ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мая 2020 | 16:07
"Асығыстық жасадық". Испанияда карантин жеңілдегеннен кейінгі жағдай қандай?
Испания дүние жүзінде коронавирус жұқтырған адам саны бойынша төртінші орында. Дегенмен 24 мамырда жергілікті билік Испания шілдеден турист қабылдай бастайтынын мәлімдеді. Бүгінде елде карантин ережелері біртіндеп жеңілдетіле бастады. Алайда мамандар Испания режимді жеңілдетуде асығыстық жасағанын айтады. Испанияда COVID-19 қалай тарады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Испания дүние жүзінде коронавирус жұқтырған адам саны бойынша төртінші орында. Дегенмен 24 мамырда жергілікті билік Испания шілдеден турист қабылдай бастайтынын мәлімдеді. Бүгінде елде карантин ережелері біртіндеп жеңілдетіле бастады. Алайда мамандар Испания режимді жеңілдетуде асығыстық жасағанын айтады. Испанияда COVID-19 қалай тарады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Ресми мәліметтер бойынша, бүгінде Испанияда коронавирус жұқтырған 282 852 адамның 196 958-і аурудан айығып шыққан. Жалпы 28 мыңнан аса адам қайтыс болған. Қазіргі таңда елде шамамен 57 мыңнан аса адам әлі де коронавирустан емделіп жатыр.
Елде коронавирус инфекциясы 31 қаңтарда Гомера аралында Германиядан келген туристтен анықталған. Ал 13 наурыздан бастап Испанияның барлық 50 провинциясында COVID-19 дерегі тіркелді. 25 наурызда Испанияда коронавирустан қайтыс болған адам саны алғаш вирус анықталған Қытайды басып озған. Сол уақыттағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 3287 адам қайтыс болған болса, Испанияда 3647 адам COVID-19 құрбаны болған. Ал коронавирус анықталғаннан екі айдан кейін, яғни, 1 сәуірге қарай елде науқастардың саны 100 мыңнан асса, қайтыс болғандардың саны 10 мыңға жеткен.
Жергілікті биліктің әрекеті
47 миллионға жуық халқы бар Испанияда коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай 14 наурызда енгізілген. Сыртқа қажет жағдайда: азық-түлік алуға, дәріханаға бару ғана ұсынылды.
Жергілікті биліктің сөзінше, Испанияда Еуропа бойынша ең қатаң дайындық шаралары қабылданған. Серуендеп, велосипед тебуге де шығуға тыйым салынды. Дүкенге мейлінше жалғыз барып, қалада не саяжайда қыдыруға тыйым салынған. Полицейлер жиі тексеріс жүргізіп, айыппұл салған. 24 мамырдағы жағдай бойынша 900 адам ұсталған, 100 мыңға жуық адамға ескерту жасалған. Испанияның Ішкі істер министрлігі карантин режимін қадағалау үшін 260 мың полицей жұмылдырған. Ал сыртқа еш себепсіз шығып кеткен адамдарға 601 еуродан 10 400 еуроға дейін айыппұл қарастырылған. 15 мамыр мен 14 сәуір аралығында жарты миллион еуроға жуық айыппұл салынған, 5182 адам тұтқындалған.
Бүгінде елде карантин ережелері біртіндеп жеңілдетіліп жатыр, енді 14 жасқа дейінгі балаларды 1-1-1-1 ережесі бойынша далаға серуендеуге шығаруға болады, яғни, сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін бір сағат уақыт үйден бір шақырым аспайтын жерде серуендеуге рұқсат берілді. Бірақ қасында міндетті түрде ата-анасы болуы қажет.
"Карантин үш рет ұзартылды". Испанияда тұратын қазақ елдегі жағдай туралы
Болжам
14 сәуірде ел билігі Испания ауырғандар саны ең көп болатын кезеңнен өткенін мәлімдеген. Бұл туралы Испанияның денсаулық сақтау министрі Сальвадор Илла хабарлаған. Оның айтуынша, 13 сәуірдегі жағдай бойынша, науқастардың саны 6 пайыз, ал қайтыс болғандардың саны тек 3 пайызға өскен. Ал 15 сәуірде Еуропадаға коронавирустың ең ірі ошақтарының бірі Испания мен Италияда науқастар саны мен қайтыс болғандар саны азая бастаған.
Испания карантин режимін жеңілдете бастағаны белгілі. Алайда сарапшылар егер жергілікті халық денсаулық сақтау министрлігі белгілеген ережеге бағынбаса, Испаниядағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетуі мүмкін деп дабыл қаққан. Яғни, испандық билік карантин режимін жеңілдетуде асығыс шешім қабылдаған.
"Испанияда карантин режимін мерзімінен бұрын алып тастады. Біз асығыстық жасадық, ал адамдар қажет шараларды сақтамауы мүмкін. Бұл коронавирусқа байланысты жағдайдың нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін", - дейді Cognitive Neurolab тобының маманы Диего Редолар РИА Новостиге берген сұхбатында.
Редолардың сөзінше, COVID-19 жұқтырғандардың санының күрт ұлғаюына адамдардың көптеп жиналуы да әсер етуі мүмкін. Мадридте карантин режимі жеңілдеген алғашқы күндердің өзінде ереже бұзған ондаған адамды ұстаған, енді олар айыппұл салынуы мүмкін.
"Басқа елдерде, мысалы, Швейцияда жергілікті билік халықтың жауапкершілігіне, адамдар сақтық шарасын сақтайтынына сенім артады. Ол жерде бәрі басқаша. Ал Испанияда ол жүрмейді", - дейді Редолар.
Маман Испанияда коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтады.
"Қазанда коронавирустың тағы бір толқыны болуы мүмкін бе? Болуы мүмкін. Карантин режимі жеңілдеген елдер бұл тұрғыда абай болуы керек", - дейді Диего Редолар.
Дегенмен елдің премьері Педро Санчес Испания шілдеден бастап туристерді қабылдай бастайтынын мәлімдеді.
"Испанияға туризм қажет, ал туризм қауіпсіз болуы керек. Испанияға туризм қажет, ал туризм қауіпсіз болуы керек", - дейді премьер.
Испанияның нақты қандай елдермен әуе байланысы жаңартылатынын, нақты қандай шаралар қабылданаты белгісіз. Педро Санчес испандықтарға демалысты қазірден бастап жоспарлауды ұсынған. Оның айтуынша, жергілікті тұрғындар Испанияда провинциялар арасында жүруге тыйым алып тасталғанда, эпидемиологиялық жағдай жақсарғанда саяхаттай алады. Оның айтуынша, ел қалыпты өмірге маусымның аяғында оралуы мүмкін.
Айта кетейік, Worldometers мәліметінше, дүние жүзі бойынша, COVID-19 жұқтырғандардың саны 5,5 миллионнан асты. Оның ішінде 2,3 миллион науқас аурудан толығымен айығып шықса, 346 917 адам вирус құрбаны болды. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8,5 мыңнан асты. Аурудан 4352 адам айығып шықса, еліміз бойынша, 35 адам қайтыс болды.
Показать комментарии
Читайте также