23 октября 2019 | 17:59

Қазақ қыздары неге жиі блефаропластика жасататын болған?

Камила Долаева Корреспондент

Өзіне көңілі толмайтын немесе жастың ұлғаюына байланысты терінің салбырауынан әйел адамдар дискомфорт сезінеді, кейде өзіне деген сенімділікті жоғалтып алғандай да болады. Мұндайда кейбірі косметологиялық немесе хуриргиялық көмекке жүгінеді. Мысалы, солардың бірі блефаропластика, яғни қабақты ашу, оның формасын өзгерту. Блефаропластика деген не? Ол қалай жасалады? Қандай ескертулер бар? Қыздар неге өз келбетінін ұялады? Ол тек хирургиялық жолмен шешіле ме? Бұл туралы Tengrinews.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзіне көңілі толмайтын немесе жастың ұлғаюына байланысты терінің салбырауынан әйел адамдар дискомфорт сезінеді, кейде өзіне деген сенімділікті жоғалтып алғандай да болады. Мұндайда кейбірі косметологиялық немесе хуриргиялық көмекке жүгінеді. Мысалы, солардың бірі блефаропластика, яғни қабақты ашу, оның формасын өзгерту. Блефаропластика деген не? Ол қалай жасалады? Қандай ескертулер бар? Қыздар неге өз келбетінін ұялады? Ол тек хирургиялық жолмен шешіле ме? Бұл туралы Tengrinews.kz материалында.

"Бір айда ісік қайтты"

Реклама
Реклама

19 жастағы Зарема Джумагулова осыдан бірнеше ай бұрын блефаропластика жасатқан. Көзінің қиығы ұнамаған соң, осындай шараға барған екен. Ол қазір келбетіне көңілі толатынын айтады.

"Тойға немесе қандай да бір шараға дайындалғанда бояну қиын болатын. Блефаропластиканы бұрыннан жасатқым келетін, клиниканы да ұзақ іздестірдім, адамдардың түрлі пікірін оқып, жұмыстарды қарадым. Шыны керек, басында қорықтым, екіойлы болдым. "Процедура дұрыс жасалмай немесе маған ұнамай қалса ше?" деген сұрақтар іштей ойымнан кетпеді. Десе де, кейін шешімге келдім", - дейді ол.

Айтуынша, клиникаға бір ай бұрын жазылып, сол бір күнді күткен.

"Дәрігермен алдын ала сөйлестім, қарсы көрсетілім болған жоқ, себебі бұл медициналық емес, косметологиялық процедура болды. Қабақтың блефаропластикасы арнайы жіптермен (сангапуримен) жасалды. Хирургиялық жолмен де жасалады. Бірақ ол ұзағырақ жазылады. Процедураның өзі ауырсынуды басу үшін екпе салғанда және оның күші жойылғаннан кейін ауыртады. Бастапқыда көзді ашу қиын болды, сондай-ақ кішігірім гематомалар болды. Бағасы - 160 мың теңгеге шықты", - дейді Зарема Джумагулова.

Оның айтуынша, блефаропластикадан кейінгі ісік үшінші күннен кейін кете бастаған. Соңғы нәтиже 1-2 айдан кейін көрінеді екен. Зарема екі айдан кейін көзі дұрыс қалыпқа келгенін айтады: бір айда гематома қайтқан, екіншісінде көзі толық ашылған.

Блефаропластика (қабақ пластикасы) - жоғарғы және төменгі қабақтың артық терісін және жарықтарын жоюға бағытталған хирургиялық рәсім.

Ең бастысы - қалпына келу барысы

Ақтөбелік косметолог блефаропластика маманы Арай Ташенованың айтуынша, мұндай косметологиялық шараға негізінен 18 бен 45 жастағы әйел адамдар барады. 

"Көбіне 30 жасқа дейінгі әйелдер жасатады. Олар жоғарғы қабақтың болмауынан немесе көрінбеуінен және терінің салбырап қалуынан қиналады. Барлық қарсы көрсетілім ескерілсе, блефаропластикадан кейін қиындықтар болмауы керек. Ең бастысы қалпына келу барысы. Барлығы жақсы жазылса, мәселе тумайды, оған бір ай керек. Процедурадан кейін бір апта қатаң түрде монша, саунаға баруға тыйым салынады, спортпен айналысуға, ауыр физикалық жаттығу жасауға болмайды", - дейді ол. 

Блефаропластика іс жүзінде жас мөлшерін шектемейді екен. Дегенмен, бірқатар қарсы көрсетілімдер бар: ауыр жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті, қан аурулары, астма және басқалары. Сонымен қатар, жүкті және бала емізетін әйелдерге жасатуға болмайды.

Арай Ташенова Ақтөбеде блефаропластика жасату құны орташа есеппен 70 мың теңге екенін айтады. 

Қыздар неге өз түр-әлпетінен ұялады?

Психолог Жанат Біржанова бұған психологиялық және әлеуметтік фактор әсер ететінін айтады.

"Психологиялық фактор бала кезден қалыптасады. Ол көбіне әкеге байланысты, себебі қыз өмірінде, өзін-өзі бағалай білуді үйренуде әкесінің рөлі ерекше. Ол өзінің емес өгей де болуы мүмкін. Ата-анасының махаббатына бөленген, әдемі болып өсіп келе жатқанын естіген қыз өзіне сенімді болып бойжетеді. Онда "менде бәрі жақсы", "менде бәрі ойдағыдай" деген ой қалыптасады", - дейді ол.

Ал керісінше болса, комплекстер пайда болып, қыз шынымен де өзін басқадан кем, әдемі емес деп санауы мүмкін екен. Маманның айтуынша, ондай қыз ұнамайтын жерін өзгерткісі келіп тұрады, содан түрлі  процедураға жүгінеді.

"Жасатқаннан кейін бәрі жақсы болып кетеді, оған көбірек көңіл бөлінеді деп ойлайды. Бірақ бұл қате түсінік, ол үнемі қыздың өзегін өртейді де тұрады. Көбіне адамдар өз-өзін қабылдамайды және барлығына бірдей жағамын деп ойлайды. Бірақ ол ұнамайтын жеріне ота жасатса да, оны ұната қоймайтын адамның табылатынын түсіне бермеді", - дейді Жанат Біржанова.

Екінші әлеуметтік фактор - сән әлемі

"Әлбетте жылтыр журнал беттеріндегі әдемі қыздар, танымал адамдардың әлеуметтік желілердегі өңделген суреттері әсерін тигізеді. Қыздар қоғамның қойған "талаптарына" сай болу керек, соларға ұқсау керек деп ойлайды. Негізінде олай емес, өз-өзіңді қабылдауға болады", - дейді психолог. 

Түр-әлпетіңнен ұялу - өз-өзіңді төмен бағалауға алып келеді. Осыдан қыз өзгертуі керек дене мүшесін іздей бастайтын көрінеді. 

"Бұл тоқтаусыз ота жасата беруге алып келуі мүмкін. Күтіну мен туғаннан берілген келбетіңді өзгерту екі бөлек жағдай. Клиенттерімнің арасында бір мүшесіне 5-6 рет ота жасатқан адамдар бар. Мысалы, мұрын немесе құлақ формасы, кеудесі я болмаса иегін ұнатпайтын адам, оны өзгерткен соң да кері байланыс алмаса, басқалардан махаббат сезбесе, өзін-өзі қанағаттандырмаса, қайта-қайта ота жасата бергісі келеді", - дейді ол. 

Түр-әлпетіңді қабылдау деген не?

Жанат Біржанованың айтуынша, ұялмау үшін психотерапевт көмегіне жүгіну керек және өз-өзіңмен жұмыс істеуің керек.  

"Түр-әлпетіңді қабылдау деген не? Ол өзіңді жақсы көретін ата-ана болу. Ондай адам ешқашан "пластика жасат", "сенің бір жерің дұрыс емес" деп айтпайды. Ол "барлығы жақсы, әрине кемшіліктер болса да, адамдар сені басқа қасиеттерің үшін, ішкі дүниең, иісің не болмаса сөйлеу мәнерің үшін жақсы көреді" деп айтады. Мұнда мәселе өз-өзіңді қабылдамауда. Өмірді күрделендіре бермеу керек. Қыз өзіне қалай қараса, басқалар да оған солай қарайды", - дейді психолог.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram