РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 сентября 2021 | 12:26

ДДСҰ қызметкерлері зорлық жасады деп айыпталды: істің мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті кезінде гуманитарлық қызметкерлерге жыныстық зорлық-зомбылық туралы тағылған айыптарды тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның есебін жариялағаны белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі бұл істің мән-жайына шолу жасады. 


Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті кезінде гуманитарлық қызметкерлерге жыныстық зорлық-зомбылық туралы тағылған айыптарды тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның есебін жариялағаны белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі бұл істің мән-жайына шолу жасады. 

Deutsche Welle басылымының мәліметінше, жыныстық зорлық-зомбылықтың 80-нен аса жағдайы анықталған, оның ішінде ұйымның 20 қызметкеріне айып тағылды.  

БҰҰ тергеуді 2020 жылдың қазанында The New Humanitarian және Reuters жариялаған ақпараттан кейін бастаған. Онда 30-ға жуық әйел Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істейтін ер адамдардан зорлық көргенін айтқан.

Жалпы алғанда, 51 әйел БҰҰ-ның ДДСҰ, ЮНИСЕФ және халықаралық көші-қон ұйымы сияқты органдарында ғана емес, сонымен қатар, Oxfam, Шекарасыз дәрігерлер (MSF), World Vision және ALIMA сияқты көмек көрсету ұйымдарына қатыгездік туралы хабарлаған.

Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Конгодағы сексуалдық зорлық-зомбылық жағдайлары үшін кешірім сұрады. Ақпарат бойынша, қазір 83 айыпталушы кім екені БҰҰ өкілдеріне белгілі. Ұйым тергеушілері 2018-ден 2020 жылға дейін, Конгода Эбола ауруымен күрес кезіндегі 21 жағдайда ДДСҰ қызметкерлері кінәлі екенін анықтады. Жалпы ДДСҰ мәліметінше, дүние жүзіндегі әйелдердің үштен бірі өмір бойы физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық көреді екен.

The Guardian мәліметінше, анықталған 80 жағдайда 13-43 жас аралығындағы әйелдер мен қыздар зорлыққа ұшыраған. Есепке сенсек, 29 жағдайда әйелдер екіқабат болып қалған. Оның ішінде, кейбір қызметкерлер әйелдерді түсік жасауға көндірмек болған.

Бұл туралы комиссия мүшесі Малик Кулибали сейсенбіде, 28 қыркүйекте БАҚ өкілдеріне арналған брифингте сауалнама нәтижесін айтқан. Яғни сауалнамадан өткен әйелдер бала көтеруге қарсы құралдар пайдаланбағанын, салдарынан кейбірі аяғы ауыр болып қалғанын айтқан.

Зорлық жасады деген айып тағылған ДДСҰ қызметкерлерінің ішінде жергілікті және халықаралық қызметкерлер болған. Ал батыстың дипломатиялық дереккөздерінің мәліметінше, төрт адам жұмыстан қуылып, екі адам Женевада дипломатиялық шенеуніктерге арналған ДДҰ-ның қатысқан жабық брифинг кезінде әкімшілік демалысқа жіберілді.

Тергеу қызметкерлері құрбандардың көбі экономикалық жағдайы қиын жас әйелдер болғанын анықтаған. Ал комиссия мүшелері Эбола кезінде көмек көрсеткен қызметкерлер еңбек келісімшартын алмастыру үшін жыныстық қатынасқа түсуді талап еткенін растап отыр.

The Guardian басылымы Джолианна есімді қыздың оқиғасын келтірді. Ол, болжам бойынша, ең жас зорлық құрбаны болған. Джолианнаның сөзінше, ол 2019 жылдың сәуірінде Мангина қаласында жолдың бойында телефон картасын сатып тұрғанында ДДСҰ жүргізушісі оны үйіне жеткізіп салуды ұсынған. Ал жүргізуші Джолианнаны үйіне апарудың орнына, қонақүйге апарып, зорлаған делінеді.

ДДСҰ өкілдері тарапынан зорлық көрген әйелдер қызметкерлер қатаң жазаланатынына үміттенетінін айтқан. Ал Конгоның әйелдер қоғамының мүшесі Джули Лондо ДДСҰ өкілдеріне жазадан бөлек, тағы да қосымша шара қолдану керегін айтқан.

"ДДСҰ зорлық көрген әйелдерге ақшалай көмек көрсету туралы да ойлануы керек", - деді ол.

Джули Лонда тек зорлық көрген әйелдер емес, сонымен қатар, еркінен тыс бала көтеріп, өмірге алып келген әйелдерге де көмек көрсетілуі қажет екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети