РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 апреля 2020 | 11:23

Әр елдің маска тағуға қатысты саясаты неге әрқилы? COVID-19 жайлаған елдерге шолу

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Ухан, Гонконг, Сеул не Токиода маскасыз жүріп көріңіз, басқалар сізге таңғала қарайды. Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары дәріханаларға бетперде алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Бірақ АҚШ, Британия, Сиднейде көшеде бетпердесіз жүргендер көп. Коронавирус жаппай тараған кезде бірден маска тағу туралы шешім шығарған елдер бар. Кейбірі кеңес берді, бірақ талап етпеді. Мұндағы мәселе үкімет, дәрігерлер тарапынан айтылып жатқан талаптарда ғана емес, халықтың мәдени салты мен әдеті, қаншама жылдап жиналған тәжірибесі болып тұр. Маска тағу пандемия кезінде әлем халқы үшін әдетке айналды ма? Масканы талап еткен және масканы оғаш көрген елдердің тәжірибесі жайлы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Ухан, Гонконг, Сеул не Токиода маскасыз жүріп көріңіз, басқалар сізге таңғала қарайды. Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары дәріханаларға бетперде алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Бірақ АҚШ, Британия, Сиднейде көшеде бетпердесіз жүргендер көп. Коронавирус жаппай тараған кезде бірден маска тағу туралы шешім шығарған елдер бар. Кейбірі кеңес берді, бірақ талап етпеді. Мұндағы мәселе үкімет, дәрігерлер тарапынан айтылып жатқан талаптарда ғана емес, халықтың мәдени салты мен әдеті, қаншама жылдап жиналған тәжірибесі болып тұр. Маска тағу пандемия кезінде әлем халқы үшін әдетке айналды ма? Масканы талап еткен және масканы оғаш көрген елдердің тәжірибесі жайлы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Мамандар қандай кеңес береді?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми кеңесі коронавирус жаппай тарай бастағанда адамдардың тек екі санаты маска тағуы керек деді.

1. Науқас немесе ауру белгілері бар адамдар;
2. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар.
 

ДДҰ "Басқа ешкімге тағу керек емес. Себебі маска вирустан қорғай алмайды, COVID-19 инфекциясы сілекей арқылы, қолымызбен көз, мұрынды ұстағанда да жұғады. Сондықтан қолды жиі жуу керек", - деген кеңес берді.

Дегенмен азиялық елдерде барлық тұрғын дерлік маска тағып жүр. Бұл мемлекеттерде "маска тағып өзіңді және өзгені қорға" деп қабылдайды. Қытай, Жапония, Таиланд және Тайванда кез келген адам вирус тасымалдаушысы болуы мүмкін деген қауіппен маска тағып, өзін және өзгелерді қорғайды.

Қытайда коронавирус өршіген кезде кей өңірінде маска тақпаған адамдарды ұстап, айыппұл салды. Ал Индонезия және Филиппиндегі ірі қалаларда КВИ анықталмаған кезде, адамдар бір-бірінен қауіптеніп, маска таға бастады.

Қалыпты жағдай

Көптеген ел үшін коронавирус инфекциясы өршімей тұрған кезде маска тағу қалыпты жағдай болып есептелді. Мысалға, Гонконгта жапониялық Hello Kitty брендінің ақ мысық бейнеленген эмблемасы бар масканы тағу сәнге айналды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері үшін түрлі аллергия қозатын кезде, тұмау өршитін кезде өзгелердің қасында түшкіріп-жөтелуге ыңғайсызданып, маска тағу қалыпты болды. 2003 жылы Sars вирусы жаппай тараған кезде осы аймақта маска тағудың маңызы артты. Әсіресе, өлім көп тіркелген Гонконг тұрғындары маскаға үйреніп қалған.

Сондықтан Батыс пен Азияның маска тағудағы айырмашылығы бар. Азиялық елдердің көбі эпидемиядан жақында өткен және оның қандай қауіпті болғаны әлі есінде.

Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде адам көп қоныстанған қалалардың тұрғындары лас ауамен тыныс алмау үшін маска тағады.

Маска тағу - әлеуметтік сигнал

Бір жағынан маска тағу коронавирустың қауіпті екені туралы белгі беру және өзіңнің жеке гигиенаңды сақтау деген әдет қалыптасты.

"Күнде үйден шықпай тұрып маска тағу - кәдімгі дәстүрге айналды. Белгілі бір форманы киген сияқты. Адам өзінен-өзі оны ауызды, мұрынды ұстамау үшін тағады. Әлеуметтік қашықтық сақтау, жеке гигиенаны сақтау сияқты, масканы да, әдеттегідей, тағып шығады", - дейді Гонконг ғылым және технология университетінің профессоры Дональд Лоу.

Коронавируспен күресте масканың рөлі зор деген мамандар бар.

"Маскалар тиімсіз деп айта алмаймыз. Оның қандай да бір қорғанышы бар болған соң біз оларды денсаулық сақтау қызметкерлеріне береміз... Адам көп жерде маскамен тұрса, вирустың жұғу ықтималын бәсеңдете алады", - дейді Гонконг университетінің эпидемиологы Бенджамин Каулинг.

Дегенмен пандемияның қаупін түсінген кәрі құрлық елдері азаматтарын маска тағуға шақыра бастады. Чехия, Словакия, Австриядан кейін Германияның шығысындағы Йена қаласында тұрғындарға маска тағу керек деген талап қойылды.

Мамандар Еуропа мен АҚШ-тағы Covid-19 вирусының салдарын көргенде, "бұлардың қателігі - маска талап етпеу" деген пікір айтты. Қытайдағы ауруларды бақылау мен алдын алу орталығының бас директоры Джордж Гао Science журналына берген сұқбатында былай деді.

"АҚШ пен Еуропаның өрескел қатесі, меніңше, адамдардың маска тақпай жүруі. Адамдар аурудың белгілерін байқамай, сезбей жүре беруі мүмкін. Ал, егер олар маска таққанда вирус тамшылары тарамайтын еді және айналасындағыларға жұқпайтын еді", - деді Гао.

Тағы қорқыныш

Адамдар бір масканы бірнеше рет тағуы мүмкін деген үрей де бар. Я болмаса, адамдар сапасыз материалдан тігілген масканы тағуы мүмкін, я болмаса пайдаланған масканы жуып, қайта сатуы мүмкін. Мысалға, Өзбекстан ІІМ қоқыстан маска жинап отырған азаматқа іздеу салды.

Видео: UzNews 

Қазақстандықтарға маска тағуы керек пе, жоқ па?

Қазақстанның бірнеше өңірінде маска жетпей, тұрғындар маска тіге бастады. Маска тігу жолдары әлеуметтік желіде белсенді тарады және тұрғындар бірнеше рет қолдануға жарайтын маска тікті. 

Ал, маска тағу керек пе, жоқ па деген сұраққа Алматы бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова былай жауап берді.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы ұстанымдары өзгерді және маска тағу - профилактикалық шаралардың бірі. Бірақ, мен эпидемиолог ретінде былай ойлаймын: көшеде ешкіммен сөйлеспесеңіз, қасыңызда адам болмаса, маска тағудың қажеті жоқ. Ал, ғимараттың ішінде, керісінше, маска - коронавирус профилактикасының бірі", - деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети