РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 февраля 2019 | 20:00

"Бұл хайп емес" - Подиумға кеудесі ашық киім киіп шыққан астаналық модель

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Подиумға кеудесі ашық киім шығып, жұрттың сынына ұшыраған, кейін сүйіктісінен соққы көрген астаналық модель Динагүл Тасова "хайп" жинап жүрсің" дейтіндердің сөзіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Подиумға кеудесі ашық киім шығып, жұрттың сынына ұшыраған, кейін сүйіктісінен соққы көрген астаналық модель Динагүл Тасова "хайп" жинап жүрсің" дейтіндердің сөзіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында айтты. Ол мамандығы бойынша журналист екен.

"Модельдік жағын игеріп алған соң өзім қоғамдық жұмысқа араласқым келді. Мамандығым бойынша журналиспін. Журналист болып та бір жыл жұмыс істедім. Соңында түсінгенім, модельдік жағынан көп ұсыныс түсті. Сол ұсыныстың арқасында осы салаға кетуге бел будым. Мен шын мәнінде де қоғамдық жұмысқа араластым, бұл хайп емес. Біз бір-бірімізді ол жерде депутат деп атаймыз. Көпбалалы отбасыларға, жағдайы төмен жанұяларға барып көмектесеміз", - дейді ол.

Алайда ол өзінің ешқандай да мемлекеттік құрылымда депутат емес екенін, тек өзі мүше болған қоғамдық қорда бір-бірін депутат деп атайтынын түсіндірді.

Сонымен қатар, модель подиумға шығатын киімін көргендегі пікірін айтты.

"Бізге мұның тек сахналық образ екенін айтты. Осылайша бізге сол киіммен топлес шығасың деді. Сосын бұл көрмеге мен ғана бұлай шыққаным жоқ. Бірнеше қыз болдық. Сахнаға шыққан кезде кішкене қорқынышым болды, бірақ адамдар жылы қабылдап жатқан соң батылырақ болдым", - дейді ол.

Бұған дейін берген сұхбатында модель көпшіліктің өзін жеңілтек қыз деп ойлайтынын айтып берген еді. 

"Ешкім де модель ретінде көргісі келмейді. Проблема осында. Біздің халық fashion-индустрияға дайын емес", - деді ол. Оның толық сұхбатын мына сілтемеден оқи аласыздар. Оқиғадан кейін ол сүйікті жігітінен соққы көргенін мәлімдеп, суретін жариялаған болатын.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасында бүгін "Атақ па, шатақ па?" тақырыбы қозғалған. Сәрсенбілік бағдарламаға әлеуметтік желіде жұлдызы жанған жандар келді. Жақында автобусты тоқтатып қойып, аяқ киімінің бауын байлаған Азамат Өмірханұлы Instagram желісінде біраз дауға қалған еді. Негізінде ол тоқтап тұрған автобусқа видео түсірдім деп ақталды. Алайда ол ақталғанымен, оның басқа да видеолары жетерлік. Көрермендер арасынан оны даттағандар да табылды. Видеолар желіде қандай жолмен тараса да, әнші, аспаз Оразбай Сайлаубай болса "халыққа жағымды" образда да танымал болуға мүмкіндік бар екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети