РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 ноября 2020 | 13:14

"Бәрі дағдарыстан басталған". "Қара жұма" атауы не білдіреді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Бүгін дүние жүзінде Black Friday болады. "Қара жұма" қазір Қазақстанда да кеңінен қолданылады. Бірақ "Қара жұма" атауы қайдан шыққанын, неге жұмада өтетінін көп адам біле бермейді. Tengrinews.kz тілшісі дүние жүзіндегі ең танымал жеңілдіктер күнінің тарихы мен атауы туралы баяндайды.


Бүгін дүние жүзінде Black Friday болады. "Қара жұма" қазір Қазақстанда да кеңінен қолданылады. Бірақ "Қара жұма" атауы қайдан шыққанын, неге жұмада өтетінін көп адам біле бермейді. Tengrinews.kz тілшісі дүние жүзіндегі ең танымал жеңілдіктер күнінің тарихы мен атауы туралы баяндайды.

Бәрі дағдарыстан басталған

"Қара жұма" ұғымы XIX ғасырда пайда болған. Бірақ ол кезде бұл ұғымның жеңілдіктер мен дүкендерге қатысы жоқ еді. АҚШ-тың сол кездегі президенті Авраам Линкольн қарашаның соңғы бейсенбісін Алғыс айту күні деп белгілеп, мерекені ресми демалыс күн деп жариялайды.


Алғыс айту күніндегі басты ас. Фото: Unplash 

Артынша Алғыс айту күнінен кейінгі жұмадан реждостволық маусым басталады - отбасылар жақындарына түрлі сыйлық ала бастайды. Бұл сатушыларға да керемет күн, себебі сатылым сол күні бірнеше пайызға артады екен. Түрлі дүкендер клиент санын көбейту үшін түрлі жеңілдіктер жасаған.

Бірақ ол кезде "Қара жұма" деген ұғым бірден пайда бола қоймады. Негізі "Қара жұма" сөзі мереке үшін емес, дағдарыс үшін қолданылған.

1869 жылы бірнеше америкалық алып-сатар алтын қорын сатып алады, нәтижесінде алтын құны 30 пайызға төмендеген. Салдарынан АҚШ нарығы құлап, дағдарыс басталады. Сол жылғы 24 қыркүйекті, яғни, дағдарыс басталған күнді халық "Қара жұма" деп атап кеткен. Ел экономикасы бұл дағдарыстан бірнеше жыл бойы шыға алмаған.

Дүкен аралау үшін өтірік ауырған

"Қара жұма" ұғымы америкалықтар тарихында осындай қайғылы кезде пайда болғанын түсіндірдік. Енді жеңілдіктер күніне оралайық. 1941 жылдан бастап Алғыс айту күні қарашаның төртінші бейсенбісінде атап өтіледі.

1950-жылдардың басында көп адам мерекеден кейінгі жұмада ауырып қалдым деген сылтаумен жұмысқа шықпайтын болған. Осылайша, олар төрт күн қатарынан демалып, оны дүкендерде, кинотеатрларда өткізеді екен. Бұл қулық елдің барлық аймағына тарап, "ауыратындар" саны көбейген - ал компаниялар кімнің рас, кімнің өтірік ауырып жатқанын біле алмаған. Бүкіл ел жұма күні дүкен аралап, Рождество мен Жаңа жылға дайындықты бастап кетеді. Соны пайдаланған дүкендер түрлі жеңілдік ұсына бастаған.


Фото: simons.com

Содан бері Алғыс айту күнінен кейінгі кезең - дүкен қожайындары үшін ең табысты күн.  Алғаш болып мерекеден кейінгі жұма күнгі жеңілдіктерді Филадельфия штатының сатушылары қолданған екен. Штатта түрлі жарнамалық кампаниялар болған. "Отбасыңмен бірге сыйлық сатып алу үшін керемет күн" деп сипаттаған сол кезде сатушылар.

Жеңілдіктер күні неге "Қара жұма" аталып кеткен?

Ал енді бұл жеңілдіктер күніне "Қара жұма" атауы қалай берілгенін түсіндірсек. Бұл күн "Қара жұма" деген атауды 1966 жылы алған - оны Филадельфия штатының полицейлері осылай атаған. Себебі сол күні дүкен аралайтындар саны көп болған соң қала орталығында ірі кептелістер болады екен.


Фото: sfchronicle.com 

Осылайша, жыл сайын Алғыс айту күнінен кейінгі жұмада қала жаңажылдық сыйлықтар алғысы келетіндерге толады. Көлік кептелісі пайда болған, ал дүкендерге адам сыймай қалатын, бұл, әрине, полиция қызметкерлерінің наразылығын тудырды. Бұл жағдай полицейлерге 1869 жылы алтын құны құлдыраған күнді еске түсірсе керек.

Кейін "Қара жұма" күнінің атауын өзгертуге тырысқандар болған. Үлкен жеңілдіктерге байланысты бұл күнді "Үлкен жұма" деп атау да ұсынылған, бірақ халық бәрібір "Қара жұма" деп атап кеткен.

Бүгінгі "Қара жұма" қандай?

Бүгінде "Қара жұма" сөзінің мағынасы XIX ғасырдағы дағдарыс та емес, XX ғасырдағы кептеліс те емес. Сатушылар мен маркетологтар "Қара жұма" сөзін позитив мағынада қолдануға тырысады. Ағылшын тілінде in the black деген ұғым бар, бұл "оң баланс, пайдалы баланс" дегенді білдіреді. Осылайша, сатушылар Black Friday сөзін "пайда табу" мағынасына ауыстырған.


© Reuters 

Осылайша, "Қара жұма" АҚШ-тағы дағдарыста пайда болып, сол жақта жаңа мағынаға ие болған күн. Бұл күні америкалықтар демалыс алып, отбасымен бірге дүкен аралайды, кинотеатрға барады. Бейресми мереке, өзіндік дәстүрге айналған.


© Reuters 

АҚШ-та бұл күні дүкендер таңғы 5-те, кей сауда үйі түнгі 12:00-де ашады. 90 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынады. АҚШ Ұлттық бөлшек сауда федерациясы Алғыс айту күнінен кейінгі сауда-саттық туралы мәліметтерді үнемі жариялап отырады. Соңғы жылдары сатып алушылардың жалпы саны 200 миллионнан асады екен, ал әрқайсы орташа есеппен 400 долларға зат сатып алады.

Соңғы жылдары түрлі маркетологтар "Қара жұманы" өз елдерінде қолдана бастады. Бүгінде қарашаның төртінші жұмасы дүние жүзінде жеңілдіктер күніне айналды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети