РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 июля 2020 | 09:21

Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысқа не себеп?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Армения-Әзербайжан шекарасында 12 шілдеде басталған қақтығыс бірнеше күн бойы жалғасып жатыр. Ресми мәлімет бойынша, қақтығыс салдарынан 12 адам қайтыс болған. Сарапшылардың пікірінше, Армения мен Әзербайжан арасында ірі соғыс болмайды. Жалпы екі ел арасындағы қақтығыс неден басталды? Оған сарапшылардың пікірі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  


Армения-Әзербайжан шекарасында 12 шілдеде басталған қақтығыс бірнеше күн бойы жалғасып жатыр. Ресми мәлімет бойынша, қақтығыс салдарынан 12 адам қайтыс болған. Сарапшылардың пікірінше, Армения мен Әзербайжан арасында ірі соғыс болмайды. Жалпы екі ел арасындағы қақтығыс неден басталды? Оған сарапшылардың пікірі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

Продолжение

Қақтығыс неден басталды?

13 шілдеде Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Армениямен шекарада минометпен атыс болғанын мәлімдеді. Бакудің ақпараты бойынша, Әзербайжанның үш жауынгері қаза тауып, армян әскерилері зардап шеккен. Ал ВВС-дің 14 шілдедегі мәліметі бойынша, қақтығыс салдыран 11 әскери мен 1 бейбіт тұрғын қайтыс болған. Ал Арменияның Қорғаныс министрлігі әзербайжандық әскерилердің оларды басып алмақ болғанын мәлімдеген.

Қақтығыс 12 шілдеде Әзербайжанның Товуз ауданы мен Арменияның Тавуш облысымен шекаралас жерде болған. Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі дүйсенбіде түнгі уақытта армян әскерилерінің шекарада ауылға оқ атқанын хабарлаған.

"Арменияның қарулы күштері Товуз ауданының Ағдам ауылына 120 миллиметр минометтен оқ жаудырды. Қазіргі уақытта майдан желісі бойындағы жедел жағдай біздің әскерилеріміздің бақылауында. Біздің әскер жаудың осы арандатуына қарсы қатаң жауап шараларын қабылдайды", - деп мәлімдеген Әзербайжанның баспасөз қызметіндегілер.

Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян Facebook желісіндегі парақшасында Әзербайжан тарапынан түрлі атыс жасалып жатқанын жазды. Дегенмен, оның айтуынша, қарсыластың барлық әрекеті бейтараптандырылады.

© Reuters

Ал 16 шілдеде Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армениямен шекарадағы Товуз бағытында атыс қайта басталған. Министрлік мәліметінше, армян қарулы күштері елді мекендерге оқ жаудырып жатыр.

"Агдам, Дондар Гушчу және Вахидли ауылдарына ірі калибрлі қарулар мен минометтер атылды. Бейбіт тұрғындар арасында ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта бұл бағытта ұрыс жүріп жатыр, жедел жағдай біздің әскерилеріміздің бақылауында. Халыққа қосымша ақпарат беріледі", - деді Әзербайжан Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі, полковник Вагиф Даргяхлы.

Сарапшылар не дейді?

Неміс саясаткері Штефан Майстердің сөзінше, екі ел арасындағы қақтығыс - күтпеген жағдай. Ол бұл туралы Deutsche Welle-ге берген сұхбатында айтқан.

"Бұл жоспарланған қақтығыс емес. Ол аяқасты болған шиеленіс. Әзербайжан әскери күшінің қызметкерлері Армения төңірегіне кездейсоқ тап болған да, армениялық тарап бірден әрекет еткен. Сөйтіп жағдай ушығып кеткен: қақтығысқа ауыр әскери техника жұмылдырылған. Бұған дейін Әзербайжанның агрессив риторикасын байқағанымызбен, меніңше, бұл арнайы жоспарланбаған қақтығыс", - дейді маман.

© Арменияның Қорғаныс министрлігі

Ал ғылыми қызметкер Станислав Притчиннің сөзінше, екі ел арасында соғыс басталуына себеп жоқ. 

"Бірақ атыс пен шайқас саны көбеюі мүмкін. Халықаралық бақылаушылар екі елді келіссөз жүргізуге шақыруы керек", - дейді Притчин.

Ол Армения мен Әзербайжан арасында соғыс болған күннің өзінде ол екі ел үшін де жойқын болатынын айтады. 

"Қазір байқап отырғанымыздай, кез келген жағдай, кез келген қақтығыстың күшеюі жағдайдың шиеленісуіне әкеп соғуы мүмкін. Ірі соғыс екі ел үшін де жауапты қадам болуы мүмкін, көп қаржылай шығын жұмсалады. Пандемия мен қаржы дағдарысы жағдайында бұл екі ел үшін одан да күрделі болуы мүмкін. Қазір ешкім ірі соғысқа дайын емес. Армения мен Әзербайжан арасындағы жаппай соғыс екі ел үшін де жойқын болады", - дейді маман "Евразия эксперт" порталына.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети