РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
09 октября 2020 | 09:47

"Бұл трагедия". Таулы Қарабақтағы қақтығыс туралы әлем не деп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таулы Қарабақтағы қақтығыстың жалғасып жатқанына 10 күннен асты. Бүгінге дейін өнер, саясат және спорт жұлдыздары бұл оқиғаға қатысты түрлі пікір білдірген. Tengrinews.kz тілшісі танымал тұлғалардың Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа қатысты пікірін жинады.


Таулы Қарабақтағы қақтығыстың жалғасып жатқанына 10 күннен асты. Бүгінге дейін өнер, саясат және спорт жұлдыздары бұл оқиғаға қатысты түрлі пікір білдірген. Tengrinews.kz тілшісі танымал тұлғалардың Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа қатысты пікірін жинады.

"Бұл трагедия"

Ал кеше Ресей президенті Владимир Путин "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында алғаш рет Таулы Қарабақтағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді.

"Бұл трагедия. Біз қатты алаңдаймыз, өйткені Әзербайжанда да, Арменияда да, Таулы Қарабақта да бізге бөтен емес адамдар тұрады. Ресейде екі миллионға жуық әзербайжан және екі миллионнан аса армян тұратынын айту жеткілікті. Ресей азаматтарының көп бөлігі екі республикамен де достық және, тіпті, туыстық қарым-қатынас ұстанып отыр", - деді Путин.

Ресей басшысы екі тарапты да атысты тоқтатуға шақырды.

"Әрине, бұл үлкен трагедия. Адамдар өліп жатыр, екі тарапта да адам шығыны көп. Біз бұл қақтығыс жақын арада аяқталады деп үміттенеміз. Біз атысты тоқтатуға шақырамыз және оны тезірек істеу керек", - деді ол.

"Өлмей тұрғанда, қаруыңызды жинаңыз"

"Сборная РУДН" КВН командасының бұрынғы ойыншысы Ашот Кещян Түркия курорттарына барудан бас тартуға шақырды.

Әртіс осылайша Таулы Қарабақ қақтығысында Арменияны қолдауға болады деп есептейді.

"Мен армянмын, сондықтан осы мәселеге көңіл бөлген кез келген адам моральдық тұрғыдан, психологиялық және материалдық тұрғыдан көмек көрсеткенін қалаймын. Мұның бәрі бүгін Қарабақ үшін пайдалы болады", - деді Кещян.

Ал "Парни из Баку" КВН командасының ойыншысы Бахрам Багирзаде Әзербайжан армиясының Таулы Қарабақты босату қимылын қолдаған.

"Біз қадам жасадық және міндетті түрде жерімізді босатып аламыз. Енді біз қадам басатын уақыт келді - өз балаңыздың, ұлыңыздың, күйеуіңіздің өмірін сақтап қалу үшін үйіңізге оралыңыз. Кеш болмай тұрғанда, еліңіз кедейлік пен тығырыққа тіреліп, өлмей тұрғанда, қаруыңызды жинаңыз және бейбіт еңбекпен шұғылданыңыз", - деді ол Армения тұрғындарына.

"Отаныма қауіп төніп тұр"

Италиялық "Романың" футболшысы Генрих Мхитарян Ресей, АҚШ және Франция президенттеріне үндеу жасап, Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтатуды сұрады. Армения футбол құрамасының капитаны өз үндеуін Twitter және Facebook желілерінде жариялады.

"Менің Отаныма нақты қауіп төніп тұр. Екі аптадан бері қақтығыс жалғасып, отаным Арцах пен Армения агрессорға қарсы тұрып жатыр. Біз тарихи армян жерінде өмір сүру құқығымызды, христиандық мұраларымыз бен құндылықтарымызды қорғаймыз. Әзербайжан қарулы күштері мектептер мен балабақшаларды, ауруханалар менбасқа да азаматтық инфрақұрылымдарды нысанаға алып отыр. Зымыран қаруы бейбіт тұрғындарға қарсы қолданылып, көптеген шығын болды. Бұл әскери қылмыс", - деп жазды Мхитарян.


© Reuters 

Оның айтуынша, қазіргі жағдай гуманитарлық апатқа алып келген.

"Шетелдік жалдамалылар Ресей мен Еуропалық Одақ елдерінің шекараларына жақындады, бұл оларға қауіп төндіреді. Армения мен Арцах халықаралық терроризммен жалғыз күресіп жатыр. Сіздер Арменияның тарихи одақтастары және ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағалары ретінде араласып, Әзербайжанды осы жойқын соғысты тоқтатуға мәжбүр ете аласыздар. Мен сіздерді шын жүректен осы соғысты тоқтатуға және тараптарды бейбіт келіссөздерге қайтаруға бар күш-жігеріңізді салуға шақырамын", - деді футболшы.

"Қасақана әскери қылмыс"

System of a Down тобының вокалисі Серж Танкян Әзірбайжан үкіметі Таулы Қарабаққа шабуыл жасауды алдын-ала жоспарлағанына сенімді екенін айтты.

Танкян Әзербайжан әскерінің әрекетін қылмыс деп бағалады.

"Арцах астанасының көшелеріндегі бейбіт тұрғындарға шабуыл - қасақана әскери қылмыс. Әзербайжанда Twitter-ді қоспағанда, бүкіл Интернет ажыратылды, сондықтан олар оны жалған ақпарат экспорттау үшін қолдана алды. Лас мұнай олигархтары өз адамдарынан қорқады, сондықтан олар соғыс бастады. Екінші жағынан, Арменияда 2018 жылғы бейтін Барқыт революциясының арқасында прогрессив демократия. Бакуде де революция жасайтын кез келді. Тек содан кейін осы екі ел арасында бейбітшілікке қол жеткізіледі", - деді армян әншісі.

"Армения неге әскери жағдай жариялайды?"

"Борат" фильміндегі рөлімен танымал - ұлты армян, америкалық актер Кен Давитян ұзақ жылдардан бері Армян Революциясы Федерациясының партиясының мүшесі екенін айтады. Ол дүние жүзіндегі армяндарды бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ken Davitian (@kdavitian)

Ресейлік "Что? Где? Когда?" бағдарламасы арқылы танылған Ровшан Аскеров Facebook желісіндегі парақшасында осы жағдайға қатысты пікір білдірген. Ол бұл оқиғаға неге Армения араласып жатқанына түсінбейтінін айтқан.

"Тарих пен географияны оқу өте қиын. Егер ұрыс қимылдары Әзербайжан аумағында болып, Армения шекарасына ештеңе қауіп төндірмесе, неге Армения жұмылдыру және әскери жағдай жариялайды? Армения тіпті ТҚР (Таулы Қарабақ Республикасы - авт. еск.) тәуелсіздігін мойындамады ғой", - деп жазды Аскаров.

"Жаман ұлт жоқ"

Белгілі ресейлік әнші Алексей Чумаков Таулы Қарабақтағы қақтығыстарға қатысты пікірін айтты. Оның анасы Армениядан, сондықтан әнші бұл оқиғаға бей-жай қарамайтынын мәлімдеді.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында әкесі болгар, ал шешесі армян екенін жазды. Сондай-ақ, түрлі ұлттан көптеген досы мен танысы бар екенін де сөз етті.

"Жаман ұлт жоқ. Кез келген ұлтта ғажап адам да, жаман адам да болады!", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алексей Чумаков (@alexchumakoff)

Алексей Чумаков желі қолданушыларына үндеуінің соңында мәселенің шешімін ұсынды: ол ортақ шындықты іздеу үшін бір-бірімен сөйлесу керегін айтты. Әнші жағдайды сақтап, қантөгісті тоқтатуға әлі де кеш емес екеніне сенімді: "Дәл қазір тоқтату керек!".

"Жаңалық қате, қақтығыс емес". Танымал тұлғалар Таулы Қарабақтағы жағдай туралы не дейді?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети