РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 января 2020 | 18:26

Холокост құрбандары. Польшада Освенцим лагері жабылған күн

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Бүгін, 27 қаңтар - Холокост құрбандарын еске алу күні, яғни Холокост (грек тілінен аударғанда "өртеу құрбаны") - германиялық нацистердің 1933-1945 жылдары жүргізген еврейлерді жою операциясы. Бұл күнді бүгінде әлемнің бірнеше елі атап өтеді. Лагерь жұмыс істеген 5 жылдың ішінде мұнда 28 ұлттың 1,5 миллион адамы қаза болған. Кей дереккөздерге сенсек, 12 жыл ішінде төрт миллионға жуық адам өлтірілген. 75 жыл бұрын нацистердің миллиондаған адамды өлтірген және азаптаған Освенцим ажал лагерінің сұмдығына үңілеміз.


Бүгін, 27 қаңтар - Холокост құрбандарын еске алу күні, яғни Холокост (грек тілінен аударғанда "өртеу құрбаны") - германиялық нацистердің 1933-1945 жылдары жүргізген еврейлерді жою операциясы. Бұл күнді бүгінде әлемнің бірнеше елі атап өтеді. Лагерь жұмыс істеген 5 жылдың ішінде мұнда 28 ұлттың 1,5 миллион адамы қаза болған. Кей дереккөздерге сенсек, 12 жыл ішінде төрт миллионға жуық адам өлтірілген. 75 жыл бұрын нацистердің миллиондаған адамды өлтірген және азаптаған Освенцим ажал лагерінің сұмдығына үңілеміз.

Неге "Холокост құрбандары" деп аталады?

Осыдан 15 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы 27 қаңтарды Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні ретінде бекіткен болатын. Себебі 1945 жылы дәл осы күні Кеңес Армиясы ірі нацистік Освенцим-Биркенау ажал лагерін азат еткен болатын. Содан бері әлем халқы бұл күнді тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған үлкен геноцид деп еске алады. Сол сұмдық апаттан аман қалғандар Израиль мемлекетінің негізін қалады. Сондықтан израильдіктер үшін бұл ерекше күн саналады.

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, 1933-1945 жылдар арасында Еуропадағы еврей халқының 60 пайызына қысым көрсетілген. Олардың ішінде әйелдер, балалар мен қарттар болған.

Түрлі статистика бойынша, Освенцимде (Аушвиц-Биркенау) 1,5-нан 4 миллионға жуық адам мерт болған. Освенцим Польшаға немістер басып кіргеннен бір жыл өткен соң, яғни 1940 жылы жұмыс істей бастаған. Еврейлермен қоса онда 85 мың поляк, 20 мың сыған, Еуропа елдерінің басқа 12 мың азаматы және Совет одағының шамамен 15 мыңға жуық әскери тұтқыны өлтірілген делінеді.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада нацистердің алты лагері жұмыс істеген. Олар - Хелмно, Белжец, Треблинка, Собибор, Майданек және Аушвиц-Биркенау.


© РИА Новости

Өлтірілгендердің миллионға жуығы - еврейлер

Аушвиц-Биркенау - Освенцим қаласының маңында 1940-1945 жылдары жұмыс істеген немістердің концентрациялық және өлім лагерьлерінің кешені. РИА Новости мәліметінше, лагерь жұмыс істеген кезде онда 1,5 миллионға жуық адам өлтірілген. Олардың миллионға жуығы - еврей. Аушвиц-Биркенау Холокосттың басты символдарының біріне айналған. 

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанға 1941 жылдың тамызынан 1942 жылдың қаңтарына дейін 386 мың адам эвакуацияланған, олардың арасында еврейлер де болған.

Холокосттан аман қалған балалар. © РИА Новости

"Әскерде борышын өтеген еврейлерді және тұтқын болғандарды ұмытпаймыз"

 

Кеңес үкіметінің әскері Освенцим қаласына басып кіргеннен бері әлем халқы бұл күнді тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған үлкен геноцид деп еске алады. Сол сұмдық апаттан аман қалғандар Израиль мемлекетінің негізін қалады. Сондықтан израильдіктер үшін бұл ерекше күн.

"Біз Қызыл әскерде борышын өтеген батыр еврейлерді және тұтқын болғандарды ұмытпаймыз. Мен Израильде олармен кездескенде қатты толқимын. Олардың адамзат тарихындағы алатын орны ерекше. Тоқсанға келсе де еңсесін түсірмеген. Олардың төсбелгілерін көріп, мақтанышқа толы жүздерін көріп, сол кезде бұл азаматтардың алдында басымды идім және қазір де құрметтеймін.

Холокост құрбандарын еске алу мұражайы. Израиль. Лиор Мизрахи / Getty Images

Израильде Холокост құрбаны болған ондаған мың адам бар. Олар соғыс ардагерлері секілді ресми мәртебеге ие. Бұның материалдық көмек сынды жағымды тұстары көп. Алайда, ең бастысы, азаматтардың ерлігінің мойындалғаны. Алты миллион адам құрбан болған тарихтағы ең ауқымды геноцидтен аман қалғандар басынан өткен қиындықтарын ұмытпайды. Себебі маңыздысы бір-ақ нәрсе - олардың қиын тағдыры тұтас Израиль елінің негізін қалады", - деген еді Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети