16 мая 2018 | 19:52

"Үйленейін десем миллион теңге қалың мал сұрады"

Иллюстрациялық сурет

Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Қалың мал: салт па, сауда ма?" тақырыбы қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Қалың мал: салт па, сауда ма?" тақырыбы қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама қонағы Еркеғали есімді 22 жастағы жігіт бос уақытында той жүргізіп, қосымша табыс тауып жүрген соң осы жаздан қалмай үйленгісі келетінін айтады. Жігіттің мамандығы - ветеринарлық санитария. Алайда сүйікті қызы отбасын құру үшін 800 мың тенге керек екенін айтқан.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта жігіт сүйген жарына қол жеткізу үшін бар күшімді салып, ақша жинап қызымның алдына сұраған қалың малын апарамын дейді.

Эфир барысында Еркеғалидің болашақ жары Перизат хабарласып, ата-анасы расында 800 мың тенге әкел деп айтқанын растады.

Қызылорданың тумасы Еркеғалидің болашақ жарының айтуынша, ол қызыл дипломмен бітірейін деп жатқанын әрі медицина маманы қымбат тұратынын айтып, осы жағынан қарастыру керек деп ашығын айтты. 

Сонымен қатар, студия қонақтарының арасында қызға әкелген қалың мал жасауына кетеді деген қызу пікірлер де болды.

Одан бөлек, қазақ эстрадасының әншісі, отбасын құрмаған 40 жастағы Бауыржан Нарымбетов мен отбасын құрған жағдайда қыздың алдына қалың мал апармаймын, ол нағыз жанып тұрған сауда емес пе деп ашуланды.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Оқи отырыңыз: 

Қалың мал - құнығу, ал қыз алып қашу - қылмыс па?

Қалыңдық көйлегінің құпиясы немесе биылғы басты трендтер

"Танымал адамдар, тікұшақ пен түйе". Қазақ тойындағы трендтер

Қыз жасауы. Мамандар ата дәстүрдің бүгінгі шығынын есептеді


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram