РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 февраля 2020 | 14:07

"Бәрі құпия". Уханнан келген отандастарына украиналықтар неге тас лақтырды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Новые Санжары ауылындағы қақтығыс. © Reuters Новые Санжары ауылындағы қақтығыс. © Reuters

Украинада ел тағы дүрлікті. Бұл жолы халық Қытайдан эвакуцияланған адамдарға қарсы болып митингіге шығып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Украинадағы жағдайға шолу жасады.


Украинада ел тағы дүрлікті. Бұл жолы халық Қытайдан эвакуцияланған адамдарға қарсы болып митингіге шығып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Украинадағы жағдайға шолу жасады.

20 ақпанда бортында 72 адамы бар ұшақ Уханнан ұшып шыққан. Экипаж мүшелері және медициналық қызметкерлерден бөлек, эвакуацияланған 45 украиналық пен 27 шетелдік болған. Эвакуацияланғандар ішінде Аргентина, Эквадор, Доминикан Республикасы, Сальвадор, Коста-Рика, Черногория, Панама және Израиль азаматтары бар. Сонымен қатар, дене қызуы болған үш украиналық пен бір қазақстандық ұшаққа мінбей қалған еді.

Эвакуация туралы ақпарат аз берілген

Басында Желіде эвакуацияланғандар Тернополь мен Львов облыстарындағы госпитальдар мен санаторийлердің біріне жатады деген ақпарат тараған. Соған байланысты бұл аумақтарда жергілікті халық митингіге шыққан еді. Халық Қытайдан келгендерді бұл шипажайларға жатқызуға қарсы екенін білдірген.

Тұрғындардың шеруге шығуына ақпараттың жетіспеуі себеп болып отыр. Украина билігі эвакуация туралы ақпараттарды толыққанды бермеген. Көп мәлімет халыққа жетпеген. Сондықтан тұрғындар биліктің ақпаратына сенбей, митингіге шыға бастаған.


Львов облысындағы митинг. Фото: fakty.com.ua

Украиналық психолог Валентин Кимнің сөзінше, халық мәліметтің аз болуына байланысты, елге коронавирус тарап кетеді деп қорыққан.

Бірақ сол кезде Львов басшылығы Уханнан келгендердің аймаққа орналастырылмайтынын айтқан еді. Сондағы госпитальдің бас директоры Максим Прикупенко дүрбелең туғызбауға шақырған. Себебі оның айтуынша, госпиталь адамдарды қабылдауға дайын емес екен, сондықтан бұл жаққа карантинге әкелмейді.

"Бәрі құпия болған соң митингіге шықтық"

Кейін эвакуацияланған адамдарды Полтавская облысы Новые Санжары ауылындағы ІІМ санаторийіне апарады деген ақпарат тарады. Бұл жақтың тұрғындары да 19 ақпанның кешінде митингіге шықты. Ал 20 ақпанда эвакуацияланғандарды санаторийге жеткізбеу үшін жолды жауып тастаған. Ауыл тұрғындары да Уханнан келгендер туралы аз мәлімет берілгеніне наразы.

"Полиция бізге бәрі жақсы екенін айтады. Бірақ мынадай сұрақ туындайды: неге күшпен итеріп өтпей, халыққа не болып жатқанын түсіндірмейсіңдер? Халық үстінен өтіп кетпей, бізбен диалог жүргізу керек еді. Алдын ала бізді жинап, Қытайдан адамдар әкеле жатқанын, бәрі дайын, бәрі жақсы екенін айтса - бұл дұрыс. Бірақ бұлай болған жоқ. Халық бәрі құпия түрде болған соң митингіге шықты", - дейді белсенділердің бірі Роман Бобенец Focus.ua сайтына берген сұхбатында.


Новые Санжары тұрғындарының жол жапқан сәті. Фото: Ukrinform.ua

Ол митингіге шыққандардың Уханнан эвакуацияланғандарға қарсы емес екенін, тек бәрі құпия болғанына ашулы екенін басып айтты. Халық мәліметтің аз болуына байланысты "бізге коронавирус алып келе жатыр" деп ойлаған. 

Focus.ua порталының мәліметінше, билік жергілікті тұрғындармен диалогқа шықпаған. Новые Санжары ауылында қазір түрлі қауесет тарап жатыр. Мысалы, облыс басшысы ауыл радасының жетекшісін адамдар алдына шығармау үшін кабинетінде қамап қойды деген хабар тараған. Сонымен қатар, ауылды толықтай карантинге жабады деген де қауесет шыққан.

Полтавская облысының губернаторы Виктор Лысактың айтуынша, жергілікті халыққа дүрлігудің қажеті жоқ, себебі Уханнан келгендерге барлық жағдай жасалған. Ол эвакуацияланғандардан коронавирус анықталса да, ол елге тарамайтынына уәде берді.

Уханнан келгендерге тас атқан

Эвакуацияланғандар отырған автобус Новые Санжары ауылына қарай бағыт алғанда полиция митингіге шыққандарды таратпақ болған. Сол кезде екі жақ арасында қақтығыс басталған. Артынша тұрғындар автобустарға тас пен бөтелке лақтырып, терезелерін сындырған. Ал жолаушылар салон ішінде болған балаларды тастан өз денесімен көлегейлеп қорғаған.

"Уханнан эвакуацияланғандар балаларын сырттан ұшып кіріп жатқан тастардан қорғады. Украинаға қош келдіңдер, жерлестер! Қытайда жүріп бізде бәрі қалай болатынын ұмытып қалған шығарсыңдар?", - деп жазды журналист Юрий Ткачев.


Митингіде шабуыл жасалған автобус. Фото: pravda.com.ua

Бір адам көлігімен Ұлттық гвардия қызметкерлерін қағып кетуге тырысқан. Митингіге қарамастан автобустар Украина ұлттық гвардиясының "Новые Санжары" медициналық орталығына кіре алды, артынша санаторий қақпасы жабылды. Кейін жергілікті тұрғындар мен құқық қорғаушылар арасында тағы да қақтығыс болған.

Қақтығыс барысында 9 полицей мен бір тұрғын зардап шеккен, олар қазір ауруханада. Бүгінде қақтығысқа қатысқан 10 адам ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети