіссөздер қорытындысы бойынша серіктестер елдің аумақтық тұтастығын сақтауға және шиеленістің алдын алуға бар күш-жігерін салуға келісті.

Ал Грузияның сыртқы істер министрі, вице-премьер Давид Залкалиани Twitter желісіндегі парақшасында Ресейдің шешімін халықаралық құқықтың бұзылуы екенін айтып, халықаралық серіктестерді әрекет етуге шақырды. 

Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили де Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын атап өтті.

Ресей президенті Владимир Путиннің шешімін қолдағандар да бар. Мысалы Сирия басшысы Башар Асад ЛХР мен ДХР егемендігін мойындауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости тілшісіне Мемдума депутаты Дмитрия Саблин айтқан.  

"Ресейден кейін ДХР мен ЛХР егемендігін одақтас елдер де мойындайтынына сенімдімін. Донбасстағы жағдай бойынша Сирия басшысы Башар Асадпен сөйлестім. Ол Сирия да мойындауға дайын екенін айтты", - деді Саблин. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети