РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 мая 2020 | 14:49

"Былапыт сөз айтқан мэр, шалбарсыз министр". Тікелей эфирдегі күтпеген жағдайлар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрлі елдегі карантин режиміне байланысты бүгінде көп адам үйінде жұмыс істейді. Оның ішінде журналистер де, шенеуніктер де бар. Оларға кейде үйінде отырып, тікелей эфирде жұмыс істеуге тура келеді. Сондай сәттерде күтпеген жағдайлар болып жатады. Tengrinews.kz тілшісі карантин кезіндегі тікелей эфир қызықтарына шолу жасады.


Түрлі елдегі карантин режиміне байланысты бүгінде көп адам үйінде жұмыс істейді. Оның ішінде журналистер де, шенеуніктер де бар. Оларға кейде үйінде отырып, тікелей эфирде жұмыс істеуге тура келеді. Сондай сәттерде күтпеген жағдайлар болып жатады. Tengrinews.kz тілшісі карантин кезіндегі тікелей эфир қызықтарына шолу жасады.

Шалбарсыз отырған министр

Румынияның жастар ісі және спорт министрі Ионуц Строе кеше Pro X телеарнасына үйінде отырып тікелей эфирде сұхбат берген. Сұхбат барысында қызық оқиға болды.

Елде пандемиядан кейін ашылатын жаңа спорт нысандары туралы сөйлесіп отырғанда Строе абайсызда видеобайланыс камерасын құлатып алған. Сонда шенеуніктің диванда шалбарсыз отырғаны көрініп қалған. Бірақ министр саспай, күлімдеп, камераны жөндейді де, әңгімесін жалғастыра береді.

Оқиғаның видеоүзіндісі әлеуметтік желіде тарап кетті. Роликке жазылған пікірлерге қарасақ, қолданушының көбін министрдің шалбарсыз отырғаны емес, оны көрген журналистің реакциясы күлдірген.

Эфирге шалбарсыз шыққан

Дәл осындай күлкілі жағдай америкалық АВС телеарнасы қызметкерінің де басынан өткен. Тікелей эфирде өтетін "Қайырлы таң, Америка" бағдарламасына журналист Уилл Рив үйінде жұмыс істесе де, тыңғылықты дайындалған - камера алдында жейде мен костюм киіп отырған. Тілші өз репортажында науқастарға дәрі жеткізу үшін дәріханалардың тапқан амалы туралы айтқан еді.

Журналист репортажын бітіріп, сөзді әріптестеріне берген кезде қызық жағдай болды. Уилл трансляцияны шалбарсыз өткізген екен.

Сол сәттің үзіндісін телеарна YouTube хостингінде жариялаған. Репортер кінәсін мойындап, Twitter желісінде көрермендерден кешірім сұраған.

Оқиғаның видеосы Twitter-де қызу талқыланды. Роликке бір сәтте 50 мыңнан аса адам лайк басып, 2 мыңға жуық пікір жазылған.

Жүргізуші мен мысықтың дуэті

Америкалық WFIE-TV телеарнасында ауа райы болжамын жүргізетін Джефф Лайонс үйінен арнайы студия ашып, хромокей мен камера алған.

Лайонстың айтуынша, хабар тарату кезінде оның мысығы үстелдің астында отырған. Трансляцияның режиссері мысықты көрсетуді сұраған, сол кезде эфирдің соңғы секундтарында жүргізуші мысықты қолына алған.

Эфирдің бұл бөлігі вирус секілді тарай бастады. Джефф Лайонс пен Бетти есімді мысығының ауа райы болжамын көретіндердің саны бірнеше есеге артқан.

"Мен 34 жыл жергілікті телевизияда жұмыс істеп келемін, осы уақыт ішінде азды-көпті танымал болдым. Бірақ ол Беттимен тікелей эфирден кейін басталған танымалдылықпен салыстыруға келмейді", - дейді Лайонс.

Жүргізуші әрі барабаншы

Америкада ауа райы болжамының тағы бір жүргізушісі карантин кезінде танымал атанды. BBC телеарнасында ауа райы болжамын жүргізетін Оуайн Уин Эванс көрермендерді таңғалдырды.

Эванс шығарылымды үйінің ауласында түсірген. Эфир соңында "Аман болыңыздар, қайта жүздескенше" деп қоштасады да, үйіне жүгіріп кіріп, барабанға отырады да, BBC News бағдарламасының әуенін ойнайды.

"Олар үйде жұмыс істеуді ұсынған кезде, муызкаға да жауап беретінімді білген жоқпын", - дейді Оуайн Уин Эванс.

Эванс жариялаған видеоны 5,56 миллион адам көріп, 190 мыңнан аса адам лайк қойған. 

Эфирді сөндірмей, былапыт сөз айтқан мэр

Тікелей эфирде күтпеген жағдай Ресейде де болды. Бұл жолы шенеунік Instagram желісінде тікелей эфирге кіріп, ұятқа қалды.

Геленджик қаласының мэрі Алексей Богодистов Instagram желісінің тікелей эфирінде қала тұрғындарымен сөйлесіп, коронавирусқа байланысты шектеулер мәселесін қозғаған.

Богодистовтің халыққа үндеуі аяқталған, бірақ ол желіден шығуды ұмытып кеткен. Дәл осы кезде тұрғындар мэрдің балағат сөз айтып жатқанын естіп қалған. Шенеунік көмекшісінің эфир кезінде кедергі жасағанына ашуланып, былапыт сөздер айтқан. Кейін эфирдің бітпегенін байқап, "Құдайым, кешір" дейді.

Артынша Геленджик әкімшілігі РИА Новости агенттігіне осы жағдай туралы пікір білдіруден бас тартқан.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети