РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 марта 2020 | 10:23

"Адыраспан, айыппұл, шектеулер". Көрші елдер коронавируспен қалай күресіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырған 13 адам бар. Елде төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанға көршілес елдер де қазір пандемиямен күресіп, түрлі шара қолданып жатыр. Tengrinews.kz тілші Қазақстанмен шекаралас елдердегі коронавирус жағдайына шолу жасады.


Қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырған 13 адам бар. Елде төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанға көршілес елдер де қазір пандемиямен күресіп, түрлі шара қолданып жатыр. Tengrinews.kz тілші Қазақстанмен шекаралас елдердегі коронавирус жағдайына шолу жасады.

Қытайда вирус жұқтырғандардың 84 пайызы емделген

Covid-19 коронавирусының ошағы Қытай болғандықтан, бұл пандемиядан ең қатты зардап шеккен - осы ел. Қытай денсаулық сақтау ұлттық комиссиясының соңғы мәліметі бойынша, елде 80 881 адам вирус жұқтырған. 3 226 адам вирустан қайтыс болған.

Бірақ қытайлықтардың бүгінде көбі емделген. Дәлірек айтқанда, бүгінде вирус жұқтырған 68,6 мың адам құлан таза айыққан. 8,9 мың адам әлі емделіп жатыр. Яғни, вирус жұқтырғандардың 83 пайызға жуығы толық емделген.


© Reuters 

Елде коронавирус тарап жатқан соң жыл басында Қытай билігі Хубэйді толық жауып тастаған болатын. Ал Чиби, Эчжоу, Хуанган, Ухан мен Сяньнин қаласында көптеген шектеу қойған еді.

Бірнеше күн бұрын Хубэйде шектеулер сәл азайды. Енді халық биліктің рұқсатымен провинция ішінде жүре алады. Бірақ Хубэй аумағынан шығуға әлі тыйым салынған.

Сонымен қатар, бұл қалада кинотеатрлар, интернет-кафелер, спорт залдары, кітап дүкендері, сәл салондары мен қоғамдық моншалар әлі жабық. Мектептер мен балабақшалар да жұмыс істемейді.

Қытай билігі 26 қаңтарда вирус тарауының алдын алу үшін жыртқыш аңдарды сатуға тыйым салған. Ал 24 ақпанда жыртқыш аңдарды жеуге тыйым салуды жөн деп шешкен.

Ресейде 63 адам коронавирус жұқтырған

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанның солтүстіктегі көршісі Ресейде 93 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Бүгінде төрт адам вирустан толық емделген. 79 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. 

Ресейде төтенше жағдай жарияланбады. Бірақ ел ішінде, әсіресе, Мәскеуде көптеген шектеу қойылды. Мысалы, Мәскеу мэрі Сергей Собянин мектептер мен балабақшаларға баруға міндеттемеді. Яғни, ата-ана қажет деп санаса, баласын мектепке не балабақшаға жібермейді. Ал студенттер бүгіннен бастап онлайн оқуға ауысып жатыр.


© Reuters  

Елде Украина, Молдова, Латвияға жүретін пойыздар шектелген. Беларусь, Грузия, Польша, Норвегиямен де шекара жабылды.

Жексенбіде ел президенті Владимир Путин коронавирус бойынша Мемлекеттік кеңестің жұмыс тобын құрды, оны Собянин басқарады. Үкімет дағдарысқа қарсы жоспар құрып, экономиканы ұстап тұру үшін қордан 300 миллиард рубль бөлген.

Өзбекстанда сегіз вирус жұқтыру дерегі тіркелді

Екі күн бұрын Өзбекстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелген. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметі бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны сегіз адамға жеткен. Адам өлімі жоқ.

Қазір Өзбекстан билігі шекараны жауып жатыр. Тұрғындар елден кете алмай, ал шетелдіктер кіре алмайды. Билік шетелдегі азаматтарын жедел түрде елге қайтарып жатыр.


© Reuters

Барлық мектеп, балабақша мен жоғары оқу орнына үш аптаға карантин жарияланды. Студенттерге теміржол рейстеріне 50 пайыз жеңілдікпен билет ала алады.

Спорттық, діни және мәдени барлық іс-шараға тыйым салынды. Қазақстан секілді Өзбекстанда да биыл Наурыз тойланбайды.

Ал Салық және Бас прокуратураға коронавирус тарап жатқанда бағаның өспеуін бақылауға алу тапсырылған.

Қырғызстанда коронавирус жоқ

Оңтүстіктегі тағы бір көршіміз Қырғызстанда коронавирус дерегі тіркелген жоқ. Қырғыз билігі қазір елде вирус тарамауы үшін сақтық шараларын қолға алған.

Қырғызстанда мектептер мен жоғары оқу орындары жабылған жоқ. Мемлекеттік мекеменің бәрі әдеттегі режим бойынша жұмыс істеп жатыр.

Бірақ елде бұқаралық іс-шаралардың бәріне тыйым салған. Енді эпидемия кезінде спорттық және мәдени іс-шара өткізуге болмайды. Оның ішінде Наурыз мерекесі де бар.


© Reuters

Денсаулық сақтау министрлігі 100-ден көп адам жиналатын орындардың қауіпті екенін айтып, ескерткен. Қазір қоғамдық көліктер дезинфекциялық заттармен тазартылып жатыр.

Бүгінде Қырғызстанда шет елден келгендер арнайы ауруханада не өз үйінде карантинге жатқызылады. Ал карантин ережесін бұзғандар жауапқа тартылады деп ескертті билік.

Түрікменстан коронавирустан адыраспанмен қорғанбақ

Қазақстанмен шекаралас жатқан тағы бір ел - Түрікменстанда да коронавирус анықталмады. Бірақ ел билігі қазір сақтық шарасын күшейткен. Ақпанның аяғында Ауғанстан және Иранмен шекара жабылған. Өзбекстанмен де шекара жабық.

Желіде Түрікменстанның коронавирусқа қарсы шаралары туралы дерек аз. "Хроника" мәліметі бойынша, Ашхабатта медициналық маска таққан әйел жауапқа тартылған. Тағылған айып - үкімет қабылдаған шараларға сенбеу. Оған 249 манат көлемінде айыппұл салынған екен.


© Reuters

РИА Новости мәліметінше, таяуда ел президенті Гурбангулы Бердымухамедов үкімет отырысында коронавирустан адыраспан арқылы қорғануды ұсынған.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, елде мектептер мен басқа да мекемелер жабылмаған. Бірақ олар хлормен дезинфекцияланып тұрады. Сондай-ақ, Түркіменстан астанасында тойлар, спорттық іс-шаралардың бәрі кейінге шегеріліп жатыр. Спортзал, бассейндер жабылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети