ПОДЕЛИТЬСЯ
21 октября 2021 | 16:25
Instagram мен Facebook артта қала ма? Трамптың жаңа әлеуметтік желісі туралы не білеміз?
Осыдан тура 4 ай бұрын Дональд Трамптың аға кеңесшісі экс-президент жақында өзінің жеке әлеуметтік желісін іске қосатынын айтқан еді. Миллиардер бұл байламға Кремний алқабындағы ірі платформалардың, соның ішінде Facebook, Twitter және YouTube қызметтерінің саяси лоббизмге бет бұрғанынан келді. Трамптың қолданысқа енгелі тұрған әлеуметтік желісінен не күтуге болады және оның тағдыры қалай болмақ. Мұны Tengrinews.kz тілшісі анықтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Осыдан тура 4 ай бұрын Дональд Трамптың аға кеңесшісі экс-президент жақында өзінің жеке әлеуметтік желісін іске қосатынын айтқан еді. Миллиардер бұл байламға Кремний алқабындағы ірі платформалардың, соның ішінде Facebook, Twitter және YouTube қызметтерінің саяси лоббизмге бет бұрғанынан келді. Трамптың қолданысқа енгелі тұрған әлеуметтік желісінен не күтуге болады және оның тағдыры қалай болмақ. Мұны Tengrinews.kz тілшісі анықтады.
Американың 45-президенті Дональд Трамп жаңа әлеуметтік желінің тұсауын жақында кеспек. Осы жылдың мамырында басталған шешуші ревизия жұмыстары аяқталып қалды. Бұл туралы Fox News-тің арнайы жаңалықтар топтамасында хабарланды.
Трамптың аға кеңесшісі Джейсон Миллердің сөзінше, жаңа әлеуметтік желі ақпараттық технология нарығын толықтай өзгертіп, қарсыластарының алды болады.
Мұны Трамптың өзі 2021 жылдың қаңтарында растаған еді. Ол Twitter-де персоналды желілері бұғатталғаннан кейін пост жазады, бірақ Twitter әкімшілігі жазбаны бірден өшіріп тастады. Десе де, бірқатар БАҚ хабарламаны скриндеп алды.
"Мен осындай жағдайдың орын алатынын бұрыннан-ақ білгенмін. Қазір көптеген мықты IT-мамандарымен байланыстамын, жақын арада өзіміздің платформаны жариялап қаламыз. Біздің аяғымызды тұсауға ешкімнің де қауқары жетпейді", - деп жазған еді ол.
Экс-президенттің әлеуметтік желілері Капитолиядағы шабуылдан кейін бұғатталғанын еске саламыз. Бүгінде Дональд Трамптың Twitter, Facebook, Instagram және басқа ірі интернет-платформадағы аккаунттары бұғатталып тұр. Ол соңғы рет әлеуметтік желіде 7 қаңтарда пост салды. Бұл желілердің әкімшілігі бұл жайтқа байланысты ресми мәлімдеме жасамады.
Трамптың жаңа әлеуметтік желісінің бета-нұсқасы қаңтарда іске қосылмақ. Тұсаукесерге тек арнайы шақырылған қонақтар қатысады. Ал жаңа желінің толық таныстырылымы 2022 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланып отыр.
Кеше ғана миллиардер Trump Media мен Trump Technology Group бірлесе жаңа желіні шығаратыны туралы хабарлама таратты.
"Мен TRUTH Social-ді әлемнің үздік желілерімен бәсекелес болу үшін жүзеге асырмақпын. Twitter тәліптердің емін-еркін насихатталуын қолдап, Американың сүйікті президентінің аузын жауып отыр", - деп жазылған Трамптың үндеуінде.
Енді Дональд Трамптың желісінен не күтуге болады, экс-президенттің сөздері қаншалықты шындыққа саяды? Біз BBC-дің Солтүстік Америкадағы технология бойынша аналитигі Джеймс Клейтоннан сұрадық. Ол әлемдегі инновациялық технологиялар бойынша алғашқылардың бірі болып ақпарат таратып, талдау жасайды.
Клейтонның сөзінше, Трамптың сөзінде асыра сілтеу бар, Америка экс-президентінің қарамағындағылар мойындарына ауыр жүк алып отыр.
"Негізі Трамп бұл жобаға ерекше мән беріп отырғаны рас. Оның Facebook-пен бәсекелес болатындай желі құрғысы келетінінде шүбәм жоқ, бірақ бұл оңайға соқпайды. Trump Media жоба дайын болғаннан кейін анонс жасағандары дұрыс болар еді, неге десеңіз, әлеуметтік желіні нарыққа енгізу үшін қаражаттан да бөлек ресурстар қажет.
Менің ойымша, бұл жоба әлеуметтік желі емес, Parker сынды ашық алаң платформасы болу керек. Дәл қазір Кремний алқабындағы желілерді артта қалдыратын стартап құру үшін Трампқа технология әлемінде болмаған жаңалық енгізу керек және ол өте көп ресурсты қажет етеді. Бұл сенсация жақын аралықта болмайтындығы айдан анық", - дейді Джеймс.
Ал Франциядағы Нанси университетінің экономика ғылымдарының дәріскері Клеман Ландормидің айтуынша, Трамптың қаржылық мүмкіндігі мықты желі ашуға жетеді.
"Қазірдің өзінде Trump Media-ның Nasdaq биржасындағы орны жаман емес. Алайда бұл көрсеткіш ешқандай кепілдік бере алмайды. Біз Трамптың мүмкіндігін есептей келе, бірден алып платмормалармен бәсекелес болатындай жоба болмаса да, аудиториясы жүздеген миллонға жететін желі тууы мүмкін деген шешімге келдік. Оған қоса, өздеріңіз білетіндей, кейінгі сайлауда Дональд Трамп тек 4,4 пайыз ғана қалып қалды. Бұл Трамптың жақтаушылары 150 миллионнан асады деген сөз. Америкада демократтар мен республикадықтардың қақтығысы әлі де өршіп тұр, олар елдегі сөз бостандығына шағымдануда. Дәл осы кезеңді Трамп өз пайдасына шешуі әбден мүмкін", - дейді ол.
Автор: Мұхтар Жәмішжанов
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также