РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
04 мая 2020 | 17:59

"Ғалымдар коронавирусқа қарсы "у" тапты" - мамандардың COVID-19-ға байланысты мәлімдемелері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Дүние жүзін дүрліктірген коронавирустың емі әлі анықталмады. Түрлі мемлекет әртүрлі препаратпен емдеп жатыр. Дүние жүзіндегі ғалымдар COVID-19-ға қатысты түрлі болжам жасаған. Tengrinews.kz тілшісі ғалымдардың коронавирусқа қатысты айтқан маңызды мәлімдемелеріне шолу жасады.


Дүние жүзін дүрліктірген коронавирустың емі әлі анықталмады. Түрлі мемлекет әртүрлі препаратпен емдеп жатыр. Дүние жүзіндегі ғалымдар COVID-19-ға қатысты түрлі болжам жасаған. Tengrinews.kz тілшісі ғалымдардың коронавирусқа қатысты айтқан маңызды мәлімдемелеріне шолу жасады.

Ғалымдар коронавирусқа қарсы "у" тапты

Франциядағы Прованс университетінің ғалымдары коронавирусты өлтіретін температураны анықтады. РИА Новости мәліметінше, ғалымдар коронавирус 60 градуста өлер-өлмесін тексерген. Алайда бір сағат өткеннің өзінде вирустың кей штамдары көбейген.

Артынша ғалымдар вирусты 92 градуста ысытқан. Нәтижесінде 15 минутта вирус толығымен дезактивацияланған.

Тәжірибеге коронавирус штамын жұқтырған африкалық жасыл маймылдар қолданылған. Вирус жұқтырған жасушаларды әртүрлі пробиркаға салған. Зерттеу нәтижесі коронавирусты дезактивациялауға және COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеумен айналысып жатқан медицина қызметкерлерін қорғауға көмектесетін көрінеді.

Коронавирус жұқтырғандарға COVID-19-бен ауырып шыққандардың қаны ем болуы мүмкін

Мұндай тұжырымға Гонконг ғалымдары келген. Олар сириялық аламандарға тәжірибе жүргізген. Кеміргіштерге коронавирустың жаңа түрін енгізіп, одан жазып шыққан. Артынша аламандардың қанын алып сарысу жасап, оны басқа жануарларға еккен.

Сарысу жануарлардың организміндегі вирус жүктемесін 10 есе азайтуға септігін тигізген. Болжам бойынша, емдеудің бұл түрі адамдарға да әсерін тигізеді.

Ғалымдар коронавирустың тарауын тоқтататын препарат тапты

Канададағы Альберт университетінің ғалымдары коронавирусқа тосқауыл болатын дәріні тапты. Зерттеу жұмысы 13 сәуір Journal of Biological Chemistry сайтында жарияланған.

Эболаға қарсы "Ремдесивир (RDV)" препараты SARS-COV-2 организмде көбеюін тоқтата алатын болып шыққан.

"Біз SARS-CoV, MERS-CoV және SARS-CoV-2 нәтижесі бірдей болып шыққанын анықтадық", - дейді ғалымдар.

Вирусологтардың сөзінше, "Ремдесивирді" коронавирусқа қарсы дәрі ретінде қарастыруға болады. Алайда препарат клиникалық тәжірибеден өтуі керек екенін атап өткен.

Коронавирустың ең алғашқы белгілері

Ал ресейлік отоларинголог дәрігер Владимир Зайцев "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында организмде коронавирус бар-жоғын анықтайтын алғашқы белгілер туралы айтып берді.

Дәрігердің айтуынша, алғашқы күндері адам ішімдік ішпеген күннің өзінде келесі күні мастық белгілері байқалады екен. 

"Егер кеше ішімдік ішпесеңіз, ал бүгін әлсіреп, ауырсынып, дірілдеп, көзде ауырсыну пайда болып, шаршап, ал дене қызуыңыз бір қалыпты болса, бұл коронавирустың алғашқы белгілері деуге келеді", - дейді дәрігер. 

Владимир Зайцев мұндай белгілер алғашқы екі-үш күнде пайда болатынын айтады. Артынша инфекция тыныс алу жолдарына түсіп, адамның даусы өзгере бастайды. Сондай-ақ тұншығу белгілері байқалады. Дер кезінде емделмеген жағдайда бронх пен өкпе зақымдалады екен. 

Зайцев COVID-19-дың кез келген белгісі байқалған жағдайда дәрігерлерге жүгіну керегін айтты. 

Коронавирустан айығып шыққан адам оны қайтадан жұқтырмайды

Мұндай мәлімдемені Оңтүстік Корея ғалымдары жасаған. Ғалымдардың сөзінше, коронавирустан айығып шыққан адамда иммунитет қалыптасады және ол адамның COVID-19-ды қайта жұқтыруы мүмкін емес.

Адам жазылып, вирус жасушалары өлгеннен кейін ол адам организмінде бір-екі ай көлемінде болғандықтан анықталуы мүмкін. Жаңа коронавирус адам организмінде қала тұра созылмалы аурулар тудырмайды.

Корейлік ғалымдардың бұл тұжырымымен Ұлыбритания ғалымдары келісіп отырған көрінеді. Олар клиникалық сараптама коронавирусты қайта жұқтыру мүмкін емес екенін көрсеткенін айтады.

Қытайлық ғалымдар күтпеген мәлімдеме жасады

Коронавирустан айығып шыққан науқастардың өкпесінде COVID-19 бөлшектері қалуы мүмкін. Бұл туралы қытайлық ғалымдар айтқан. Ғалымдар мысал ретінде коронавирус жұқтырып, жазылып шыққан 78 жастағы науқасты келтірген. Ол ауруханадан шығардан бұрын үш рет коронавирус тестін тапсырған. Үшеуі де теріс болып шыққан.

Әйел адам ауруханадан шыққаннан кейін бір күннен соң кенеттен көз жұмған. Нәтижесінде науқаста жүрек ұстамасы болғаны анықталған. Бірақ тек ол емес. Науқастың өкпесінде коронавирустың бөлшектері сақталған болып шыққан. Ол тестке әсер етпеген. Оның үстіне вирус белгілері де болмаған. COVID-19 тек өкпеде болған. Ми, жүрек пен бауырға еш зақым тимеген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети