11 августа 2020 | 12:52

"2,2 миллион адам COVID-19 жұқтырған". Үндістанда коронавирусқа байланысты жағдай қандай?

© Reuters

Үндістан коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша дүние жүзінде үшінші орында тұр. 1,3 миллиард халқы бар елде 11 тамыздағы жағдай бойынша, COVID-19 жұқтырған 2,2 миллион адам анықталған. Үнді елі науқастар саны бойынша үштікке 6 шілдеде кірген. Елдегі қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша дүние жүзінде үшінші орында тұр. 1,3 миллиард халқы бар елде 11 тамыздағы жағдай бойынша, COVID-19 жұқтырған 2,2 миллион адам анықталған. Үнді елі науқастар саны бойынша үштікке 6 шілдеде кірген. Елдегі қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Елде коронавирус қашан анықталды?

Реклама
Реклама

Үндістанда COVID-19 жұқтырған 2,2 миллион адамның 1,5 миллионы аурудан айыққан, 45 353 адам қайтыс болған. Елде алғаш коронавирус 2020 жылдың 30 қаңтарында Керала штаты, Триссур қаласында Уханнан келген үш студенттен анықталған. Алғаш өлім жағдайы 12 наурызда Карнатака штатында тіркелген. Ол - Сауд Аравиясынан келген 76 жастағы ер адам.

Наурызда үнді елінде вирус тарауының негізгі ошағы оңтүстік Делидегі Низамуддин Марказ мешіті болған. Діни шараға 1800 адам жиналған, оның ішінде, 281-і шетелден: Индонезия, Ұлыбритания мен Франциядан келгендер. 31 наурызда шараға қатысқан 300 адамнан жіті респираторлық белгілер, 24 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

© Reuters

24 наурызда Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди 21 күнге жалпыұлттық карантин енгізген. 14 сәуірде Моди карантин режимі 3 мамырға дейін ұзарғанын хабарлаған. Үндістан ІІМ премьердің үндеуінен кейін карантин режимін бұзған кез келген адам заң бойынша бір жылға дейін түрмеге қамалып, айыппұл салынатынын ескерткен. Тіпті сыртта себепсіз жүргендерді полицейлер таяқпен сабаған екен.

Елде карантин жарияланғаннан кейін үрейленіп қалған халық бірден жаппай азық-түлік сатып ала бастаған. 21 наурызда үндістандық Grofers жеткізу қызметі онлайн тапсырыс берудің саны өскенін, елдің барлық штатында азық-түлік пен дезинфекция және гигиеналық заттарды сатып алу күрт ұлғайғанын мәлімдеген.

Ресми деректер бойынша, елде басында COVID-19-ға байланысты жағдай өзге елдерге қарағанда жақсырақ болған. Мысалы 19 наурыздағы жағдай бойынша, Үндістанда бір науқас 1,7 адамға вирус жұқтырған болса, көршілес Қытайда бұл көрсеткіш 2,14, Италияда 2,34, Иранда 2,73 болған. Сарапшылар оған себеп елдегі климаттық жағдай және уақытында қабылданған карантин шаралары болуы мүмкін екенін айтады. Ал басқа біреулері Үндістандағы науқастардың саны ресми мәліметте көрсетілген деректерден көп болуы мүмкін екенін, себебі коронавирусты анықтайтын тест аз өткізілгенін айтқан. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар бойынша атқарушы директоры Майкл Райан Үндістан қара шешек, полиомиелит секілді аурулармен күресте үлкен тәжірибесі көп ел болғандықтан COVID-19-ға қарсы күресуге мүмкіндігі барын айтқан.


© Reuters

Коронавирус кезінде тараған жалған ақпараттар

Коронавирус пандемиясы кезінде әр елде түрлі фейк ақпарат тарағаны анық. Жалған ақпараттар Үндістанда да тараған. Мысалы, елде COVID-19-ды тек ет жейтін адамдар жұқтырады деген сөздер тарай бастаған екен. Осыған байланысты Twitter желісінде #NoMeat_NoCoronaVirus деген хэштег пайда болған. Мұндай қауырт әңгімені азайтып, ет өндірісі сатылымының төмендеуінің алдын алу мақсатында құс өсіретін бірнеше шаруашылық Хайдарабад қаласында жәрмеңке өткізген. Ол жерде шаруашылық өкілдері мен үндістандық мемлекеттік қайраткерлер жұмыртқа мен тауық жамбастарын жеген.

Сонымен қатар, кейбір үндістандық саясаткерлер сиырдың несебі мен нәжісі коронавирус инфекциясынан емдейтінін айтқан. ДДҰ өкілі бұл ұғымды теріске шығарып, жалған ақпарат таратқан саясаткерлерді сынға алған. Сондай-ақ коронавирус пандемиясы кезінде Уттар-Прадеш штатындағы Корауна (Korauna) аулының тұрғындары ауыл атауына байланысты кемсіту болғанын айтып, шағымданған екен.

© Reuters

Үндістанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатыр

Бұл туралы ақпарат шамамен 27 шілдеде тарай бастады. "Известия" мәліметінше, Үндістандағы Сарысу институты (SII) тамызда Covishield тәжірибелік вакцинасын өндірумен айналыса бастайды. Бұл жайлы институт директоры Адар Пунавалла 25 шілдеде мәлімдеген. 

"Миллиондаған дозаны шығара бастаймыз. Тәжірибе сәтті өтсе, жыл соңына дейін жаппай вакцинаны өндіруді жоспарлап отырмыз. Келесі жылдың бірінші тоқсанынан бастап қарапайым тұрғындар вакцина ала алады", - дейді Пунавалла. 

Препарат Оксфорд университетінде және AstraZeneca австриялық компаниясында әзірленген. Пунавалланың айтуынша, алғашында айына вакцинаның 60-70 миллион дозасын өндіріп, сосын оны 100 миллион дозаға ұлғайту жоспарланған. Осылайша, жыл соңына дейін Covishield вакцинасының 300-400 миллион дозасы шығарылуы мүмкін. 

Институт директорының сөзінше, үндістандық өндірушілер вакцинаны қолжетімді, арзан бағада сатады. Сонымен қатар, Үндістаннан бөлек, жағдайы төмен бірнеше елге жеткізу жоспарланған.    


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram