ПОДЕЛИТЬСЯ
07 декабря 2021 | 12:21
"ВОЗхитительный құда". Қазақ ақынымен құдаласқан ДДСҰ басшысы туралы Қазнет қалай әзілдеп жатыр?
Кешеден бері қазақстандықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың шапан киіп, қазақша сөйлегенін талқылап жатыр. Ол ақын Жүрсін Ерманның құдасы болып шықты. Бұл жайтқа байланысты Қазнеттегілер түрлі әзіл жазып, мем жариялаған. Tengrinews.kz тілшісі осы жағдайға қатысты мемдерді жинап шықты.

Facebook қолданушысы Тедрос Адханом Гебрейесустің құда екенін пайдаланып, Қазақстанға Pfizer вакцинасын көбірек жеткізу керек деп әзілдеген.
"Енді киіт ретінде жаңа құдамыз Pfizer вакцинасынан көбірек жіберсе екен", - деп қалжыңдаған.
Ал тағы бірі Жүрсін Ерманды денсаулық сақтау министрі етіп тағайындау керек депті.
Енді Қазнеттегілер Тедрос Адханомды "ВОЗхитительный құда" деп атапты.
Тағы бірі ДДСҰ басшысы қазақ салтын сақтап, құйрық-бауыр жеді ме деп алаңдап отыр.
Пандемиямен күресіп жатқан құдасы бар Жүрсін Ерманды қазақстандық антиваксерлермен күресуге шақырғандар да бар.
Тағы бір қолданушы қазақтардың танысы бүкіл жерде бар екеніне аң-таң.
"ДДСҰ-дан таныс бар" деп, енді НАТО-дан құда іздеуге көшкендер де бар.
Бұл - ДДСҰ-ның жаңа "логотипі". Қазнет қолданушылары бүгінгі жағдайдан кейін ДДСҰ логотипіне домбыра суретін бейнелеген.
Кейбірі Тедрос Адханомның қазақша сөйлегеніне риза болған, сол үшін оның қазақстандық келінін мақтап жатыр.
"Қызымыз текті жерге барды" деп әзілдеген кейбірі.
Шапан киген ДДСҰ басшысын көргенде актер Николас Кейджді еске түсіргендер де бар.
Бұл әзілді түсіндірудің де керегі жоқ, бүгінен бастап "ДДСҰ - біздікі".
Еске салайық, бұған дейін Tengrinews.kz тілшісі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманға хабарласып, ДДСҰ басшысымен қалай құда болғанын сұраған еді.
Показать комментарии
Читайте также