ПОДЕЛИТЬСЯ
13 апреля 2020 | 15:10
"55 мың адам жұқтырған". Қазақстанмен бір уақытта вирус табылған елдердің қазіргі жағдайы
Осыдан бір ай бұрын, 13 наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелген еді. Бүгінде елде 979 адамнан COVID-19 анықталған. Оның ішінде 110 адам жазылып шықса, 12 адам қайтыс болған. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан секілді наурызда вирус алғаш рет анықталған елдердің қазіргі жағдайына шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Осыдан бір ай бұрын, 13 наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелген еді. Бүгінде елде 979 адамнан COVID-19 анықталған. Оның ішінде 110 адам жазылып шықса, 12 адам қайтыс болған. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан секілді наурызда вирус алғаш рет анықталған елдердің қазіргі жағдайына шолу жасады.
Словакияда бір айда 534 адамнан вирус табылған
Словакияда коронавирус Қазақстаннан бір апта бұрын анықталған. 6 наурызда 52 жастағы ер адамнан COVID-19 табылған. Ол соңғы уақытта шетелге шықпаған, вирусты Венециядан келген ұлынан жұқтырған. Нәтижесінде 7 наурызда сол ер адамның әйелі мен ұлынан вирус анықталды.
13 наурызда, Қазақстанда вирус анықталған күні Словакияда 32 адам COVID-19 жұқтырып, ауруханада жатқан. Ал 22 наурызда елде алғаш рет вирустан айығу дерегі тіркелген. Сол күні бірден 7 адам коронавирустан жазылып шықты.
Ал 1 сәуірде Словакияда алғаш рет коронавирустан бір адам қайтыс болды.
© Reuters
6 сәуірде, вирус анықталған соң тура бір айдан кейінгі жағдай бойынша, Словакияда 534 адамнан коронавирус табылған. Оның 8-і құлан таза айығып шықса, екеуі вирустан көз жұмған.
Бүгінде елде 742 вирус жұқтыру дерегі тіркелген, 23 адам жазылған. Коронавирустан қайтыс болғандар саны өзгермеді.
Молдавада бір айда 27 адам қайтыс болған
Молдавада коронавирус алғаш рет 8 наурызда анықталған. Басында елде вирус баяу тарады. Алғашқы күндері вирус жұқтырғандар санына бір-екі адам ғана қосылып отырды. Кейін вирус жұқтырғандар саны арта бастады.
17 наурызда Молдавада алғаш рет вирустан жазылған адам ауруханадан шығарылды. Бұл кезде елде 30 адам COVID-19 індетімен ауырып жатқан.
Ал келесі күні Молдавада жаңа вирус жұқтыру дерегі тіркелмеген. Бірақ бір адам көз жұмды. Бұл коронавирустан елдегі алғашқы адам өлімі болатын.
© Reuters
Тура бір айдан кейін, 8 сәуірдегі жағдай бойынша, Молдавада 1174 адамнан вирус анықталған. 40 адам індеттен жазылған. Сондай-ақ, 27 адам коронавирустан қайтыс болған.
Бүгінде елде вирус жұқтырғандар саны 1662-ге жетті. 94 адам жазылса, 31 адам көз жұмған.
Болгарияда бір айда 42 адам айықты
Болгарияда да COVID-19 алғаш рет 8 наурызда тіркелген. Сол кезде бірден төрт адамнан вирус анықталған болатын. Елде вирус бірден тарай бастады. Алғашқы адам өлімі төрт күннен соң тіркелген.
Ел тұрғындары вирустан ұзақ уақыт бойы жазылмады. Алғаш рет 21 наурызда үш адам коронавирустан айығып шыққан. Бұл күні елде 163 адам індет жұқтырып, ауырып жатқан.
© Reuters
8 сәуірде, коронавирус алғаш анықталған соң бір айдан кейінгі жағдай бойынша, Болгарияда 593 адамнан вирус табылған. 42 адам жазылған, 24 адам көз жұмған.
Бүгінде Болгарияда тәулігіне орта есеппен 25 жаңа дерек тіркеліп отырады. Қазір елде 675 адам вирустан емделіп жатыр. 68 адам ауруханадан шығарылған. Ал 29 адам қайтыс болған.
Кипрде бір айда 564 адамнан вирус анықталған
Кипрде коронавирус 9 наурызда табылған. Сол кезде екі адамнан вирус анықталған еді. COVID-19 жұқтырғандар саны күн санап арта берді.
22 наурызда Кипрде вирустан жазылғандар мен қайтыс болған адам тіркелді. Сол кезде 95 адам вирус жұқтырған елде үш адам ауруханадан шығарылса, бір адам көз жұмған.
1 сәуірде елде бірден 58 адамнан вирус анықталды. Бұл Кипрдің бір тәуліктегі антирекорды саналады.
© Reuters
9 сәуірде, вирустан анықталғаннан соң бір айдан кейінгі жағдай бойынша, 564 адамнан вирус анықталған. 53 адам құлан таза айықса, 10 адам қайтыс болған.
Ал бүгінде Кипрде 633 вирус жұқтыру дерегі бар, 65 адам ауруханадан шығарылған, 11 адам қайтыс болған.
Түркияда бір айда 55 мыңнан аса адам вирус жұқтырған
Түркияда коронавирус Қазақстаннан сәл ертерек анықталды. 11 наурызда Еуропадан келген қыздан вирус табылғаны хабарланған.
Вирус Түркияда тым жылдам тарай бастады. Екі аптадан кейін елде 2433 адам вирус жұқтырғаны белгілі болды. Салыстыру үшін алсақ, Қазақстанда коронавирус табылған соң екі аптадан кейін 150 адам COVID-19 жұқтырған еді.
25 наурызда алғаш рет Түркияда вирустан айыққандар туралы хабарланды. Сол күні 26 адам ауруханадан шығарылған.
© Reuters
11 сәуірдегі жағдай бойынша, елдегі жағдай мүшкіл. Бүгінде Түркияда 56 956 адамнан коронавирус анықталған. Бір тәуліктің ішінде 4789 адам вирус жұқтырған. Қазіргі уақытта елде 3446 адам вирустан толық айыққан.
Соңғы уақытта Түркияда күн сайын жүзге жуық адам коронавирустан көз жұмып жатыр. Адам өлімі алғаш рет 17 наурызда тіркелген еді. Бүгінде Түркияның 1198 тұрғыны вирустан қайтыс болды.
"Болжамдар қорқынышты". Түркия коронавируспен қалай күресіп жатыр?
Показать комментарии
Читайте также