03 июля 2021 | 12:15

"Вакцина салмаса, түрмеден шығарып жіберуі мүмкін". Қазақстандықтар екпе туралы қалай әзілдеп жатыр?

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина тақырыбы әлі де өзекті. 2 шілдеден бастап барлық қызметкері вакцина салдыруы тиіс нысандардың кеңейтілген тізімі күшіне енді. Тізбеге базарлар, сұлулық салондары, дәмханалар, мейрамханалар, қызмет көрсету нысандары және халық баратын басқа да орындар кірді. Tengrinews.kz тілшісі осы мәселеге байланысты Желідегі әзілдер топтамасын жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина тақырыбы әлі де өзекті. 2 шілдеден бастап барлық қызметкері вакцина салдыруы тиіс нысандардың кеңейтілген тізімі күшіне енді. Тізбеге базарлар, сұлулық салондары, дәмханалар, мейрамханалар, қызмет көрсету нысандары және халық баратын басқа да орындар кірді. Tengrinews.kz тілшісі осы мәселеге байланысты Желідегі әзілдер топтамасын жасады. 

29 маусымда премьер-министр Асқар Мамин кей салаға міндетті вакциналауды енгізу керегін айтқан болатын. Мамин еңбек ұжымдарына қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакциналауды енгізу керегін жеткізді. 

Реклама
Реклама

Ал шілденің ортасынан бастап вакцина алмаған қызметкердің жұмыс істеуіне рұқсат берген басшыларға 1,5 миллион теңге айыппұл салынады. Қызметкердің өзі кем дегенде 15 мың теңге төлеуі мүмкін. 

Сонымен қатар, қазақстандық жоғары оқу орындары студенттер арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастайды. БҒМ мәліметінше, COVID–19-ға қарсы екпе алған студенттер жоғары оқу орындарының мүмкіндіктеріне байланысты оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлыққа ие болады. 

Вакцина салу кейінге қалатын жағдайлар да бар. Яғни аллергиясы бар барлық адам вакцина салдыруды кейінге қалдыра алады. 

Жақында бірнеше қалада вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойнатылатыны хабарланған болатын. Оның ішінде, түрлі тұрмыстық техника, пәтер тіпті шетелге жолдама да бар. Бұл мәселе бойынша әзілдер топтамасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар. 

Вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істейді. Алайда бұл тек алматылықтарға қатысты. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтқан болатын. Оның айтуынша, қызметкерлері толықтай вакцина салдырған болса кеңселер бұрынғыдай жұмыс істей алады.

Ал жүкті әйелдерге вакцина салуға әзірге рұқсат берілмей отыр. Себебі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, жүкті әйелдерге вакцина салу туралы бұйрық келмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram