РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 августа 2020 | 17:01

Беларусьтегі жағдай туралы президенттер қандай мәлімдеме жасады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

9 тамыздан бастап Беларусьте жаппай наразылық шарасы өтіп жатыр. Жергілікті халық президент сайлауының нәтижелеріне жаппай қарсы шыққан. Ресми мәліметтер бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко 80,1 пайыз дауыс жинаған. Оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Светлана Тихановская жеңгеніне сенімді. Соған байланысты Беларусь халқы қайта санауды талап етіп отыр. Елдегі президент сайлауы, шеруге қатысушылар туралы шетел президенттері қандай пікір білдірді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.


9 тамыздан бастап Беларусьте жаппай наразылық шарасы өтіп жатыр. Жергілікті халық президент сайлауының нәтижелеріне жаппай қарсы шыққан. Ресми мәліметтер бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко 80,1 пайыз дауыс жинаған. Оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Светлана Тихановская жеңгеніне сенімді. Соған байланысты Беларусь халқы қайта санауды талап етіп отыр. Елдегі президент сайлауы, шеруге қатысушылар туралы шетел президенттері қандай пікір білдірді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Украина президенті белорусьтерді қолдады

10 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский Беларусьте болып жатқан жаппай наразылық шаралары туралы пікір білдірді. Facebook желісінде Беларусь халқына жолдаған үндеуінде Зеленский көршілес ел қиын күндерді басынан кешіріп отырғанын, жергілікті халық алдағы даму жолдарын анықтауға тырысып жатқанын айтты.

"Ол оңай емес. Алдын ала нәтижемен халықтың барлығы келіспейтіні анық. Заңға байланысты кез келген мәселе әлеуметтік сенімнен басталатыны белгілі. Мұндай деңгейдегі сенімсіздік зорлық, жанжал мен қоғамдық наразылықтың тууына әкеліп соғады", - деді Зеленский.

Украина басшысының сөзінше, жергілікті халықтың ел үкіметімен ашық диалог орнатқаны дұрыс.

"Біз, әрине, көршілерімізді сабырға шақырып, жаппай зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырамыз. Оңайға соқпаса да ашық диалог орнату керек. Себебі ашық диалог арқылы ғана Беларусь азаматтары қиын жағдайдан шығып, қоғамдық қарым-қатынастың ертеңін шынайы талқылай алады. Зорлық деңгейі өршіп, салдары қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін. Сондықтан екі тарап та - үкімет те, наразы халық та диалог орнатуға тырысуы керек", - деді Владимир Зеленский.

Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?

Айта кетейік, 12 тамызда Беларусьтегі шеру кезінде бірнеше Украин азаматы, оның ішінде, журналистер мен тәртіп сақшылары ұсталған. Ел президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, 14 тамызда бірнеше азамат елге қайтарылған.

Мұқият қадағалаймыз - Трамп

Бүгін АҚШ басшысы Дональд Трамптың Беларусьтегі наразылыққа қатысты пікір білдіргені белгілі болды. Ақ үй басшысы жағдайдың жаман екенін атап, АҚШ бұл жағдайды мұқият қадағалап отырғанын айтты.

"Иә, жаман. Бұл Беларусьтегі жаман жағдай. Оны мұқият қадағалаймыз", - деді Трамп.

Трамп әкімшілігінің жоғары лауазымды тұлғасы өз атын атамай, Reuters агенттігіне Беларусьтегі оқиғаларға қатысты АҚШ ұстанымын айтты.

"Бейбіт наразылық білдірушілердің көптігі Лукашенконың үкіметі бұдан былай демократияға деген үндеулерді ескермейтінін анық көрсетеді", - деді ол.

Трамп әкімшілігінің өкілі "Ресей Беларусьтегі жағдайға араласпауы керек" деп баса айтты. "Мәскеу Беларусьтің егемендігін және оның азаматтарының өз көшбасшысын еркін және адал сайлау құқығын құрметтеуі керек", - деді шенеунік.


© Reuters

Франция басшысы Беларусьтегі наразылық шарасын қолдады

РИА Новости мәліметінше, Франция президенті Эммануэль Макрон Еуроодақ Беларусьтегі бейбіт шерулерді қолдауы керегін айтқан.

"Еуропалық одақ құқықтары, еркіндігі мен егемендігін бейбіт түрде қорғап жатқан мыңдаған белорусьтықтарды қолдауы керек", - деді француз басшысы Twitter желісіндегі парақшасында.

Ангела Меркель наразы халыққа күш көрсеткендердің әрекетін сөкті

Ал Германия канцлеры Беларусьтегі наразы халыққа қарсы көрсетілген күшке қарсылық білдіріп, тұтқындалғандарды босатуды ұсынды. Бұл туралы Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберт Берлиндегі брифинг барысында хабарлады.

"Канцлер ең алдымен жай ғана бейбіт шеруге қатысқаны үшін азаматтарды тұтқындау, олардың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны дұрыс емес деп есептейді. Ол қайтыс болғандардың отбасына қайғыра көңіл айтады", - деді Зайберт.

Германия үкіметінің ресми өкілінің сөзінше, Меркель Беларусьті тұрғындарды тез арада босатып, олардың жиындардағы, ақпарат алу және сөз еркіндігіне қатысты құқығы қайта қаралуы керегін айтты.

"Беларусь азаматтарының құқықтарының аяққа тапталуы өрескел жағдай", - деді Зайберт. 


Беларусьтегі тәртіпсіздік © Reuters 

Айта кетейік, президент сайлауына дейін Лукашенконың қарсыласы Светлана Тихановская Ангела Меркельден көмек сұраған.

"Меркель ханым, Лукашенкомен байланысыңыз. Оған біз соғысты қаламайтынымызды түсіндіріңіз. Біздің қалайтынымыз - әділ сайлау", - деді ол.

Тихановская өзінің өмірі үшін қорқатынын және оған аноним түрде қоқан-лоқы көрсетілетінін айтқан. Сол себепті балаларын шетел асырып жіберуге мәжбүр болған.

"Сегіз күнде 2 адам өлі табылды". Беларусьтегі жаппай тәртіпсіздік

Еске салайық, 9 тамызда Беларусь тарихында алтыншы рет президент сайлауы өтті. Бұл жолғы сайлауда негізгі бес үміткер болды. Елде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Жергілікті халық сайлаудың алдын ала нәтижесіне наразы болған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети