ПОДЕЛИТЬСЯ
10 февраля 2020 | 17:09
"Aнасы райынан қайтармақ болған". 27 адамды қырып тастаған таиландтық сарбаз
Накхон Ратчасима (Корат) - Таиландтағы көлемі жағынан үшінші ірі қала. 8 ақпанда елдің шығысында орналасқан қалада әскери қызметкер атыс бастады. Сарбаз әскери бөлімнен HamVee жол талғамайтын көлігін айдап кетіп, қаланы аралап, оқ ата бастаған. Қылмыскер сауда үйлерінің біріне тоқтап, сондағы адамдарға да оқ атып, артынша жасырынып қалған. Ресми деректер бойынша, барлығы 27 адам қаза тауып, тағы 57 адам жарақат алған. Бірнеше адамды мерт қылған таи сарбазы кім және оның мақсаты не болды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Накхон Ратчасима (Корат) - Таиландтағы көлемі жағынан үшінші ірі қала. 8 ақпанда елдің шығысында орналасқан қалада әскери қызметкер атыс бастады. Сарбаз әскери бөлімнен HamVee жол талғамайтын көлігін айдап кетіп, қаланы аралап, оқ ата бастаған. Қылмыскер сауда үйлерінің біріне тоқтап, сондағы адамдарға да оқ атып, артынша жасырынып қалған. Ресми деректер бойынша, барлығы 27 адам қаза тауып, тағы 57 адам жарақат алған. Бірнеше адамды мерт қылған таи сарбазы кім және оның мақсаты не болды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Сарбаздың әрекеті қалай өрбіді?
Таиландтық сарбаздың Корат қаласында атыс бастағаны туралы ақпарат БАҚ беттерінде 8 ақпанда сағат 15:20 шамасында пайда болды. Атысты бастаған сарбаз алдымен 12 адамды өлтіріп, артынша Terminal 21 сауда үйінің төртінші қабатында жасырынып қалған. 16 адамды кепілде ұстаған қылмыскер жүрген сауда үйін полиция қоршап, орталық ауданындағы жол-көлік қозғалысы толығымен жабылды.
เหตุทหารคลั่งกราดยิงคนที่โคราช ล่าสุด 19.25 น. คนร้ายหนีขึ้นชั้น 4 ของห้างเทอร์มินอล 21 รัศมีการยิงถึงบิ๊กซีที่อยู่ตรงข้ามกัน ประชาชนแตกตื่นวิ่งหนีตายจ้าละหวั่น#กราดยิงโคราช#savekorat#กราดยิงทั่วเมืองโคราช pic.twitter.com/Fc1stuVMpN
— Thairath_News (@Thairath_News) February 8, 2020
Thai PBS телеарнасының мәліметінше, сарбаз сауда үйіне кірер алдында граната лақтырған. Салдарынан бірнеше адам қаза тауып, жарақат алғандар болған. Сөйтіп, бірінші қабатта өрт басталған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, әскери қызметкер іс-әрекетін Facebook желісіндегі парақшасында таратып отырған. Bangkok Post хабарлауынша, қылмыскер қолындағы қаруымен селфи жасаған. Алайда біраз уақыттан кейін оның парақшасы өшірілген.
Осылайша, атыс бастаған әскери қызметкердің кім екені анықталған. Ол - 34 жастағы (кей деректер бойынша 32 жаста) Чакрапхан Тхомма есімді аға сержант. Хабар тарату кезінде қылмыскер сіңірі тартылып қалғанын айтып, "берілсем бе екен?" деп ойлаған екен. Сонымен қатар, атқыш шаршағанын және саусағын қозғалта алмай жатқанын айтқан.
Билік өкілдері мен халықтың әрекеті
Атыс басталған күні сағат 16:30 шамасында елдің премьер-министрі, генерал Прают Чан-Оча Twitter желісіндегі парақшасында полицияға қылмыскерді жақын арада ұстауға тапсырма берген.
Полиция оның әлі ұсталмағанын айтып, жергілікті халықтан орталық ауданды босатуды сұраған. Артынша Таиландтың Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандардың саны 17-ге жеткенін мәлімдеген. Ал кешке қаза тапқандардың саны 20-ға, зардап шеккендердің саны 31-ге жетті. Елдің денсаулық сақтау министрі Анутхин Чанвиракун қаладағы және көршілес аймақтағы тұрғындардан зардап шеккендерге көмек ретінде қан тапсыруды сұраған.
Біраз уақыттан кейін полицейлер мен арнайы жасақ өкілдері сауда үйінің бірінші қабатына баса-көктеп кіріп, адамдарды құтқару операциясын бастайды. Жасақ өкілдері ондаған адамды құтқарып, оларды медицина қызметкерлеріне табыстаған.
Алайда Чакрапхан Тхомм жасырынған ғимараттың төрт қабатын қарап шыққан арнайы жасақ өкілдері сауда үйінен не қылмыскерді, не кепілдегі адамдарды таба алмаған. Бір сағаттай созылған операция кезінде полицейлер мыңдаған адамды ғимараттан шығарған.
Aнасы райынан қайтармақ болған
Аға сержант Чакрапхан Тхоммның анасы 8 ақпанда кешкі сағат 20:00 шамасында ұлы жасырынып отырған сауда үйіне келген. Ол Terminal 21 ғимаратына келіп, ұлын райынан қайтарып, билікке берілуге көндірмек болған.
"Тхаи Рат ТВ" телеарнасы қылмыскердің әріптесінен сұхбат алған. Ол әріптесін мұндай қадамға не итермелегенінен бейхабар екенін және ол сабырлы әрі мейірбан адам болғанын айтқан. Қылмыскердің туыстары да ол бұған дейін тек жақсы қырымен танылғанын мәлімдеген.
Cарбаз арнайы жасақ өкілдерінен қашып үлгерген
Артынша қылмыскердің сауда үйінен сытылып шыққаны белгілі болған. Бұл туралы "Тхаи Рат ТВ" телеарнасы мәлімдеген. Қылмыскер көпқабатты автотұрақта арнайы жасақ өкілімен қақтығысып қалған. Сөйтіп, ол жақын маңда орналасқан газ баллонына оқ атып, өрт шығарып, қашып үлгерген. Салдарынан арнайы жасақ өкілінің бір қызметкері қаза тауып, тағы біреуі зардап шеккен.
#Breaking #Thailand #Korat: Police says a rogue soldier has killed 12 people in a mass shooting in Nakhon Ratchasima, situation still active. (@SaksithCNA) pic.twitter.com/vP8RU1YoSC
— Atlantide (@Atlantide4world) February 8, 2020
Жергілікті телеарна қылмыскердің әлі Terminal 21 сауда үйінде болуы мүмкін екенін айтқан. Себебі ғимараттан бірнеше атыс дыбысы естілген. Бұл кезде қаза болғандардың саны 25-ке, ал зардап шеккен адамдардың саны 63-ке жеткен еді.
Қылмыскер 9 ақпанда ұсталды
Terminal 21 сауда үйінде адамдарды кепілде ұстап, бірнеше адамның өмірін қиған қылмыскер, аға сержант Чакрапхан Тхомм ақыры 9 ақпанда ұсталған. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны да белгілі болған - қызметтестерімен жанжалдасуы. Бұл туралы Таиланд премьер-министрі, генерал Прают Чан-Оча баспасөз мәслихатында мәлімдеген.
Сондай-ақ, премьер-министр құрлықтағы әскер басшылығымен қайғылы жағдайдың қалай болғанын түсіну үшін осы қақтығыстың мән-жайы әлі зерттелетінін жеткізген. Таиландтағы қайғылы оқиға нәтижесінде 27 адам: арнайы жасақ өкілдері, бейбіт тұрғындар мен қылмыскердің өзі қаза тапқан. Одан бөлек, зардап шеккен 57 адамның 45-і ауруханадан шығарылған.
Показать комментарии
Читайте также