РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 ноября 2020 | 17:28

"Ер адам бедеу болып қалады". Коронавирус туралы тараған жалған ақпараттар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Коронавирус әлі толық зерттелмеген. Сондықтан болар, Желіде COVID-19 туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бірі вирус ер адамды бедеу қылады деп қорқытса, басқа бірі аурудан емделудің түрлі жолын айтып жүр. Оның ішінде сауна да бар екен. Tengrinews.kz тілшісі дүние жүзінде коронавирусқа байланысты тараған жалған ақпараттар туралы баяндайды.


Коронавирус әлі толық зерттелмеген. Сондықтан болар, Желіде COVID-19 туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бірі вирус ер адамды бедеу қылады деп қорқытса, басқа бірі аурудан емделудің түрлі жолын айтып жүр. Оның ішінде сауна да бар екен. Tengrinews.kz тілшісі дүние жүзінде коронавирусқа байланысты тараған жалған ақпараттар туралы баяндайды.

"Ер адам коронавирустан бедеу болып қалады" - фейк

Қытай ғалымдары "коронавирус ер адамдардың құнарлығын өлтіреді" деген тақырыпта материал жазды. Мұндай мақала Хубэй үкіметінің сайтында жарияланды. Оны Уханьдағы Тонгцзи ауруханасындағы репродуктив медицина орталығының тобы дайындаған.

Материал Қытайдың әлеуметтік желілерінде кеңінен таралды, бірақ бірнеше сағаттан кейін мақала бастапқы сайттан өшірілген.

South China Morning Post басылымы осы ақпаратқа қатысты қытайлық дәрігерлердің пікірін білген.

Шанхайдағы Юэян дәстүрлі қытай және батыс медицинасы ауруханасының андрологы Ци Гуанчуннің айтуынша, ер адамның репродуктив жүйесіне инфекция әсер етуі мүмкін. Бірақ бедеулікке тек коронавирус емес, кез келген инфекция себеп болуы ықтимал екенін айтады.

Дәрігердің сөзінше, ер адамның бедеу болуына жүздеген себеп болуы мүмкін. Сондықтан, оның сөзіне сенсек, ер адамның репродуктив жүйесіне коронавирустың ерекше қаупі жоқ.

"Коронавирус саунада жойылады" - фейк

Көктемде COVID-19 тарап жатқанда сауна мен монша коронавирустанм құтқарады деген ақпарат тараған. Сол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны ресми түрде жоққа шығарған.

"Дененің қалыпты температурасы ванна немесе душтың температурасына қарамастан 36,5 пен 37 градус аралығында. Керісінше, ваннаны тым ыстық қабылдау зиян және адам күйіп қалуы мүмкін", - деп жазылған ДДҰ сайтында.


© Pixabay.com 

Бірақ соңғы уақытта Желіде сауна вирустан қорғайды дегенге ұқсас ақпарат қайта тарады.

Ресейлік дәрігер Владимир Зайцев коронавирус кезінде саунаның, керісінше, зиян екенін айтады.

"Моншаға бара, бу астында отырамын, сосын ұйықтаймын, келесі күні құлан таза жазыламын". Көптеген адам осылай ойлайды, өйткені олардың пікірінше, коронавирус инфекциясын ағзадан барлық жолмен алып тастау керек", - дейді дәрігер.

Бірақ Зайцевтың сөзінше, коронавирус жұқтырғандарға сауна не моншаға баруға болмайды.

"Моншада, саунада және хамамдағы температура өте жоғары. Ол мұрынның шырышты қабаты мен жұлынның ішкі бөлігін ғана емес, сонымен қатар ауатамырлар тарамын да ысытады. Мұның бәрі ісінуге әкеледі", - деп түсіндірді Зайцев.

Сонымен қатар, мамандар сауна мен моншада адам көп болады, сондықтан вирус жұқтыру қаупі бар екенін еске салады.

"Аурудан жазылу үшін аспирин ішу керек" - фейк

Желіде коронавирустан құтылудың тағы бір жолы айтылған. Бұл жолы хабарламада коронавирус жұқтырғандарды аспиринмен емдеуге болатыны жазылған.

Мақала авторлары италиялық ғалымдарға сілтеме жасайды. Бірақ ешкімнің аты-жөнін атамаған.

"АҚШ-та үйінде емделген түгел бір отбасы тіркелген. Емдеу жолы - 500 миллиграмм аспириннің үш таблеткасы. Ол жылы лимон шырыны мен балдың жылы сусынында ерітілген. Келесі күні таңертең оянғанда бүкіл отбасының симптомдары жоқ болған!", - деп жазылған.


© Shutterstock

Еуропалық дәрігерлердің айтуынша, коронавирус асқынған кезде (тромбоз жағдайында - авт. еск.) науқастарға антикоагулянт тағайындалады. Ал аспирин антиагрегант саналады, ол вирус жұқтырған адамға көмектеспейді екен.

"Өзін-өзі емдеп, аспирин қолданған, әсіресе 500 миллиграмм сияқты үлкен мөлшерде ішкен кезде асқазаннан қан кетуі және жара пайда болуы мүмкін", - дейді дәрігер Валерий Морозов.

"Қытай адамдарды қамауға алу арқылы COVID-19 жеңді" - фейк

Желіде Қытай коронавирустың таралуына жауапты барлық шенеунікті трибуналға беріп, COVID-19-ды жеңді деген ақпарат тарады. Хабарлама авторының пайымдауынша, Аспан асты елінде бірде-бір науқас қалмаған және "саяси вирус тоқтатылды".

Бүгінгі таңда Қытайда 392 адам коронавирустық инфекция жұқтырған. Олардың біреуінің жағдайы ауыр.

Stopfake.kz мәліметінше, Қытай билігінің жоғарғы сатысында биыл айтарлықтай өзгерістер болмаған. 2013 жылы қызметке кіріскен Ли Кэцян әлі де ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері. Барлық министрліктердің басшылары да өз қызметтерінде отыр. Кейбір ведомстволардың басшылары 2007 жылдан бері өз қызметтерін атқарып келеді.

ҚХР министрлер кабинетіндегі соңғы ірі өзгерістер 2018 жылы болған. Содан кейін жаңа ұлттық қорғаныс министрі мен қаржы министрі тағайындалды. Осыдан кейін министрліктерде кадрлық өзгерістер болған жоқ.

Сонымен қатар, Қытай саясаткерлерінің 2020 жылы жаппай ұсталуы және тұтқындалуы туралы ақпарат жоқ. 

"Коронавирустан ағартқыш құтқарады" - фейк

АҚШ пен Еуропа елдерінде коронавирусты жояды делінген Miracle Mineral Solution тауары кеңінен таралды. Ол негізі өндірістік ағартқыш ретінде қолданылады екен. 

Бұл ағартқышты Флорида штатының 62 жастағы тұрғыны Марк Гренон мен оның үш ұлы ойлап тапқан. Олар бұл емдеу құралының кез келген аурудан, оның ішінде коронавирустан емдейтінін айтқан. 


Фото: Тhetimes.co.uk

Бірақ ДДҰ америкалықтардың бұл өнертабысын жоққа шығарды. Құрамында хлорлы әк бар өте улы ағартқыш салдарынан адам қайтыс болуы да мүмкін екен. 

"Оларды қабылдау денсаулықтың нашарлауына және өлімге әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайда метанол, этанол немесе хлорлы әкті тазартқыштардың құрамына қосады, бұл өңдеу кезінде заттардың беттеріндегі вирустарды жоюға мүмкіндік береді. Бірақ бұл құралдарды адамның қабылдауына болмайды. Олар ағзадағы вирусты жоймайды және ішкі органдарға зиян тигізеді", - делінген ұйымның ресми сайтында.

Расында, бүгінге дейін бұл құралды пайдаланған жеті америкалық қайтыс болған. Қазір отбасы қамауда. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети