РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 марта 2021 | 15:15

Бір кеме бүкіл экономикаға әсер етті. Оқиға қалай болған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

24 наурызға қараған түні Мысырдағы Суэц каналында бір кеме тіреліп қалған. Салдарынан жүздеген кеме каналдан өте алмай, таситын тауарын діттеген жеріне жеткізбеген. Үш күннен бері кеме барлық жолды бөгеп, күніне 9,5 миллиард доллар шығын келтіріп жатыр. Бұл қалай болды? Tengrinews.kz тілшісі шолып шықты.


24 наурызға қараған түні Мысырдағы Суэц каналында бір кеме тіреліп қалған. Салдарынан жүздеген кеме каналдан өте алмай, таситын тауарын діттеген жеріне жеткізбеген. Үш күннен бері кеме барлық жолды бөгеп, күніне 9,5 миллиард доллар шығын келтіріп жатыр. Бұл қалай болды? Tengrinews.kz тілшісі шолып шықты.

400 метрлік кеме жолды жауып тастады

Сонау 1869 жылы ашылған Суэц каналы кең, күніне кем дегенде 50 кеме емін-еркін өтеді. Ол Қызыл теңіз бен Жерорта теңізін байланыстырып тұрған көпір секілді. Сондықтан дүние жүзінде теңіз саудасының 12 пайызы осы каналдан өтеді. Бұл канал жабылса, миллиардтаған ақша жоғалады. Солай болды да. Үш күннен бері бір кеме каналды жауып тұр.

Тайваньдік Evergreen Marin тасымалдау компаниясының Ever Given кемесінің ұзындығы - 400 метр. Дүние жүзіндегі ең үлкен кемелердің бірі саналады, контейнермен түрлі тауар тасымалдайтын.


Ever Given кемесі. © Reuters

Euronews мәліметі бойынша, 24 наурызға қараған түні ол Қытайдан Роттердамға зат тасып бара жатқан. Бірақ басқа бағытқа түсіп кеткен. Түрлі нұсқа бойынша оған ауа райы немесе электр құрылғысындағы ақау себеп болыпты. Салдарынан кеме Суэц каналында тіреліп қалып, басқа кемелердің жолын жауып тастаған.

"Контейнер таситын кемелер, танкерлер Еуропаға азық-түлік, жанармай, өнеркәсіп тауарларын жеткізбей жатыр. Еуропадан шығыс аймақтарға өнімдер экспорты тоқтатылды. Мұның өндіріске, Еуропа мен Азиядағы тауарлар қолжетімділігіне салдары зор", - дейді Кэмпбелл университетінің тарих профессоры Сальваторе Меркольяно.


Фото: EADaily

Кемелердің жүру бағытын бақылап отыратын VesselFinder сервисі таяуда Evergreen Marin-нің Қызыл теңіздегі бағытын жариялады. Кейбірі кеменің бағытын анайы пішіндерге ұқсатқан.

Бірнеше аптаға созылуы мүмкін

Үш күннен бері құтқарушылар кемені каналдан шығара алмай жатыр. Суэц каналы әкімшілігі (SCA) мәлімдемесіне сүйенсек, ең үлкен сегіз буксир Ever Given-ді каналдан шығаруға тырысқан, бірақ әлі нәтиже жоқ. GPS-сигнал соңғы 24 сағат ішінде кеме сәл ғана қозғалғанын көрсеткен.

Ever Given-ді каналдан шығару үшін бірнеше күн емес, бірнеше апта қажет болуы мүмкін. Бұл туралы кемені шығаруға тырысып жатқан голландиялық Boskalis компаниясының бас директоры Питер Бердовски айтты.

"Жұмыс бірнеше аптаға созылуы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Бәрі жағдайға байланысты. Кеме жағаға шығып кеткен алып китке ұқсайды", - деді Бердовски Nieuwsuur бағдарламасында.


Кеменің бір бұрышы. © Reuters

Экономикаға қандай әсері бар?

Бір кеменің каналды жауып тастауы әлемдік экономикаға бірден әсерін тигізді. Лондондық ICE биржасының мәліметтеріне сүйенсек, 24 наурызда мұнай бағасы бірден алты пайызға қымбаттап, бір баррель құны 64 долларға жеткен. Бірақ кешеден бері мұнай арзандап жатыр.

Бұл тосын жайдың экономикаға әсері осы ғана емес. Бүгінде 150-ге жуық кеме Суэц каналынан өте алмай, кептелісте тұр. Тиегендері - азық-түлік, шикізат өнімдері. Ішінде мұнай, газ да бар.

Wood Mackenzie мәліметінше, қазір Суэц каналының бітелуіне байланысты 870 мың тонна мұнай мен 670 мың тонна теңіз өнімдерін тасымалдайтын 16 танкер кептелісте тұр.

Daily Mail мәліметінше, Суэц каналы жабылған әр күн 9,5 миллиард доллар шығын әкеліп отыр. Бұл кептелісте тұрып қалған кемелердің шығындары.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы 24-48 сағат ішінде канал босамаса, онда кептелісте қалып қойған кеме қожайындарына Африканы айналып өтуге тура келеді. Бұл да оңай емес, қосымша мыңдаған шақырым. Ал бұл тауарды жеткізу уақытын бір аптаға арттырады екен.

Banchero Costa & Co сарапшылар компаниясының басшысы Ральф Лещинскийдің айтуынша, Еуропа мен Азияға бара жатқан кемелер Қайырлы үміт мүйісін айналып өтсе, жол екі аптаға ұзарады, салдарынан тасымалдау құны өзгеріп, кестелер бұзылады.

Ал Coriolis Technologies бас директоры Кит Хардинг кеменің каналда тіреліп қалуына байланысты шығындар жаһандық сауда-саттыққа қауіпті екенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети