РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 мая 2021 | 13:49

Денсаулығы. Тергеу. Мойындау. Роман Протасевич ұсталған күні не болды? 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роман Протасевич ©REUTERS Роман Протасевич ©REUTERS

23 мамырда ұсталған журналист Роман Протасевич Минскіде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғанын мойындап, тергеу изоляторында мәлімдеме жасады. Ұшақта отырған жолаушылар сол күні не болғанын айтып берген. NEXTA-ның бұрынғы редакторы қалай ұсталды? Оның ұсталуына бомбаның не қатысы бар? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  


23 мамырда ұсталған журналист Роман Протасевич Минскіде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғанын мойындап, тергеу изоляторында мәлімдеме жасады. Ұшақта отырған жолаушылар сол күні не болғанын айтып берген. NEXTA-ның бұрынғы редакторы қалай ұсталды? Оның ұсталуына бомбаның не қатысы бар? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

Журналист ұсталған күні не болды? 

Әуелі ұшақ Афинада Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан. Артынша ұшақта мина бар деген желеумен Минскіде шұғыл қонған. Ryanair ұшағының жедел қонатынын естіген Роман қатты қорқа бастаған. Куәгердің айтуынша, милиция жасағы кіріп, Протасевичті ұстап әкетеді. Жолаушылар да не істерін білмей қалған.

"Олар біздің шабаданымызды тексере бастады, сол кезде Протасевичті де ұстап кетті", - деді жолаушы.

Милиция жасағы адамдардың көзінше ешкімге физикалық күш көрсетпеген.

"Ол қатты қорқып тұрды. Мен оның көзінен мұңды байқадым", - дейді куәгер.

Жолаушылар үш сағат бойы дәлізде тұрған. Delfi мәліметінше, ешкім жолаушыларға не үшін тінтіп жатқанын түсіндірмеген. Ал тағы бір жолаушылар жойғыш ұшақты көрген. Сол ұшақпен оларды Литваға дейін шығарып салған.

Тағы бір жолаушының сөзінше, Роман өлім жазасы туралы айта бастаған.

"Ол өлім жазасына кесілетінін айтты. Оның сүйіктісі екеуіміз қасында болдық. Ол қасымда тұрды, қалай көмектессек болар екен деп ойлап тұрдық. Бірқ ол жағдайда көмектесу мүмкін емес еді", - деді тағы бір жолаушы.

Роман ұсталып кеткеннен кейін де NEXTA LIVE Telegram-арнасының мәліметінше, журналист Минскідегі ауруханаға ауыр халде түскен.

"Бұл туралы оның анасы хабарлады. Романның жүрегі ауырады! UPD Ақпарат тексеріліп жатыр", - деп жазды телеграм-арна.

Роман тергеу изоляторында

Көп ұзамай мемлекеттік БАҚ-тар тергеу изоляторында отырған Романның суретін жариялай бастады. NEXTA LIVE суретке қарап, "Романды ұрған болуы мүмкін" деп топшылаған.

Тергеу изоляторында отырған Романның видеоүндеуі "Sputnik Беларусь" Telegram-арнасында жарияланды. Журналист видеода оны ішкі істер қызметі өкілдері 23 мамырда әуежайда ұстағанын, бүгінде Минскідегі №1 тергеу изоляторында отырғанын айтады. Сонымен қатар, Роман денсаулығына қатысты ақпаратты жоққа шығарды.

"Денсаулығыма қатысты, оның ішінде, жүрегіме байланысты ешқандай мәселе жоғын ашық мәлімдеймін. Қызметкерлер тарапынан маған деген көзқарас нақты әрі заң аясында.  Қазір қызметкерлермен келісімге келіп отырмын және Минскіде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғанымды мойындайтынымды мәлімдеймін", - деді Роман видеода.

Бомба туралы хабар қайдан келді?

Кеше, 24 мамырда Беларусь билігі Ryanair ұшағын ХАМАС жарып жіберетінін айтып, қоқан лоқы көрсеткенін мәлімдеді. Көлік министрлігі әуе департаментінің басшысы Артем Сикорскийдің сөзінше, Ryanair ұшағын жарып жібермек болған белгісіз біреулер Газа секторына қарсы израильдік агрессияның тоқтауын талап еткен.

РИА Новости мәліметінше, 23 мамырда Минскідегі ұлттық әуежайдың электрон поштасына ағылшын тілінде хабарлама түскен.

Хатта: "Біз, ХАМАС сарбаздары Израильдің Газа секторына атыс шығаруын тоқтатуды талап етеміз. Біз Еуроодақ бұл соғыста Израильді қолдауын тоқтатуды талап етеміз. Delphi Economic Forum қатысушылары FR4978 рейсімен үйге қайтып бара жатқанын білеміз. Бұл ұшаққа бомба салынған. Егер біздің талабымызды орындамасаңыздар бомба 23 мамырда Вильнюсте жарылады", - делінген.

Артынша ХАМАС Ryanair ұшағына байланысты жағдайға еш қатысы жоғын мәлімдеді.

"Біз кейбір күдікті тараптардың ісі болуы мүмкін әдістерге жүгінбейміз, олардың мақсаты ХАМАС-тың қытығына тию және Палестина халқына және оның заңды қарсылығына қатысты әлемдік жанашырлықты бұзу болып саналады", - ХАМАС-тың ресми өкілі Фаузи Бархум.

Роман ұсталған күні батыс елдері бірден пікір білдіріп, журналистті дереу босатуды талап еткен болатын. Бүгін АҚШ президенті Джо Байден де Минскіде болған жайтқа байланысты пікір білдірді. Ол Ryanair ұшағының Беларуське жедел қонуы халықаралық норманың бұзылуы екенін айтып, кінәлілер жазалануы керегін мәлімдеді.

"Өлім жазасына кесілуі мүмкін". Беларусьтік журналистің тағдыры әлем назарында

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети