28 мая 2020 | 10:00

"Ауа райы, балалар, темекі" - коронавирусқа байланысты орындалмаған болжамдар

© REUTERS

Дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 5,6 миллионнан асты. Оның ішінде 2,4 миллион адам аурудан айығып, 352 295 адам қайтыс болған. Коронавирус пандемиясы басталғалы әлем ғалымдары вирусқа байланысты түрлі болжам жасады. Бүгінде оның ішінде орындалғаны да, орындалмағаны да жеткілікті. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты орындалмаған болжамдарға шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 5,6 миллионнан асты. Оның ішінде 2,4 миллион адам аурудан айығып, 352 295 адам қайтыс болған. Коронавирус пандемиясы басталғалы әлем ғалымдары вирусқа байланысты түрлі болжам жасады. Бүгінде оның ішінде орындалғаны да, орындалмағаны да жеткілікті. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты орындалмаған болжамдарға шолу жасады.

Күннің ыстық не суық болуы вирустың тарауына әсер етеді - қате

Реклама
Реклама

Көптеген инфекциялық ауру алдымен өршіп, артынша жыл мезгіліне қарай бәсеңдейтін көрінеді. Әдетте тұмау суық, қыз мезгілінде, ал іш сүзегі жаз мезгілінде өршиді екен. Ал қызылша ауруы жазда қоңыржай елдерде бәсеңдеп, ал тропикалық аймақтарда құрғақ мезгілде күрт көтеріледі. Осыған байланысты қыс мезгілінде пайда болған коронавирус инфекциясы жаз мезгілінде бәсеңдейді деген пікірлер болды.

Мәселен, вирусолог Томас Питчман (Thomas Pietschmann) Deutsche welle басылымына берген сұхбатында күн ысыған сайын вирустардың өмір сүруі қиын болатынын айтқан.

"Коронавирус липидтермен, яғни, май қабықшасымен қапталған. Ол температура көтерілген кезде ол бүлінеді, онымен қоса вирус та жoйылады", - дейді ғалым.


© REUTERS 

Алайда бұл пікір шындыққа жанаспайтынын әлемдік ғалымдар мен қазақстандық зерттеушілер де айтқан.

"Алдағы таңда, жаз мезгілінде эпидемиологтар вирус қарқынды төмендеуі мүмкін екенін, бірақ эпидемия толығымен жоғалып кетпейтінін айтады. Ал сарапшылар эпидемия күзде қайталануы мүмкін екенін болжап отыр", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирус жұқтыру дерегі жазда азая қоймайтынын айтты.

"Бұл вирустың жаңа екенін түсіну керек. Бұрын бұл вирус болған жоқ. Жазда температура маусымдық тұмау немесе ЖРВИ-дің азаюына себеп болмайтынын білу керек. Біз жыл сайын ЖРВИ ауруларын тек күз, қыс, көктемде емес, жазда да тіркелетінін білеміз. Тек жазда саны аз болады. Мұның себебі, ең алдымен, күн сәулесі немесе температура бұл вирустарды өлтіргеннен емес, ғимараттарды желдету, жабық ғимараттарда адамдардардың көп шоғырланбауынан болады", - деді спикер ДСМ медиорталығында өткен онлайн-брифингте.


© REUTERS 

Коронавирус балаларға жұқпайды - қате 

ҚХР-дың Ауруларды бақылау және профилактика шараларын жүргізу орталығының зерттеу нәтижелері вирус балаларға жұқпайтынын көрсеткен. Дәлірек айтқанда, 19 жасқа дейінгі балалардың COVID-19 жұғу мүмкіндігі - 1 пайыз деген шешімге келген.  

Коронавирусқа 60 жастан асқан созылмалы ауруы бар науқастар жиі шалдығады. Жасөспірімдердің иммунитетінің бұл вирустан қорғану мүмкіндігі жоғары. Дегенмен бұл - вирус жасөспірімдерге мүлде жұқпайды деген сөз емес. Балаларда көбіне еш белгісіз өтетін көрінеді. Себебі жасөспірімдерде вирус байланысқа түсетін ақуыз аз бөлінеді екен. Ал адамның жасы ұлғайған сайын ақуыздың көптеп шоғырланады да ауруды жұқтырып алу қаупі жоғары.

Алайда, статистика бойынша, коронавирус жұқтырғандардың арасында балалар да жоқ емес. Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19-дан екі бала қайтыс болған, тағы 11-і ауыр халде жатыр. Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырған 9304 адам анықталса, оның шамамен 50 пайызы, яғни, 4613-і аурудан айығып шыққан. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, әлі 4653 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 355 бала бар.

© REUTERS

Темекі шегетіндерге коронавирус жұқпайды

Ресейлік дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастардың ішінде темекі шегетіндер аз екенін байқаған. Одан бөлек, Питье-Сальпетриер париждік ауруханасының дәрігерлері де осы "заңдылықты" байқаған екен.

"Темекі шегу - қорғаныш факторы болуы мүмкін. Никотин вирустың ағзаға енуіне жол бермейтін қорғаныш зат болуы мүмкін", - дейді аурухана қызметкерлері.

Eadaily мәліметінше, ауруханаға жатқызылған 340 науқастың тек 4,5 пайызы темекі шегетін болып шыққан. Ал амбулаториядағы (келіп жүріп емделетін адам) 140 науқастың 5,3 пайызы темекіні жиі тұтынатын болып шыққан. Бірақ Ресей мен Францияда әрбір төртінші адам темекі шегеді екен.

Бұған дейін темекі коронавирустан қорғайтынын қытайлық зерттеушілер де жазған екен. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыны бұл теорияны қолдамайтынын, коронавирустың алдын алу үшін шылымды қолдану дұрыс емес екенін хабарлаған. Одан бөлек, ДДҰ темекі шегу кезінде адамның қолы бетіне жиі тиетінін, сол себепті вирусты жұқтыру қаупі жоғары екенін ескертеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram