РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 мая 2021 | 17:59

58 бала қаза тапқан. Дүние жүзі Израиль мен Палестинаны бітімге шақырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Газа секторындағы жарылыстардан кейін. © Reuters Газа секторындағы жарылыстардан кейін. © Reuters

Tengrinews.kz порталы бұған дейін Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс неден басталғанын, алғашқы шабуылдар туралы жазған. Екі елдің қақтығысы әлі басылмай тұр. Қаза тапқандар саны артып жатыр, ішінде балалар да бар. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасындағы қақтығыс қалай өрбіп жатқанына шолу жасады. 


Tengrinews.kz порталы бұған дейін Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс неден басталғанын, алғашқы шабуылдар туралы жазған. Екі елдің қақтығысы әлі басылмай тұр. Қаза тапқандар саны артып жатыр, ішінде балалар да бар. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасындағы қақтығыс қалай өрбіп жатқанына шолу жасады. 

Израиль ең ірі шабуылын жасады

Times of Israel мәліметінше, 14 мамырға қараған түні Израиль Палестинадағы Газа секторына қақтығыс басталғалы ең ірі шабуылын жасады. Газаның солтүстік бөлігіндегі 150 нысанға 40 минут ішінде 160 ұшақтан 450 зымыран жіберілген. Оған қоса артиллерия мен танк арқылы шабуылдаған.

Израиль әскері Палестинадағы ХАМАС қозғалысы қолданатын тоннельдерді нысанаға алғанын айтты. 

Газа секторы да Израиль аумағына зымыран атқылаған. Бір түнде 220 зымыран жіберілгенімен, оның басым бөлігін қорғаныс жүйесі әуеде жарып тастаған, бірақ бірнешеуі нысанаға дәл жетіпті. 

Кейін Израиль Газа секторындағы халықаралық БАҚ отыратын ғимаратты қиратқан. Кеше де, бүгін де, екі тарап шабуылмен алмасты. Израиль Газа секторындағы 15 шақырым тоннельге зымыран жіберді. Ал Палестина болса, Ашдод қаласын атқылаған. 


© Reuters

Екі ел күн сайын бір-біріне шабуылын тоқтатпай отыр. Кейінгі бір тәулікте Израиль ХАМАС қозғалысының 12 командирінің үйін нысанаға алған. Ал түнде Газа секторынан Израильге қарай 90 зымыран жіберілген. 

Euronews мәліметінше, осы қақтығысқа байланысты Израиль резервте тұрған 9 мың адамды әскерге шақырып, операцияларға дайын екенін мәлімдеген. 


Газа секторындағы жарылыстар. © Reuters

ХАМАС әскери басшыларының үйіне соққы жасалды

Израиль Қорғаныс әскері баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамырда Израиль әскері Газа секторындағы ХАМАС қозғалысы әскери басшыларының үйіне шабуыл жасады.

Алдымен Израильдің әскери-әуе күштері Газа секторындағы ХАМАС саяси бюросы бастығының орынбасары Халил әл-Хайидің үйін нысанаға алған.

ХАМАС "Әл-Фаркаин" батальонының командирі Халед Манамара мен арнайы операциялар штабының бастығы Рейд Саадтың үйі қираған. Соққылар жойғыштар арқылы жасалған.

Қақтығыстан қанша адам көз жұмды?

Палестина денсаулық сақтау министрлігі сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, қақтығыс басталғаннан бері елде 220 адам қаза болған. 

"Қаза тапқан палестиналықтар саны - 220, оның 21-і - Батыс жағалауда, біреуі - Иерусалимде", - делінген хабарламада.

Оның ішінде 198 палестиналық Газа секторында Израиль шабуылынан қаза тапқан. BBC мәліметінше, қаза болғандардың 58-і - балалар.

РИА Новости мәліметінше, Израильде осы қақтығыс салдарынан 10 адам қаза тапқан. 

Палестиналықтар үйін тастап, қашып жатыр

Екі ел арасындағы қақтығыс салдары қарапайым халыққа ауыр соққы болып отыр. Бүгінде палестиналықтар үйін тастап, қашып жатыр.


© Reuters

Бүгінде жүздеген отбасы қауіпсіз жерге қоныс аударған. 


© Reuters

"Біз Газа қаласының Шаджания ауданында тұрамыз, отбасының көбі үйін тастап кетті", - деп келтірді палестиналық журналист Фида әбу Атаның сөзін РИА Новости.


© Reuters

БҰҰ баспасөз қызметінің мәліметінше, қақтығыс басталғалы Палестинада 10 мыңнан аса отбасы үйінен кеткен. 

Палестина қай жағдайда бітімге келуге дайын?

ХАМАС қозғалысы Израильмен келіссөздегі делдалдарға деэскалацияның басты талабы атысты тоқтату екенін хабарлады. Бұл туралы Палестинадан тыс әрекет ететін қозғалыстың саяси бюросының басшысы Халед Машааль айтты.

"Түркия, Катар және Мысыр Газа секторы мен Иерусалимдегі израильдік шабуылдарды тоқтату үшін күш салып жатыр", - деді Машааль Түркияның TRT Arabic телеарнасына.

ХАМАС талаптарында Израиль қауіпсіздік күштерін әл-Ақса мешітінен шығару, онда намаз оқуға еркін баруға мүмкіндік беру, Шейх-Джаррах ауданынан тұрғындарды шығаруды тоқтату және соңғы эскалация кезінде ұсталғандардың бәрін босату туралы айтылған.


© Reuters

Израильдің Ресейдегі елшісі Александр Бен Цви РИА Новостиге берген сұхбатын Израиль тарапы бітімге келуге дайын екенін айтқан.

"Екінші тарап бізге қандай ұсыныс айтады? Отырып, сөйлесуіміз керек... Көршіміз осындай, енді онымен келісуіміз керек", - деді Бен Цви. 

Дүние жүзі бітімге шақырып жатыр

Дүние жүзі елдері мен ұйымдары екі тарапты бітімге келуге шақырып жатыр. РИА Новости мәліметінше, Ресей Израиль мен Палестина келіссөз жүргізетін алаң ретінде Мәскеуді ұсынған. Дәл осындай ұсынысты Қытай да айтыпты, ол келіссөз алаңы ретінде Пекинді атаған.

Еуропа одағы адамдар арасындағы қантөгісті тоқтатып, мәселені дипломатиялық түрде шешу керегін айтқан. Одақтың ресми өкілі Питер Станоның сөзінше, егер екі ел қақтығысты тоқтатса, ешқандай санкция болмайды. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш те екі елді келіссөз жүргізуге шақырды. 

Германия канцлері Ангела Меркель бұл қақтығыста Газа секторын сынға алып, оны лаңкестік шабуыл деп атаған. АҚШ президенті Джо Байден де Палестинаға соққы жасауын тоқтатуды талап еткен. 

Ал Мысыр болса, зардап шеккен палестиналықтарға көөмектесу үшін Газа секторына жақын шекараға 10 жедел жәрдем көлігін жіберген. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети