СOVID-19 пандемиясының салдарынан дүние жүзі елдерінің туризм саласы зардап шекті. Мұның ішінде Еуропа да сырт қалмады. Ішкі нарық жөніндегі еурокомиссар Тьерра Бретон қаңтардың өзінде 1 миллиард еуродан айырылып қалғанын айтқан болатын. Сондықтан Еуропа елдері дағдарыстан шығу үшін алғашқы қадамдарын жасап, туристерді тартуға дайын. Tengrinews.kz тілшісі шекарасын ашуға дайын еуропалық кей елдің тізімін жасап шықты.
СOVID-19 пандемиясының салдарынан дүние жүзі елдерінің туризм саласы зардап шекті. Мұның ішінде Еуропа да сырт қалмады. Ішкі нарық жөніндегі еурокомиссар Тьерра Бретон қаңтардың өзінде 1 миллиард еуродан айырылып қалғанын айтқан болатын. Сондықтан Еуропа елдері дағдарыстан шығу үшін алғашқы қадамдарын жасап, туристерді тартуға дайын. Tengrinews.kz тілшісі шекарасын ашуға дайын еуропалық кей елдің тізімін жасап шықты.
Жыл бойы турист үзілмейтін Еуропаның көптеген елі карантин шараларын тоқтатып, туризм индустриясын жандандырып жатыр. Мамыр айының ортасында Еурокомиссия ЕО елдеріне шектеу шараларын алып тастайтын екі кезеңді ұсынды. Біріншісінде - эпидемиологиялық жағдайы ұқсас елдер арасында шекараны ашу, екіншісінде - ЕуроОдақ елдерінің арасында қатынасты жандандыру. Дегенмен нақты шешімдерді әр елдің басшылары өзі шешеді және Еурокомиссияның ұсынысында нақты мерзім көрсетілмеген. Ал, жалпы ЕО елдеріне кіруді шектеу екі рет 30 күннен шегерілді. Соңғысы - 15 маусымға дейін.
Чехия ЕО елдерінің ішінде 27 сәуірден бастап өз азаматтары үшін шекарасын ашқан алғашқы елдердің бірі. 26 мамырдан бастап Австрия және Германия үшін шекарасын ашты. Бұл елде коронавирус жұқтыру жағдайы төмен болды.
Балтық маңы елдері. Латвия, Литва және Эстония Еуропада алғаш болып байланысты қайта қосты және 15 мамырдан бастап ішкі шекараны ашты. Бұл үш елдің азаматтары үшін шекара ашылды. Ал Литваның премьер-министрі Саулюс Сквернялис Балтық маңына келетін азаматтардың барлығы екі аптаға карантинге жатқызылатынын айтқан болатын. Алайда, 30 мамыр күні елдің денсаулық сақтау министрі Илзе Винькеле ЕО азаматтары үшін бұл шараны алып тастауы мүмкін екенін Twitter-інде жазды. Тек бұл ереже 100 мың адамға шаққанда COVID-19 жұқтырғандар саны 15 адамнан аспайтын ЕО елдерінің азаматтарына қатысты болмақ.
Ar Baltijas veselības ministriem strādājam pie kopējas vienošanās, lai pašizolācijas prasību neattiecinātu uz ieceļotājiem no ES valstīm, kurās 14 dienu kumulatīvā saslimšana ar Covid19 nepārsniedz 15 uz 100 tkst.
— Ilze Viņķele (@Vinkele) May 29, 2020
Польша 12 маусымға дейін шетел азаматтарына кіруге шектеу қойды. Ел үкіметі шекараны 15 маусымнан кейін ашуды жоспарлап отыр.
Грекия барлық елдің азаматына кіруге рұқсат етеді, тек олардың кей бөлігі коронавирусқа тест тапсыруға және бір немесе екі аптаға карантинге жатқызылуы мүмкін. Ал, 15 маусымнан бастап 29 елдің азаматтары карантинге жіберілмей, елге кіре алады. Туристер таңдаулы түрде тест тапсырады.
Финляндия 14 мамырдан бастап Шенген ішіндегі шекарадан өтуге Финляндияда жұмыс істейтіндерге рұқсат етілді. Алайда әзірге басқа туристер үшін ел шекарасы жабық.
Австрия және Германия ортақ шекарасын 15 маусымнан бастап ашуды жоспарлады. Егер коронавирустың тарауы тағы төмен деңгейде болса, онда елдер көршілес мемлекеттермен шекараны ашуды көздеп отыр.
Францияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Жан-Батист Лемуан туристік орындарды маусымның соңына дейін көбейтуге шақырды.
Испания жақында шілдеден бастап шетелдік туристерге шекарасын ашатынын және 14 күндік карантинді алып тастайтынын хабарлады. Бір ай бұрын елде күніне коронавирус жұқтырған 300 адам қайтыс болып жатқанда үкімет биыл туристерді "кіргізбейтін шығармыз" деп ойлады. Алайда, соңғы аптада бірнеше күн тәулігіне бір адам қайтыс болды. Жағдай өзгерді.
Еуропада эпидемияның алғашқы эпицентрі болған Италияға туристер жақын арада кірмейді-ау деп ойлағанбыз. Бірақ Италия осы аптада "ашылуды" жоспарлап отыр. 1 маусымнан бастап Ватикан музейі жұмысын бастады, ал сәрсенбі күні үкімен әуежайларды ашып, аймақаралық қатынасты жандандырмақ. Айта кету керек, елде әлі күнге дейін COVID-19 жұқтырған науқастардың өлімі тәулігіне 100 адам асатын статистика бар.
Португалия қонақтарды қабылдауға дайын, тек туристердің көп бөлігін шілдеден бастап күтуді жоспарлап отыр. Елде тәулігіне 10-15 адам адам қайтыс болып жатыр.
Жалпы Еуропа елдеріне кіру үшін үш датаны айтуға болады. Біріншісі - 15 маусым. Бұл күні Франция, Германия, Австрия және басқа елдер әуе қатынастарының санын көбейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ бұл күні Шенген мемлекеттерінің ішіндегі көп елдің шекарааралық бақылауы алынуы керек. Мысалға, Австрия тестілеу немесе 14 күндік карантинді жоюы мүмкін.
Екіншісі - 22 маусым. Бұл күні де әуе рейстерінің саны көбеюі керек. Үшіншісі - 1 шілде. Осы күні көптеген ел шекарасын ашуды көздеп отыр. Испания да әуе рейстерінің санын осы күннен бастап көбейтуді жоспарлаған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!